Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
№201 мектеп-лицей мұғалімі
Нурова Динара
Тақырыбы: «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»
Музыка залы әсем безендірілген
оқушылар ортаға келіп тұрады. Музыка қосылап мектеп вальсіне билеп шығады.
Би: «Наз»
Бидің соңында сапты бұзбай,жартылай шеңбер жасап тұрады.
Мұғалімнің сөзі: Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар
мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз
жайдарлы бола берсін дейміз!
Асылхан: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!
От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.
Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!
Балғынбек: Dear Mummy, Dear Granny!
I want you to be happy!
On the eights of March
I love Mummy, I love Granny
I wish them health
I wish them wealth!
Тақпақтар:
Нұржігіт: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Руслан: Жарқын жузді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Жанель: Жұмсағанда барамын.
Қозы бағып жүргенде,
Жаңбыр жауды.
Бір тамшысын әкелдім,
Анам, саған!
Назерке: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Маржан: Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек
Мен мұғалім анамның,
Асылхан: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Анамыздан тараайды
Біздің ана тіліміз
Нұржігіт: I love mother, she loves us
We love daddy, he loves us
He loves us and so you see
We are a happy family
Нұржан: Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.
Хор:«Нұрын төккен маған»
Ойын: Күн Шуағы
- Көктемде қандай мерекелер бар.
Ата сөзінде неше дауысты дыбыс бар
3. 2 мен 3 тің қосындасы нешеге тең.
4. Бір жылда неше мезгіл бар.
5. Көктем мезгілінің айларын ата.
6. Төрт түлікке нелер жатады.
7. 1 ден 10 ға дейін орысша сана.
8. 1 ден 10 ға дейін ағылшынша сана.
9. Көктем сөзін буынға бөл.
10. Бір аптада неше күн бар.
Диалог:Енді балалар осы күн кімге ұқсайды.
анамызға
Би: «Аққу биі»
Айым. Күнім, құлыншағым, қошақаным деген сөздерді кім айтады - Ана, Аға, апа, әпке, әже, ата, әке деген сөздерді бізге кім үйретті.
Дұрыс айтасыңдар - ОЙЫН: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ата — аналармен
Ақмамам әні, Фатима, Нұржан,
Би: «жау жаңбыр» биі
Жүргізушуі: Баласы үшін анашым
Күндері аз ғой көз ілген
Ардақты ана қарызбын өзіңе
Жүрегіңнен күн мейрімі төгілген- дей отырып аналарға арнаған балалардың жыр шумақтары - Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады…
Мал маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде!
Жүргізуші: Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге
Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны,
Көлдеңдейді көбелек.
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырап
Көктем – біздің балалық.
Ән: «Ертегілер»
Би жігіттер «Вокзалда қауышқан қыз»
Жүргізуші: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
(Балалар орындарына отырады)
Жүрг: Құрметті де ардақты әжелермізді ерекше атап құттықтаймыз. Қариясы бар үйіміздің қазынасы бар деп, халқымыз текке айтпаған ғой, ардақты әжелерімізді ортаға алып бірге ойын ойнасақ қайтеді.
Қыздар тобы Үнді биі
Жүргізуші: «Сұлу қыз» әнінің әуенімен залға қыздар болып киінген 2 ұл кіреді , иықтарында су ағаш, ал шелектерінің ішінде сыйлықтар)
Екеуі: Біздер қыздарымызға арнап сыйлықтар дайындадық.
Қабыл алыңыздар қыздар!
Ән: «16 қыз» (әзіл сықақ ән ұлдардың орындауында)
Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер
Біздің балаларымыздың дайындаған
Мерекелік шарамыз аяқталды!
Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық.