Басы » Бастауыш сыныптар » Дауыссыз К мен Г

Дауыссыз К мен Г

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Шабдаржап ауылы

Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Зиеденова Гүлсім Ныгиметқызы

Сабақтың тақырыбы:Дауыссыз К мен Г.

Мақсаты:                           а)Өткен материалдарды пысықтау. Оқушыларды

сөз құрамында келетін к,г дыбыстарын ажырата

біліп сауатты жазуға дағдыландыру.Сөз соңындағы

к  дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе оның г

дыбысына айналатынын түсіндіру.

ә)Адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

б)Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:саяхат сабақ.

Көрнекілігі:оқулық,кесте,үлестірмелі карточка,ойыншықтар,сюжетті сурет.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1)Дауыссыз қ мен ғ

2)5-жаттығу.Жұмбақты оқы,шешуін тап.Моншақ,бұршақ сөздеріне ы әрпін

қосып жаз.

Моншақ-моншағы,бұршақ-бұршағы.

3)Сұрақ –жауап әдісі.

а)Қ қандай дауыссыз дыбысқа жатады?

ә)Ғ қандай дауыссыз дыбысқа жатады?

б)Қ,ғ дауыссыздары қандай буындарда кездеседі?

4)Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

Қызығушылықты ояту.

Біз бүгін саяхатқа аттанамыз.

Ал немен баратынымызды мына нүктелерді  қоссақ сонда белгілі болады.

-Балалар,сонымен саяхатқа  немен баратын болдық?

-Машинамен.

Бақытты балалық шақ әні.Хор.

ІІІ.Жаңа сабақ.Дауыссыз к мен г.

1)Кестемен жұмыс.

2)К қатаң,г ұяң.

3)Қ,ғ дыбыстары жуан буында жазылса.

4)К,г дыбыстары жіңішке буында жазылады.

5)Қ,к дыбыстары қатаң дауыссыздар.Ғ,г ұяң дауыссыздар.

6)Сөз соңында келген қ,к дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс келсе олардың

орнына ғ,г дыбыстары жазылады.

7)Кестедегі сөздердің мағынасын түсіндіру.

8)Кестедегі сөздерді буынға бөлу.

Сөздердің жуан,жіңішке айтылатынын айыра айту.

Қорытынды:Қ,ғ дыбыстары жуан,

к,г дыбыстары жіңішке буында айтылады.

1.Аялдама.Қоян қолын көтеріп тұр.Тоқтаймыз ба?(қоян қандай жануар?)

Қоянның тапсырмасы:Оқулықпен жұмыс.

1.1-жаттығу.(Ауызша)Сөздердегі к,г дыбыстарының қалай   айтылатынын,

қандай буында жазылатынын аңғарту.

2.2-жаттығу.Сөздерге і дыбысын қосып жазу.

3.Қоян сергіту сәтін өткізеді.

2.Аялдама.Аю бізге ойын,тапсырмалар алып келіпті(аю қандай жануар?)

1-тапсырма.«Кім жылдам»ойыны.

І қатар.К дыбысынан аяқталатын             ІІ қатар.Сөздердің соңына і дыбысын

сөздерді айту                                               қосып айту

Бесік                                                             Бесігі

Төсек                                                            Төсегі

Күрек                                                            Күрегі

Жүрек                                                           Жүрегі

Ережені балалар өздері шығарады.Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты

дыбыс келсе,ол г-ге айналады.

2-тапсырма.3-жаттығу.Көп нүктенің орнына к,г әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Шығармашылық тапсырма.

Абай мен М.Әуезов туралы білетініңді айт.(ауызша)Абай Құнанбаев кім?

Ақын.Абай 1845 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.

Шешесі Ұлжан қайырымды,тілге бай адам болған.

-Абайдың қандай өлеңдерін жаттадық?

-Күз.Ғылым таппай мақтанба.

Мұхтар Әуезов кім?Жазушы.1897 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге

келген.Оның әкесі Әуез Абайдың жақсы досы болған.М.Әуезов соңғы 20 жылын

«Абай жолы»романына арнаған.

3.Аялдама.Борсық кездесті(борсық қандай жануар?Қайда мекендейді?)

1-тапсырма:Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Көжек,ғасыр,бұршақ,бөрік.

2-тапсырма:Шығармашылық жұмыс.Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай

оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз.

қыран              сүт           кеш

таза                 бұлақ       кесе

талас              есек         ашық

3-тапсырма:Венн диаграммасы

 

 

к дыбысы         дауыссыз        г дыбысы ұяң

қатаң

ІV.  Бекіту: Қубизм стратегиясы

А)Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

Ә)Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? Ата.

Б) Бүгін қандай дауыссыздармен таныстық?

В) Олар қандай дауыссыз дыбыстарға жатады?

Г) Олар қалай жазылады? Ережесін айт.

V.Қорытынды. Бағалау.

  1. Үйге тапсырма 5-жаттығу (түсіндіру)
[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *