Басы » Tәрбие сағаттары » Әйел – ана, әйел – батыр, әйел — жар!

Әйел – ана, әйел – батыр, әйел — жар!

 Кудайбердиева Гульфайрус Жубановна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

технология пәнінің оқытушысы

Тәрбие сағатының  тақырыбы: «Әйел – ана, әйел – батыр, әйел — жар!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Әйел-ананың қоғамдағы, өмірдегі орны мен рөлінің ерекшелігін білім алушыларға ұғындыру. Білімалушылардыадамгершілік сезімменқалыптастыруға, салт – дәстүрді еске ала отырыпболашақ ұрпағымызды тәрбиелеуге шақыру.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

Тәрбие сағатының тақырыбы, сахнаны безендіру.Әйел – ана жайлы ұлағатты сөздер.

Тәрбие сағатының өтілу әдісі: Сайыс түрінде

Жүргізуші: Құрметті оқытушылар, студенттер, қатысушылар«Әйел – ана, әйел – батыр, әйел — жар!»тақырыбындағы сайысымызға қош келдініздер!

 

  • Білесіздер ма дүниедегі ең сұлу кім?
  • Дүниедегі ең сұлу-ол қазақ әйелі, ана!
  • Неге?
  • Әйел-бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең асыл, ең ізгі адам.
  • Әйел -бар тілегін, арманын перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейрімді жан.
  • Әйел -бақытты некені ерінің талайынан күткен әлемдегі ең адал жандар.
  • Ұлттың ұйытқысы
  • Ұрпақтың анасы

 

Иә, бүгін мактасақ-барлыгын жеңетін, тіршіліктің бұлағы әйел –ананы мақтайық.

Оның алдында ажал да бас иетін әйелді ендеше батыр деп дәріптейік.

Ханды да, дананы да, батырды да өміргеәкелгенәйелді – асыл жар деп атайық. Бізге қажымас қайрат беретін – Әйел анаға  бас иейік!

Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымды СТА – 11 тобның студенттерінің қатысуымен «Әйел – ана, әйел – батыр, әйел — жар!» тақырыбында сайыс өткізгелі отырмыз.Бұл тақырыпты алудағы мақсатым Әйел анаға қандай теңеу, қандай мадақ, мақтау айтсақта тең келетінін айта отырып, осындай өздерініздің струденттеріңіз, үйлерінде  балапандарының анасы, отбасының ұйтқысы болып бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге өз үлестерін қоса отырып,осындай қасиетті білім ордасында білім алып та үлгеріп жүрген СТА – 11 тобының студенттерінің білім, іскерлік, өнер шеберліктерін сынай отыра білімдерін шыңдау болып табылады.

Алдымен  қатысушыларымыздың  ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ-қазы алқасын сайлап  алайық:

 

Жоспар:

  1. «Сәлем – сөздің анасы» ( таныстыру)
  2. Менің өнерім және шеберлігім( шығармашылық жұмыстарын қорғайды)
  • Мың бір мақал ( мақалдың жалғасын табу)
  1. “Анакөрген тон пішер” (Қолөнерсайысы)
  2. Әйел – ана, әйел – батыр, әйел — жар!( Эссе )
  3. Білгенгемаржан (сұрақ-жауап)

 

I.Сайысымыздың бірінші шарты «Сәлем – сөздің анасы» деп аталады,сайысқа қатысушыларымыз өз – өздерін таныстырады. Әрбір қатысушы өздерін ( ән, өлең, жыр)   таныстырады.

 

II.Сайысымыздың екінші шарты Менің өнерім және шеберлігім деп

аталады,«Шебердің – қолы алтын» дейді атам қазақ. Сөзге де, ас мәзіріне де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның қолөнері. Бұл бөлімнің шарты бойынша қатысушыларымыз өздерінің қолөнер шеберліктерін көрсетеді. (көрме материалдарын ұсынады)

 

  • Ата — дәстүр абырой көтергенге,
    О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
    Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
    Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге. — деп «Мың бір мақал» кезегіне береміз. Бөлім шарты бойынша жасырылған мақал  мәтелдердің жалғасын табамыз.

 

  1. Келіні жақсының керегесі алтын.
  2. Жақсы әйелдің қолы ұзын,

Жаман әйелдің тілі ұзын.

  1. Еркек — үйдің егесі

Әйел — үйдің шегесі.

  1. Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
  2. Жықсы әйел – ырыс, жаман – әйел ұрыс.
  3. Ердің жақсысы елімен ойласады,

Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.

  1. Анадан өнеге көрмген қыз жаман,

Атадан тағылым алмаған ұл жаман.

  1. Жақсы әйел – жаман еркектің басын төрге сүйрейді,

Жаман әйел – жақсы еркектің басын көрге сүйрейді.

 

  1. Ұрпаққа мұра қолөнер. Қолөнер өресі биік өрісі кең өнерКешегі ата-баба мұраларын қолымызға алып, еске алып оны ұмыттырмау парызымыз, дамытып өркендету міндетіміз деп білем. Сондықтанда сайысымыздың төртінші бөлімі бойынша қатысушыларымызға ұршықпен шүйкеленген жүн беріледі, жіп иіру әдісін көрсетеді және әділ-қазыларымыз иірілген жіптерінің сапасына қарай бағалайды.
  2. Әйел – ана, әйел – батыр, әйел — жар!кезегінде берілген  тақырып бойынша эссе жазып қорғайды.
  3. Сұрақ – жауап.

Аналар бұл – ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйді арманысың.

Дәл қазір алдымызда сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, — дей келе сіздерді сұрақ  — жауап бөліміне шақырамын. Ендеше Мен қойған сұрақтарға жауап беріп көріңіздер. Әрбір қатысушыға жеке – жеке сұрақтар қоям мұқият боламыз!

 

I   

  1. Қазақ халқының тарихында халықтың құрметіне бөлінген, ақылына көркі сай ару қыздарды атаңыз? (Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Күләш Бәйсейтова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова)
  2. Қазақ қызының ұлттық киімін атаңыз? (көйлек, сәукеле, тақия, желетке, ішік, белдік, етік, кеудеше, т.б.)
  3. Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады. ( бес бұрыш )
  4. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
  5. Бала туралы бір мақал айтыңыз.
  6. 6. Жарысқазан деген қандай ырым. Әйелдер босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл желпі тамақ істеп оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып «жарысады». Халық ұғымы бойынша туатын бала «жарысқазанға» қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.
  7. Түндік дегеніміз не? (Шаңырақ үстінен жабылатын төрбұрышты киіз)
  8. Адалбақандегенімізне? (ертедегікиімілетінағаш)
  9. 6×6 нешеге тең (36)
  10. Қонақтың түрлерін ата. (Арнайықонақ, құдайықонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
  11. Жолмақсатыне? (Жолмақсатыжету)

    II

  12. Қыз балаларға арналған атауларды атаңыз? (қыз, бойжеткен, келіншек, әйел, жар, ана, апа, әже, қарындас, сіңлі)
  13. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? (Ақша кітап ішінде еді)
  14. Еңліктің серігі? (Кебек)
  15. Бастаңғы (салт) – қандай салт? жастар «бастаңғы» депаталатынтамақістеп бас қосады. Үйдіңүлкендеріжолжүріпкеткендеауылжастарысолүйгежиналып, жолаушылардыңжолда басы ауырмасын, бастаңғыжасадейді. Оның мәні – жастардыңсолүйдеойын – сауықжасап бас қосуы.
  16. Жеңге туралы бір мақал айтыныз.
  17. Үшарсыздыата. ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
  18. Сонар сөзіқайкәсіпкебайланыстықолданылады? (аңшылық)
  19. Киізүйдіңқанатықаншаболады? (3қанаттан бастап 12 қанатқадейінболады)
  20. 5×9 нешеге тең ( 45 )
  21. Бөстекдегеніміз не? (Малдың не аңныңиленгенжұмсақтерісінекиізденастарсалыпжасалғантөсеніш)

 

III

  1. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын атаңыз? (шолпы, шашбау, сырға, білезік, жүзік, шашқап, шоқ, шаштеңге, үкі, күміс түйме, балдақты сақина, қобдиша, талмоншақ, қолазы, маңдайша, т.б.)
  2. Қыздың бойына тән қылықтарын атап көрсетіңіз? (нәзіктік, сұлулық, сыпайылық, әдемілік, рухани байлық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, инабаттылық)
  3. Ою өрнектің түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
  4. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.
  5. Төлегенніңсерігі? (Жібек)
  6. Табалдырық аттауҰл жақтың адамдары қыз жаққа құда түсе келгенде, қыздың жеңгелері құдаларды үйге кіргізбей табалдырық аттатпай тосып алады да, «табалдырық аттар бер» деп кәде сұрайды. Дайындалып келген құдалар көйлек-көншек, не ақша беріп, табалдырық кәдесін өтеп барып үйге кіреді, төрге шығады. Оны қазақкәдесінде «табалдырықаттау» депатайды.
  7. Қандайжілікқызбалағақойылмайды? (кәріжілік)
  8. Мақалды түсіндір, « жаманатқа жал бітсе, жанынаторсықбайлатпас » ( тәкапарлықмінез қалыптасу)
  9. 7×7 нешеге тең ( 49 )
  10. Ерулікдегеніміз не? (Басқажерденкөшіпкелгенадамды көршілерінің қонаққашақырып ас беруі.)

 

Жүргізіші:         « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — демекші, сайыс болған жерде алға озып шығу барда, кейінде қалу бар. Бүгінгі сайыста сынға түскен қатысушыларымыздың бәріде шетінен көріктіде ақылды, білімді де өнерлі екенін байқадық . Ендеше әділқазыларға сөз кезегін береміз.Осымен  «Әйел – ана, әйел – батыр, әйел — жар!» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Жүлдегерлерімізді марапаттау

Жақсы күндерде жолыққанша!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *