Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз ауданы
«Сары – Арқа жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Абилмажина Арай Азатбековна
Сабақтың тақырыбы:Пайдалы қазбаларды пайдалану және қорғау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі.
Оқушылардың пайдалы қазбалар тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау ;
2.Дамытушылық.
Өз ойын анық білдіруге,пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру.
Ақыл – ойын дамыту;
3.Тәрбиелігі.
Табиғи ресурстар туралы ұғымды ой – пікірлерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілі:сұрақ – жауап,түсіндіру.
Көрнекілігі:Кестелер,тірек – сызбалар,пайдалы қазбалар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Табиғат біздің анамыз, Өсімдіктер көп екен,
Табиғатқа баламыз. Әлемге әсемдік таратқан.
Табиғатты қорғайтын Осының бәрін үйрендік
Біз әдепті баламыз. Дүниетану деген сабақтан.
-Бүгін біз «Пайдалы қазбалар» деген тақырып бойынша алған білімдерімізді еске түсіріп,бекітеміз.
II.Ол үшін мен сіздерді топқа бөлемін.
I топ II топ
«Ғалымдар» «Шеберлер»
1.Пайдалы қазбалар деп нені айтамыз?
2.Тау жынысы дегеніміз не?
Кесте толтыру:
Кенді пайдалы
қазбалар |
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар | Жанғыш пайдалы қазбалар |
темір,мыс,алтын,қорғасын,алюминий | әктас,бор мәрмәр,фосфорит | мұнай,газ,тас көмір |
III.Жаңа сабақ:
-Дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазайық.
-Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау». Пайдалы қазбалар кен орындарында шығарылады.Металл және олардың қоспалары орналасқан тау жынысы кен деп аталады.Жердің терең қойнауындағы кенге жету үшін шахта қазады,ал жер бетіне жақын
жатқандары ашық карьерден алынады.Мұнай мен табиғи газ жер қыртысын бұрғылау арқылы өндіріледі.Біразы бастапқы қазып алынған күйінде пайдаланылады.Екінші біреулері тазарту,сұрыптау,тегістеу,үгіту сияқты қарапайым өңдеуден өткізіледі.
Тұз,асыл тастар азын – аулақ өңдеуден кейін пайдаланылады береді.
Металдарды кеннен айырып алу үшін металлургия зауыттарында қорытуға тура келеді.
Оқулықпен жұмыс:
1.Мәтінді түсініп оқу.
2.Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.
Сен білесің бе?
Гранит – қатты,тығыз тау жынысы.Ол көбінесе жер қыртысының терең қойнауында орналасқан.Таулы аймақтарда жер бетіне шығып,кең көлемде таралады.Қазақша «түйіршікті» деген сөз.Күннің,судың және желдің әсеріне өте төзімді.Оның табиғи бүлінуі өте баяу,жүздеген жылдар бойы өтеді.
Тас көмір – қатты,көбінесе қара түсті болып келеді.Біздің еліміздегі тас көмірдің басты кен орны Қарғанды және Екібастұз.Көмірді екі түрлі әдіспен, яғни,шахталық және ашық қазып алу әдісімен өндіреді.Оны өңдеу арқылы дәрі – дәрмек,мата бояйтын бояу,пластмасса алады.
Саз бен әктің қоспасын күйдіру арқылы зат дайындауды үйренді.Ол цемент.
-Енді,балалар,осы пайдалы қазбаларға байланысты жұмбақ құрастырып, шешімін тауып көрейікші.
Жұмбақтар:
Мұнаймен қоса жер астынан шығатын қазба.
(газ)
Күміс сияқты жарқыраған,ақ түсті,өте жеңіл металл.
(алюминий)
Майлы,қоймалжың зат.
(мұнай)
Қатты,көбінесе қара түсті зат.
(көмір)
IV.Сабақты қорытындылап бекіту.
газды үнемдеу электр қуатын
Пайдалы қазбалар
|
үнемдеу
экономикаға жаңа
үлес қосу қондырғылар
-Балалар,біз пайдалы қазбалардан не алынатынын,олардың адам өміріне не үшін қажет екенін білдік,енді білімімізді тест жұмысы арқылы қорытындылаймыз.
V.Оқушылардың білімдік дейгейлерін бағалап,мадақтау.Үйге тапсырма беру.
[bws_related_posts]