Басы » Tәрбие сағаттары » Құстар – біздің досымыз

Құстар – біздің досымыз

Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз ауданы

«Сары – Арқа жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Абилмажина Арай  Азатбековна

Сабақтың тақырыбы:Құстар – біздің досымыз

Сабақтың мақсаты:

      Білімділігі:

Оқушыларға құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Құстардың түрі,тіршілігі туралы білімдерін дамыту,ата —

бабамыздың құстарды қалай қастерлеп құрметтегені  туралы айтып ой – өрістерін дамыту.

Тәрбиелілігі:

Құстарға қамқор болуға,қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:құстардың суреттері,буклеттер,сөзжұмбақ,қанатты сөздер,слайд.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар,1 наурыз алғыс айту күніне байланысты «Жүректен жүрекке» ойынын ойнайық.

Бір бірімізге жүрегімізден шыққан жақсы тілектер тілейік.

II.Шығармашылық жұмыс:

-Енді сөзжұмбақ шешеміз,ол үшін мына жұмбақтардың жауабын табу керек:

1)Биікте ұшып жүреді,                                   2)Ұшқаны қызық жалпылдап

Түлкі,қоян бүреді.                                          Өзі сондай қарқылдақ.

Қия таста ұясы,                                                                                (Қарға)

Бұл құсты кім біледі?

(Бүркіт)

3)Ақ сарайын талқандап,                                4)Алмас — алмас күшті аңды

Шықты біреу талтаңдап.                                 Аулар – аулар тышқанды.

(Балапан)                                                                   (Ителгі)

5)Айдын судың түлегі,                                    6)Көкте ұшады тізіліп,

Шабақ іліп жүреді.                                              Біз қараймыз қызығып.

(Шағала)                                                                    (Тырналар)

7)Көктемде ерте келетін,

Біз ұя жасап беретін.

Ол қандай құс балалар?

(Қараторғай)

-Сонымен сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?

-Табиғат.

-Балалар «табиғат» дегенде сендердің ойларыңа не келеді?

Табиғат

құстар                                                                                                  жер

аңдар                                                                                                 орман

су                                                                                                         адам

өсімдік

Табиғатты құрайтын жанды тіршілік иесінің бірі – құстар.Құстар – таби-ғаттың әні мен сәні.

Табиғат,қандай сұлу,қандай көркем,

Мамырда жасанады гүлдеп ертең.

Сылдырлап бұлақ ағып сай – саладан,

Ағаштар жапырақ жайып,қыр көгерген.

Ол  — халық қазынасы.Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты,күш – қуатты,бар игілік пен жақсылықты табиғаттан алады.

-Көктем айларын атайықшы.(Наурыз,сәуір,мамыр)

Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Көктем

Мал төлдейді                                                                                   құстар оралады

Күн ұзарады                                                                              қар ериді

Ағаштар бүр                                                                             күн жылынады

жарады

Келіпті көктем ,

Көрікті неткен!

Тал бүрлеп өскен,

Күн нұрын төккен.

Көктем құс тіршілігінің бас тәрізді,өйткені,ол жаңадан ұя салады , жұ-мыртқалайды ,балапан шығарады.

III.Негізгі бөлім

Елімізде 500 – ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері.Тіршілік иелері.Ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып жауларынан қорғайды.

Құстар табиғатқа сән береді.Әуелі табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл – күйін көтереді.

Жыл құстары дегеніміз – салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп,көктемде қайта ұшып келетін құстар.

Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді.Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар.Әр құстың өз «кәсібі» бар.Біреулері ән айтса, екіншілері құрылысшы,ал кейбіреулері табиғат емшілері болып табыла-ды.Көптеген құстар ежелден қолға үйретіліп,үй хайуа-наттары қатарына қосылған.

Бозторғайлар – сайрағыш құстар тұқымдастарына жатады.Қазақстанда 13 түрі бар.Дене тұрқы 12 – 13 см.Қанаттары ұзын,аяқтары қысқа.Ол – жыл құсы.Жазда екі рет балапан басып шығарады.Оларды жәндіктермен,шегірт- келермен асырайды.

Аққу – қорғауға алынған жыл құсы.Мойны ұзын әдемі құс.Халқымыз аққуды сұлулықтың символына балаған.Наурыздың басы мен сәуірдің соңына дейін оралып,қазан айында ұшып кетеді.Ұясын жұптасып қамысы нулы,суы таза, тұщы көлдің жағасына салады.3 – 7 жұмыртқаны 35 – 40 күнде басып шыға-рады.

Қазақ халқы төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға,Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға,сұлуды аққуға теңеген.

Көрініс:«Бұлбұл мен Тоқылдақ»(Шона Смаханұлы)

-«Бейбітшілік құсы» деп қай құсты атайды?

-Көгершін – дүниежүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік белгісі.

-Қай құста мүлде ұя болмайды.

-Көкек.Халық көкек туралы «Көкек келді,көктем келді» дейді.

-Ертеде халқымыз сәуір айын көкек деп те атаған.Оның балапаны бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,4 өрмекші және тағы да басқа жәндіктердің жұ-мыртқаларын қорек етеді.

— Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан – ақ  түсініп,оны өзінің тұр-мыс – тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген.Құстар арқылы ауа – райын болжаған.

-Ал,балалар,табиғатты қорғау туралы қандай  қазақтың тыйым сөздерін біле-сіңдер?

1)Құстың ұясын бұзба.

2)Жасыл шөпті жұлма.

3)Суды лайлама.

4)Аққуды атпа.

IV.Қорытынды.

Табиғатта азайып кеткен құстар,өсімдіктер мен жануарлар «Қызыл кітап-қа» енгізіліп,оларды жұлуға,аулауға тыйым салынды.

Табиғат байлықтарын сақтап қалу үшін,табиғат өзгерістеріне бақылау жасау мақсатында Қазақстанда 9 ірі қорық ашылған.

Табиғатты қорғау адамның қолында.Оған сендер де өз үлестеріңді қосуға міндетті.

Ән:«Құстар»

Би:«Аққу»

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *