Басы » Бастауыш сыныптар » Ии дыбысы мен әрпі

Ии дыбысы мен әрпі

 

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Ақтөбе аулы

№ 109 орта мектеп

 Ақынбекова Нұрбибі Ғалиқызы

Сыныбы: 1 «Б»
Оқытушы: Ақынбекова Нұрбибі
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ии дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:  
А) Білімділік: Оқушыларға Ии дыбысы мен әрпін таныстыру, Йй мен Ии дыбыстарының айырмашылығын түсіндіру, И әрпіне берілген сөздер мен мәтінді меңгерту, сөздерді жіктей алуға   үйрету.
Ә) Тәрбиелік: Адамгершілік, ақыл-ой, экологиялық, еңбек тәрбиесіне баулу.
Б) Дамытушылық: Сөздік қорын ұлғайту, сауатты жазуға,мәнерлі оқуға қалыптастыру, ақыл-ой шапшаңдығын, коммуникативті құзіреттілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Оқыту технологиясы: ДОТ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдістері: ДОТ-ның элементтері, түсіндіру, әңгіме, «Сиқырлы алма ағашы» ойыны, Ақыл-ой Одессиясы бағдарламасының «Ұшқыр ой» әдісі, МОТ-ның «Мәтін құра»  оқыта үйрету ойыны
Бақылау, бағалау құрал-жабдықтары: ·        Сиқырлы алма ағашы:

Қызыл алма-сабақтан көтеріңкі көңілмен,

Көк алма- жабырқаулы көңілмен

Көрнекіліктер: Оқулықтар, презентация,суреттер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.     «Әліппе» оқулығы Ш.Әуелбаев,Ә. Наурызбаев, т.б. Алматы, Атамұра 2012.

2.     М.М.Жанпейісова. МОТоқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы,2002 ж.

3.      «Кәсіптік мектеп»журналы №3, 2009ж.

4.     «Бастауыш сыныпта оқыту» журналы, 2.2011ж.

 

        Сабақтың барысы:

I.Кіріспе-қызықтырушылық кезең

  1. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Күлім қағып қолымды,

Бір-екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы сөзбенен

Маңдайынан сыйпайын,

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

 

  1. Өткенді еске түсіру

 

«Сиқырлы алма ағашы» ойыны

 -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз

-Күзде қандай өзгерістер болады.

-жапырақтар түседі, жемістер піседі.

-Ендеше балалар біздің бағымыздағы алмалар да пісіп, жерге түскелі тұр.

-Оны алу үшін алмалардың сендерге қояр сұрағы бар?

-Қане,кім жауап береді?

  1. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
  2. «Әтеш» сөзінде неше буын бар?

3.Е, І, Ә дыбыстары дыбыстың қай түріне жатады?

  1. Біз қандай дауысты дыбыстармен таныстық?

 

  1. Танымдық-операционалдық кезең
  2. Жаңа сабаққа кіріспе
  • 1) Жұмбақ жасыру
    — Өзі төрт қанатты,
    Және алты аяқты,
    Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды. (инелік)
    — Тұмсығына жібін байлап
    Сүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты,
    Бүтіндейді жыртықты. (ине)
  • — Ине, инелік сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
    — И дыбысынан басталып тұр
    — И дыбысын айтып көрейік
    — И — и — и
    — Қалай айтылады?
    — Созылып айтылады.
    — Созылып айтса қандай дыбыс болады?
    — Дауысты дыбыс.
    — И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
    — И дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

И-не-лік сөзіне дыбыстық талдау жасату.

  • -И дыбысынан басталған сыныбымызда оқушы бар ма?

-Инабат
— Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық?
— Й әрпімен таныстық
— И және Й әріптерінің айырмашылығын түсіндіру.

            Анықтама

И дауысты дыбыс. Айтқанда созылып айтылады. Еркін айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.

Й дауыссыз. Айтқанда кедергіге ұшырап қысқа айтылады. Көк текшемен белгілейміз.

«Ұшқыр ой» ойыны

И әрпіне сөз ойлап табу

Шарты: Бірнеше суреттер ұсынылады. Суретке қарап сөз құрайды.

И дыбысы сөздің басында кездесетін, ортасында кездесетін, аяғында кездесетін сөздерді таба отырып суретті орналастыру.

Түйін: Оқушылардың ойы ұшқырланып, сөздік қоры молаятын болады.

Сергіту сәті

Инелік-ау, инелік,

Қаша берме именіп.

Түспей-ақ қой торыма,

Қоншы келіп қолыма.

Анықтап бір қарайын,

Суретіңді салайын.

  1. Жаңа сабақты меңгерту

А) Оқулықпен жұмыс

Сөздерді жеке-жеке оқытып шығу.

«Мәтін құра» оқыта үйрету ойыны

Шарты: Ит туралы суреттер ілінеді. Суретке қарап балалар ауызша әңгіме құрайды. Құраған әңгімелерін жинақтай отырып, оқулықтағы мәтінмен танысып, салыстырады.

Түйін: Оқушыларға дайын мәтінді оқытып, талдаудан бұрын, алдымен өз ойларынан мәтін құрауға дағдыландырамыз. Ой-өрісі, танымы кеңейетін болады. Коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасады.

  Ә) Тақтамен жұмыс

* Ауада Ии әрпін саламыз.

*  И и әрпін тақтаға салып көрсетемін.

Тақтаға Исатай, ит, шие сөздерін жаздырамын.

*Балалар дәптерлеріне Ии әрпін жазып алып, дәптермен жұмыс жасайды.

Сергіту сәті

Мынау менің – жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым- ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің- оң қолым,

Мынау менің- сол қолым,

Барлық істі атқарған.

III. Рефлексия-бақылау кезеңі

  1. Қорытынды

Сиқырлы алма ағашы

(Өзін-өзі бағалау)

Оқушылар ағашқа алдарында тұрған 2 алманың бірін ілу арқылы өздерінің сабақты қалай меңгергенін, алған әсерін көрсетеді. Қызыл алма – «өте жақсы» меңгеру, көк алма— «жеткілікті түрде меңгермеуді» білдіреді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *