Басы » Бастауыш сыныптар » А.Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян

А.Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян

lebed-rakМаңғыстау облысы   Ақтау қаласы

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернат»

Бастауыш сынып мұғалімі

Баймуханбетова Алия Турсынгалиевна

А.Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың
тақырыбы:А.Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
Сабақтың мақсаты: 1.Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет
Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру.Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
2.Оқушылардың ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өзойынжүйеліайтабілуін, шығарманы алдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру әдісі, сұрақ- жауап, көрнекілік, іздендіру, өздігінен білім алу, сахналық қойылым.
Көрнекілігі:А. Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов суреті, мысал бойынша салынған сурет,.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Оқушылар хормен:
Алу үшін сапа, білім,
Ардақтаймыз ана  тілін!
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап әдісі бойынша сұрау және сахналау

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ә)Кіріспе: сұрақ -жауап . 5 мин
— Ертегі дегеніміз не?
— Ертегінің неше түрі бар?
— Қандай ертегілер білесіңдер?
— Ахмет Байтұрсынов кім?
— Екі шығарманы салыстыр қайсысы ертегі? Неге?
— Неліктен солай деп ойлайсың?
— Балалар, бүгінгі сабағымызда біз аққу, шортан, шаян жайлы мағлұмат алатын боламыз. Ол үшін олар жайлы шығарма жазған А.Байтұрсынұлының өмірбаянымен және «Аққу, шортан, һәм шаян» атты мысалмен танысамыз.
1873 жылы қазіргі ғалым, ақын «Тіл құралы», Торғай өңірінде «Қырық мысал»
дүниеге келген. еңбектері бар.1938 жылғы қаралы Тұңғыш әліппені
кезеңнің құрбаны болған. Аудармашы жазған.А.Байтұрсынұлы орыс халқының атақты мысалшысы И.А.Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарады. Соның бірі- бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы. Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады.

Негізгі бөлім
2.Оқулықпен жұмыс: Мысалды оқу

«Аққу, Шортан һәм Шаян» өлеңін мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.

Оқушылар «Түртіп алу »жүйесі бойынша жана сөздерді түртіп отырады.

 

3.Сөздік жұмыс: Дүркін-дүркін-қайта-қайта,

Ғибрат-өнеге,үлгі.

машақат-әурешілік,

һәм – және,үлгі.(оқушылардан сұрап,бір-біріне түсіндіру,толық мағлұмат беру)

Дәптермен жұмыс:Сөздерді жазу.
Сұрақ қою:
— Балалар, мысалдағы кейіпкерлер не істемекші болды?
— Олардың жүктері неге қозғалмады?
— Мысалда адамдардың қандай әрекеті сыналады?
— Мысалдағы негізгі ой не?

-Негізгі ойы дегеніміз не?

Негізгі ой дегеніміз-автордың айтар өсиеті.

4.Көз жаттығуы

5.Топпен жұмыс

Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау

Автор: « Бір күніАққу, Шортан, Шаян үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу айтады: — Достар келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, — дейді.
Шортан айтады:
-Мұны көлге апарайық, — дейді.
Шаян айтады:
-Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор:
-Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды».

6.Сергіту сәті:        Жазда

 

7.Шығармашылық жұмыс

Тақтамен жұмыс

«Шортан»деген сөзге  5 жолды өлең құрау.(Дәптерге жазу)

1.Зат есім-Шортан

2.Сын есім-ұзын,жыртқыш

3.Етістік-көбейеді,өледі.

4.Мәндес сөз-балық

5.Сөйлем құрау-Ұзын шортан балық көбейеді.

Көз жаттығуы

 

8.Шортан туралы не  білесіңдер?
киелі әдемі жыртқыш жалпақ тұмсықты
«Қызыл кітапқа» енген,қорғауға алынған,1,5 метрге дейін өседі,салмағы 30-35кг ,Бунақденелілер класына жатады. Шөлді аймақтарда өмір сүреді.
Денесініңұзындығы 20см.
8. Шығармашылық жұмыс.
1. «Бірлік, ынтымақ» туралы білетін мақалдарды топ бойынша айтып жарысу.

1.Бірлік болмай,тірлік болмас.

2.Ынтымақ болмас –іс оңбас.

3.Ырыс алды-ынтымақ.

4.Алтау ала болса,ауыздағы кетер,

Төртеу түгел болса,төбедегі келер.

  1. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

ІV. Қорытынды.

-Мысал дегеніміз не?
— Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіздер?
-Қандай қорытынды пікір айтасыздар?
-Сіздер осы кейіпкерлердің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?
-Осы мысалда қандай адамдар суреттелген? Неге?
Рефлексия :
-Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәлімет алдыңыздар?
-Бәрінен де неге риза болдың?
-Сізге оңайы не болды?
-Сізге не ерекше қиын болды?
— Қиындықты қалай шештіңіз?

-Сіздерге күлкі келтіретін өлең жолдары болды ма?
-Сіз өзіңіздің жұмысыңызға қанағаттанасыз ба? Неге.

Венн диаграммасы :(ертегі мен мысалды оқыту ,айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау)

V.Бағалау.
VІ.Үйге тапсырма
. «Аққу, шортан һәм шаян» өлеңін мәнерлеп оқу, 4 шумағын жаттау.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *