Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Шабдаржап ауылы
Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Зиеденова Гүлсім Ныгиметқызы.
Сабақтың тақырыбы:Жәндіктер қысқа қалай қамданады?
Мақсаты:
- Оқушылардың мәтін,мәтіндегі ой,оның аты туралы түсініктерін кеңейту.
- Оқу-жазу дағдыларын жетілдіру,байланыстырып сөйлесуін дамыту.
- Оқушыларды табиғатты қорғауға,сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ойын,баяндау.
Пән аралық байланыс:дүниетану.
Көрнекілігі:Табиғат суреті,үлестірмелі қағаз,жәндіктер суреті,жүлделі фишкалар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Мәтіннің мазмұнын сұрау.Нұртай атай.
2.Кубизм стратегиясы(сұрақ-жауап)
- Мәтін жайлы не айтылған?
- Нұртай ата кім?
- Балалар Нұртай ата ауырғанда қандай жұмыс істеді?
- Мәтінге қандай ат қойдың?
- Ардагер-сөзінің мағынасы.
- Мәтін деген не?
Қызығушылығын ояту.
«Кім тапқыр» ойыны.
Оқушыларға жануарлар (жәндіктер)суреті бар карточкалар таратылады. Оқушылар өз карточкасындағы жануар (жәндіктің)атын атамас бұрын оны сипаттап айтуы керек.Жауабын дұрыс тапқан оқушыға фишка беріледі.
Мысалы.Өзі кішкентай,саңырауқұлақ сияқты өсімдіктермен қоректенеді, үсті тікенекті орман жануары.(кірпі)
Енді,осы жәндіктерді қысқа қалай дайындалатынын мына мәтіннен оқып көрелік.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Әңгімені мұғалімнің мәнерлеп оқуы.түсіндіруі.
Оқулықпен жұмыс.
1.Оқушылар мәтінді абзацқа бөліп оқиды.
2.Әңгіме мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар.
- Мәтіннің авторы кім?
- Кірпі мен тышқан қыста қайда жатады?
- Балық ше?
- Өзге жәндіктер қыста не істейді?
- Жәндіктер қысқа қалай дайындалады?
а) Сөздік жұмыс.
Қу шөп-кепкен,құрғақ шөп.
Қамданады-әзірленеді,дайындалады.
ә) Плакатта күзгі табиғат суреті.Осы суретті пайдаланып «Тапқыр
болсаң тауып көр» ойыны арқылы «Ой қозғау» әдісі.
(жәндіктердің мекендерін тауып орналастыр.)
3.Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға қарады,солға қарады
Үлкен тау деп ойлады.
4.«Көбелек безендіру» ойыны.Тақтада орындалады.
1 тапсырма.Ара қанатты жәндік.
2 тапсырма.Ол бал береді.
3 тапсырма.Балды омартаға жинайды.
4 тапсырма.Ара гүлдерді жақсы таниды.
- Мәтінде не туралы айтылған?
- Мәтін неше сөйлемнен құралған?
- Мәтінге қандай ат қоюға болады?
- Мәтін дегеніміз не?
- Ребус шешу.(борсық,тауық,кит,инелік)
- Шығармашылық жұмыс.Өлең құрастыру.
Жаңбыр жауды…
Тығылады…
Табиғатты…
Жаман бала…
(себелеп,көбелек,қорғаймыз,болмаймыз)
IV.Бекіту.
7.Сәйкестендіру тесті.
1.Мәтін. а) кірпі,борсық,аю,тиін.
2.Сөз. ә) Бақалар өте пайдалы.
3.Сөйлем. б) Аю қорек таңдамайды.Құмырсқаны,балды,жеміс-
терді,шөпті қорек етеді.
1.Мәтін дегеніміз не?
2.Сөз неден құралады?
3.Сөйлем дегеніміз не?
8.Бес жолды өлең.
1.Жәндік.
2.Құмырсқа.
3.Еңбекқор,үнемшіл.
4.Еңбектенеді.жүреді,шағады.
5.Құмырсқа азығын жазда жинайды.
V.Қорытынды.Үйге тапсырма 128-жаттығу.Мақалды көшіріп жазу,жаттау.
Бағалау(жинаған фишкалар арқылы бағалау).
[bws_related_posts]