Исемберлиева Б.Б.
Сыныбы 5 | Күні 13.01.16 | ||
Сабақтың тақырыбы | Қысқы демалыста. Антоним | ||
Мақсаты
|
Тақырып бойынша жан — жақты мәлімет бере отырып, антоним ережесін түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру ;өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін — өзі ұстауға тәрбиелеу; | ||
Күтілетін нәтижелер
|
А Антоним ережесін меңгереді, қысқы демалыс туралы әңгімелей біледі
В Антонимдерді пайдаланып, сөйлем құрастырады. С. Сұрақ қою арқылы сыни ойлауға, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтанады |
||
Керекті жабдықтар | кітап, сөздік, интерактивті. тақта, суреттер | ||
Сабақ барысы: | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе
|
Шаттық шеңбер құру: Мен сендерді көргеніме қуаныштымын . Кәне, барлығың бір-бірлеріңнің көздеріне қараңдаршы. Мен сендердің көздеріңнен мейірімділікпен,достықтың, сүйіспеншіліктің ,әдеміліктің белгісін көріп тұрмын . Енді бір-бірімізге жылы, жақсы сөздер айтайық! Мысалы : Сен бүгін ақылдысың,әдемісің, күштісің т.б.
Үй тапсырмасы; «Ыстық орындық» Топқа бөлу. Енді қазір біз топқа бөлінеміз. Ол үшін мына қысқы спорт суреттері бар суреттерді алып топтарға бөлінеміз. Топтарыңызға отырыңыздар. «Алтын ереже» еске түсіру |
Оқушылар мұғаліммен амандасады.
«Ыстық орындық»әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. |
|
Тұсаукесер
|
Фонетикалық жаттығу. Жаңылтпаш. Қыста Күн қысқа Күн қыста Тым қысқа Сонымен бүгінгі сабақта біз не туралы айтамыз деп ойлайсыздар? Жаңа сөздермен танысу. |
Өз ойларын ортаға салады |
|
Негізгі бөлім
|
Сөздікпен таныстыру: Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау Демалыс — каникул Өткіздім — проводил Демалдым — отдохнул Шана — санки Шаңғы — лыжи Тептім – катался Аққала жасаймыз-делаем снеговика Шаңғы тебеміз-катаемся на лыжах. Мұз айдыны-ледовый каток. Денсаулығымыз шынығады -укрепляем здоровье Ал енді біз балалар ,қазір тапсырмалармен жұмыс орындаймыз.Барлық жұмыстар түрлі –түсті стакандар арқылы бағаланады. 1. ҚЫЗЫЛ- жақсы жұмыс орындалса. 2. САРЫ- орташа орындалса. 3. АҚ- жұмыс орындалмаса. /. Топпен жұмыс «Ойлан,жұптас,бөліс»стратегиясы арқылы. Әр топқа 3 мәтін беріледі, оның соңында тапсырмалар берілген сол тапсырмаларды топ бақылаушысы кімнің қалай жұмыс істегенін бақылап отыра бағалайды.Ол үшін мен сіздерге бағалау критериилерін беремін.
Жұптық жұмыс.
-Сен қысқы демалыста қайда барасың? -Мен қысқы демалысты қалада өткіземін. -Сен қысқы демалыста не істейсің? -Мен қысқы демалыста серуенге шығамын. Біз төбешікке барамыз, аққала жасаймыз, шана, шаңғы тебеміз. Ал сен қысқы демалыста не істейсің? — Мен ініммен аулада аққала жасаймын.Әкеме көмектесемін, қар күреймін,ауланы қардан тазлаймын.
Ережемен жұмыс Мағыналары қарама қарсы сөздер антоним деп аталады. Балалар сендер қандай қарама қарсы сөздерді білесіңдер. ( дос — дұшпан, алыс — жақын, биік — аласа, ақ — қара)
4- тапсырма Суретте не берілген? Салыстыр.
Жұптық жұмыс «Қар үйіндісі» әдіс тәсілі бойынша берілген тапсырманы әр оқушы жеке қарастырады,сосын жұптық талқы болады кейін ол жұмысты топта талқылайды. Тапсырма: 1 топ « қысқы демалыс» сөзін септеу. 2 топ «Мұз айдыны» сөзін септеу,
Сабақ бойы түрлі-түсті стакандармен бағалау. Сұрақ-жауап әдісі бойынша 1 Жана сөздерді еске түсіру. 2 Жаңа сөздермен 2сөз тіркесін құрастыр 3 Менің қысқы демалысым»тақырыбы бойынша әңгімеле.
Қай топта қызыл стакандар көп екен сол бойынша бағалайық.
|
Жаңа сөздермен танысады,олармен сөз тіркесін құрастырады.
Жұптық жұмыс Оқушыларды әр тапсырмадан кейін өз өздерін бағдаршам арқылы бағалау. Әр топ өз тапсырмаларын орындайды. Өздіктерінен дәптерлеріне орындайды. Мұғалімді мұқият тыңдайды. Ережені ереже дәптерлеріне жазып алады.
|
|
Қорытынды
|
Сабақ бойы түрлі-түсті стакандармен бағалау.
Сұрақ-жауап әдісі бойынша 1 Жана сөздерді еске түсіру. 2 Жаңа сөздермен 2сөз тіркесін құрастыр 3 Менің қысқы демалысым»тақырыбы бойынша әңгімеле. Қай топта қызыл стакандар көп екен сол бойынша бағалайық. Рефлексия: «Алма ағашы» стратегиясын қолдану. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» Үй тапсырмасы: әңгімелеу, ереже
|
Мұғалімді мұқият тыңдап,ойланып сұрақтарға жауап береді.
Оқушы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашатын бір сөйлем жазады. Күнделіктеріне жазып алады |
|
[bws_related_posts]