ОңтүстікҚазақстан облысы
Түркістан қаласы
Шорнақ жалпы орта мектебі
5 «а» сынып оқушысы
Базарбай Қарақат
жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдуллаева Алтынай Нүрділлақызы
С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»өлеңіндегі киіктің сұлу әрі мүшкіл халі
1.Кіріспе бөлім
Киік туралы мәлімет
2.Негізгі бөлім:
1.Киікке сипаттама.
2.Киік киелі жануар.
3.Киіктің жойылу қауіпі.
4.Киіктің қырылуы.
5.Киіктің пайдасы.
3.Қорытындылау.
Табиғатты аялауға шақырған ақын үні
Қазақтар киік деп атайтын, ақбөкен деп жазатын түз тағысы-шөл,шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бей-імделген. Ауа–райына,жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын кейде ауыс-тырып отырады.
Әйтпесе,қай аймақта да киіктердің арнайы түрде лақтайтын, өріс-тейтін тұрақты жері,сол өңірге жыл сайын жылы жақтан келіп,кері қайта-тын арнайы жолы болады.Олар көктемнің кеш туатынын,қыстың қарлы боранды,суық болатынын алдын-ала болжап біледі,соған сәйкес тіршілік етеді.
Киіктер жұп тұяқтылырдың ең өсімталы,жылына бір рет лақтап, өсіп–өнеді. Лақтарын-құралай деп айтады.
Жыл сайын мамыр айының 19-21 жұлдызы аралығында «Құра-лайдың салқыны » деп аталатын ауа райының құбылмалы кезеңі өтіп тұ-рады. Бұл күндері жаңбыр,кейде қар аралас жаңбыр жауып, температура суытады, салқын жел соғады.Өйткені,мамыр айының алғашқы жартысын-да киіктер 2-3 күнде лақтап болып,балалары жерде жатады.Күн суытысы-мен-ақ олар ызғарлы жерден тұрып, тәлтіректеп аяқ басып, енелерінің соңынан ерген күйі жүруді үйренеді.
Киік әдетте көбінесе төлді егізден кейде 3 лақтан әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, ке-уіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн бол-ған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.
Ақбөкен, киік –жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жа-татын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын
түз жануары. Үстіңгі ерні салбырап,етті тұмсыққа айналған.Те-кесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Өте
ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейім-
деліп кететін жануар.
Киікті қазақ жануар деп есептейді. Денесі сымбат-ты, аяғы жіңішке және мықты. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кете-тін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қанша-ма зобалаң заман туғанымен, миллиондаған жылдар бо-йы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендер-дің өмірге өте бейімділігін , өсімталдығын аңғартады. Ақбө-кендер далада табынымен жайылады. Олар өсімдіктермен қоректенеді.
Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.