Кенжебекова Ләззат Жамалханқызы,
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы,
№ 51 М.Қаратаев мектебі.
Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Турбо-Паскаль тілінің стандартты функциялары туралы жалпы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстракциясын, ұжымда жұмыс істей алуын дамыту.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: электронды оқулық, дайын слайдтар, сөзжұмбақ, сызбалар, тестілік тапсырмалар.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, дәптер, жұлдызшалар, сұрақ карточкалары.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру – 3 минут. 1-слайд.
II. Қайталау сұрақтары – 2-слайд.
1. Турбо-Паскаль тілі қай командамен іске қосылады?
- Турбо-Паскаль программалау ортасы қандай қызмет атқарады?
3. Турбо-Паскаль терезесінің ең жоғарғы жолы
4. Турбо-Паскаль терезесінің ең төменгі жолы
- Турбо-Паскаль терезесінің экран ортасындағы аймағы
- Менюге ену үшін қандай пернені басады?
- Менюден шығу үшін қандай пернені басады?
- Көмекті қай пернені басып шығарады?
- Программа файлын дискіге тез жазу үшін қандай пернені басу керек?
- Файл аты неше символға дейін жазуға болады?
- Файлдың аты мен кеңейтілімінде қолдануға рұқсат етілмейтін символдар
- Файлдың аты толық көрсетілгенде оның аты кеңейтілімінен қандай символмен ажыратылады?
- Программаны тез іске қосу пернелер комбинациясын ата
- Турбо-Паскаль программасының міндетті кеңейтілімі
- Сызықтармен байланысқан команда жазылған блоктар түріндегі арнайы құрылымдар қалай аталады?
- Меншіктеу операторының таңбалары қандай символдардан тұрады?
- WRITE және WRITELN шығару командалары арқылы
жолдық тұрақтыларды экранға шығаруда қандай символ қолданылады?
- Міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау не деп аталады?
III. Жаңа сабақ түсіндіру.Стандартты функциялар.3,4,5,6-шы слайдтар. Интерактивті тақтада орындалады., слайд арқылы және жәй тақтада мысалдар арқылы түсіндіру.
Стандартты функциялар.
Sin x sin(x) — х-тің синусы
Cos x cos(x) — х-тің косинусы
Arctg x arctan(x) — х-тің арктангенсі
│x │ abs(x) — x-тің абсолюттік шамасы
ех еxp(x) — e-нің х дәрежесі
x2 sqr(x) — х-тің квадраты
√х sqrt(x) — х-тің квадрат түбірі
π pi — π-дің мәні, pi=3.14159265
ln x ln(x) -х санының натурал логарифмі
Арифметикалық амалдар.
Белгілер | Операциялар | Операндтар типі | Нәтиже типі |
+ | Қосу | Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін, біреуі нақты | Бүтін, нақты |
— | Азайту | Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін, біреуі нақты | Бүтін, нақты |
/ | Бөлу | бүтін немесе нақты | Нақты |
* | Көбейту | Екеуі бүтін немесе екеуінің біреуі нақты | Бүтін, нақты |
Div | Бүтін бөлу | Бүтін | Бүтін |
Mod | Бүтін қалдық | Бүтін | Бүтін |
Типтерді өзгерту функциялары.
1. Trunc(x) — нақты санның бүтін бөлігін береді.
2. Round(x)-нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.
3. Pred(x) – реттелген мәндер тізбегіндегі х-тің алдындағы элементті табады.
4. Succ(x) — реттелген мәндер тізбегіндегі х-тан кейінгі элементті табады.
- Char – символдық типтегі шамаларды сипаттайды.Мыс:
D,ch:Char; Олардың мәндері апостроф ішіне алынып жазылады.
Әр символдың өзіне тән рет номірі (ASCII кодындағы) болады.
Символдық шамаларға қатынас амалдары: <, >, <=, >=, <>, =
қолданылады.
6. High(x) – шаманың максимум мәнін береді. Мысалы, шаманың мәні жиым түрінде болса, онда бұл функция индекстің ең жоғарғы (максимум) мәнін, ал шаманың мәні сөз тіркесі түрінде болса, онда сипатталған тіркес өлшеміндегі символдар санының үлкен мәнін береді.
7. Low(x)- шаманың минимум мәнін береді.
8. Ord(x)- саналатын (реттелген) типті бүтін типке көшіреді, мысалы, аргумент реттелген типке (логикалық, символдық, саналатын) болса, онда нәтиже типі Longint болады.
Логикалық амалдар | Қазақша мағынасы | Атқаратын қызметі |
AND | Логикалық көбейту | Және операциясы |
OR | Логикалық қосу | Немесе операциясы |
NOT | Логикалық терістеу | Емес операциясы |
XOR | Арифметикалық немесе | Арифм.немесе амалы |
SHL | Биттер (0 мен 1-лер) | Биттер тіркесін солға ығыстыру |
SHR | Биттер (0 мен 1-лер) | Биттер тіркесін оңға ығыстыру |
IV. Сабақты бекіту- 10 минут. Оқушыларға Электронды оқулықты пайдаланып, 1,2,3,4,5,6, 17,18,20 тапсырмаларды орындату.
V. Практикамен байланыстыру. Тақтаға есеп шығару және программасын құру.Тақтаға жапсырылған карточкадағы тапсырмаларды орындау.
1. √a+b2
2. cos2 x +5
3. cos(x+5)2
4. xtg0,5+5
sin 2x
- 5 div 2
- 8 div 3
- 7 mod 2
VІ. Топ басшыларының сайысы 5 минут. Сөзжұмбақ шешу. Интерактивті тақтада орындалады.
VIІ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау. 5 минут. 7-слайд.
VIІІ. Үйге тапсырма. 2-минут. 8-слайд.
- 25 санын 3-ке бөлгендегі бүтін бөліндіні тап.
- 42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты тап.
- (5,2-3,5)(4,8-1,5)
(2,25+5,24)
Жоғарыдағы өрнектерді Турбо-Паскаль тілінде жазып келу.