Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Жаз келер. Ш.Құдайбердіұлы

Жаз келер. Ш.Құдайбердіұлы

шакаримМаңғыстау облысы

Ақтау қаласы

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернат»

Алия Жолдасбаева

Сабақтың тақырыбы: Жаз келер. Ш.Құдайбердіұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Өлеңді мәнерлеп оқуға  жаттықтыру,әрі ойын жүйелі  жинақтап сөйлеуді үйрету.

Дамытушылық:Жазғы еңбек түрлерімен таныстыра

отырып,оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.

Тәрбиелік:Отанын,елін, жерін сүюге және еңбек етуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу,баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: ақын-жазушылардың,жаз мезгілінің

суреттері,үлестірмелі бұлттар,ағаштың суреті

салынған плакат,.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы күн,балалар,

Қайырлы күн,ұстаздар.

Тыныш болып түніміз,

Ашық болып,күніміз- сәттілікке толсын деп,сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасы:

-Балалар,үйге не тапсырма берілді?

-Бөлімді қайталау.

-Тақтаға алма ағашы салынған  плакат ілінеді.(алманың артында сұрақтар жазылған)

-Алманы алып,сұрақтарға жауап береміз.Сұрақтарға жауап бере отырып, бөлімді қалай меңгергенімізді білдіреміз.

-Сұрақтарға жауап береді.

-Өте жақсы балалар,сұрақтарға жауап беріп,бөлімді қалай меңгергенімізді білдірдік.Қаншама ұлы тұлғалардың еңбегімен таныстық.Әлі де танысатын боламыз.Жақсы балалар,әрі қарай

-Тақтадағы ұлы тұлғаларға көз жүгіртейікші

ІІІ.Жаңа сабақ

Олар Мағжан Жұмабаев (ақын)

Ахмет Байтұрсынов,(ақын,ғалым)

Шәкәрім Құдайбердиев,(ақын)

Міржақып Дулатов,(ұстаз)

Жүсіпбек Аймуытов(ақын)

Бұлар кімдер?

-ақын,жазушы,ғалым,ұстаздар

Бұлар –бес арыс

-Неге бес арыс деген деп ойлайсыңдар?

Өйткені ,Рессей бұларды кеңес үкіметіне қарсы шыққан деп,өтірік айыпталып,қуғынға түскен,жер аударылып өлім жазасына кесілген екен.Бұлар ұстаз,ғалым,ақын,жазушы.Қазақ халқының қамын ойлаған ұлы тұлғалар.(толық түсініктеме беру)

-Міне,бүгін осы бес арыстың бірі Ш.Құдайбердіұлымен танысамыз.

Ш.Құдайбердіұлы-қазақтың аса көрнекті ақыны.Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауданында туған.Ұлы Абайдан үлкен тәрбие алған.Өз бетінше білім куып,білімдар кісі болған.Абайдан білім алған.Абайдың шәкірті болған.Абайдың шәкірттерінің ішіндегі көп жазғаны,көп жасағаны да(ұзақ өмір сүргені) осы Шәкәрім Құдайбердіұлы екен.Абайдан кейінгі ақын осы Шәкәрім Құдайбердіұлы.

-Мен енді сендерге жұмбақ жасырайын.

Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойтайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз)

-Ия, балалар дұрыс жауабын таптыңдар.

Яғни, бүгін ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» өлеңімен танысамыз.

Оқулығымыздан өлеңін ашып қояйық.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Төрт мезгіл

-Аттарын атату:қыс, көктем,күз,жаз.(Оқушылар айтады мен тақтадан суреттерін көрсетіп отырамын.)

Тақтамен жұмыс.

-Қане,Жазды топтастырайық.

 

Ата-әжемізге барамыз.                                                      Жемістер піседі

 

 

 

Р                      Жаз

Лагерьге барамыз.                                                           Балық аулаймыз

 

 

 

Суға шомыламыз.                                                                    Демалысқа

шығамыз.

-Жазда ауа-райы қандай болады?

-Қайда барамыз?

-Не піседі?

-Қайда шығамыз?

-Неге шомыламыз?

-Не  аулаймыз?  Оқушылар айтып отырады мен суреттерін ілемін.

Сергіту сәті                                 Жазда

Балақай-ау,балақай,

Жаз келді-ау,алақай.

Жалаңаяқ жүреміз.

Балақты да түреміз.

Көлден балық сүземіз.

Жалтылдатып тіземіз.

Тау мен тасты кеземіз.

Сан қызықты көреміз.

Сайдан жидек тереміз.

Тайға мініп желеміз.

Алтыбақан тебеміз.

Оқулықпен жұмыс.

-Өлеңді мәнерлеп оқу.

-Түсіндіру.

-Мазмұнын ашу.

Сөздік жұмыс.

Өлең жолдарына көз жүгіртейік, таныс емес сөз бар ма екен.

Харекет-әрекет.(Тақтаға жазу.)

Харекет-көзі тоймайтын адамдар,пенде өмірде бар болған сайын, тағы да болса  екен деп қалайды.Мысалы:Бай адамдар байыған сайын, байй  берсем дейді.

Дәптермен жұмыс. Дәптерге жазу.

Көз жаттығуы.Екі шынтақты партаға қойып,екі көзімізді,екі қолымызбен ақырын жауып,ішімізден өзімізге тілек тілейміз.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға тізбектей оқыту.

Ойын ойнату.

-Оқушыларға үлестірмелі бұлттарды таратып беру.(1-оқушыға 4-үлестірмелі бұлттан беру.Таратылған үлестірмелі бұлттардан мақалды құрастырамыз.

Қорытынды бөлім:

Сұрақ-жауап әдісі бойынша қорытындылау

-Бүгін кімнің өлеңін өттік?

-Шәкәрім кім екен?

-Қайда туған?

-Кімнен тәрбие алған?

-Ал.жазда не істейміз?

-Кім қайда барады?

Бүгінгі сабағымызды мынандай өлең жолымен аяқтайық.(Сағындым әже өзінді атты өлеңнің 1-шумағымен аяқтау.Хормен айту.)

Үйге тапсырма.

Бағалау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *