Басы » Бастауыш сыныптар » Сөз туралы түсінік

Сөз туралы түсінік

 Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Шабдаржап ауылы

Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Зиеденова Гүлсім Ныгиметқызы

Тақырыбы: Сөз туралы түсінік

Мақсаты: а)Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын,  дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру. Сөз белгілі бір заттың ,құбылыстың, сын-сапаның, т.б. атауы  екенін, сөздің өзіне тән мағынасы болатынын ұғындыру.

ә) Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін  дамыту,

сөздерден сөйлем құрау дағдысын   жетілдіру.

б)Сауаттылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мультемедиялық тақта,қима қағаздар.                             Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,талқылау, көрнекілік.                              Түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,                                                                               Сабақты  біз бастаймыз.                                                                            Партамызға отырып,                                                                                Өзара көз тастаймыз.                                                                              Табыс тілеп бәріміз                                                                                    Жаңа білім алуға                                                                                     Алға қадам аттаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасы.

Сұрақ-жауап әдісі:

  1. Сөйлем деген не?
  2. Сөйлем мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
  3. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?   Мысал келтір.
  4. Сұраулы сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?  Мысал келтір.
  5. Лепті сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
  6. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?
  7. Берілген сызбалар бойынша сөйлем ойла.

                                   .                                        ?                                        !              

  1. Сөйлеу тіліміз неден құралады екен?
  2. Сөйлем неден құралады?

ІІІ.Жаңа сабақ:

Ендеше ,бүгінгі сабағымызда біз «Сөз» қаласына барамыз.Қандай да бір қалаға қыдырып барарда сол қаланың тарихы туралы білеміз.

Ал, «сөз» туралы біз не білеміз?

(Сөз дыбыстардан құралады,сөздің мағынасы болады, сөзден сөйлем құралады)

-Жарайсыңдар, балалар!

«Сөз» қаласының қақпасы ашылу үшін мына сөйлемді оқиық.

Қшо діңкелдеріз

—  Оқи аламыз ба? Неге?

– Олай болса әріптерді орнымен қойып оқып көрейік.

— Қош келдіңіздер!

— Енді түсінікті болды ма? Неге?

– Біздің бүгінгі тақырыбымыз

«Сөз және оның мағынасы» деп аталады.

Дәптерлерімізді ашып күннің жады мен тақырыбын жазып қояйық.                  – Міне, «Сөз» қаласының қақпасы ашылды, алғашқы тапсырмамыз да күтіп тұр.

«Ойлан,тап»

Бұл тапсырмада әр бағанда не жазылғанын оқып, бір-бірінен өзгешелігін табу.

Ӏ-топ. М,Р,О,У,Я,А. (Бірінші бағанда-дыбыстар)

Дыбыстар-жеке тұрғанда мағынасы жоқ, жазғанда әріптермен таңбаланады.

ӀӀ-топ. ша,ма,та,са,лу (екінші бағанда-буындыр) .

Буын-дыбыстардан құралады.

ӀӀӀ-топ. бала,ана,ата,шана . (үшінші бағанда-сөздер).

Сөз-белгілі бір мағынада айтылады.Дыбыстардан құралады, буынға бөлінеді.

Қақпадан өттік. Енді қаланы аралайық.

Бұл «Дыбыстар» көшесі екен.Бұл көшеден не көріп тұрмыз?

-ағаш

-ағаш сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?

ағаш (суреті)

 

аты                       қимылы       сапасы              саны

ағаш                     өседі           жасыл,әдемі         біреу

 

— Осыдан қандай ереже шығаруға болады?  (Оқушылардың жауабы)

Сөз –заттың, қимылдың, сапаның, санның атауы.

Мысалы:(нені білдіреді?,ненің атауы?) жүгірді, (қимыл),көк(сапа),сауысқан (құстың аты),жиырма (сан),әдемі (сапа),тасыды (қимыл).

-Міне, келесі көшеге де келдік. «Буындар» көшесі.

«Сөз жаса, көп жаса» ойыны.  Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, бірнеше сөз жасап жаз.

ж л ,         ж…л,      ж….л           

-Сөздер неден құралып тұр? (дыбыстан)

– Әріп деген не? (Дыбыстың таңбасы)                                                                     — Жыл, жол,жел сөздерінен не байқадыңдар?

Қандай қортынды шығарамыз? (Сөздегі дыбыс өзгерсе,сөздің мағынасы да өзгереді)

Жыл – мезгілді білдіреді, жол – адамдар жүретін соқпақ, сүрлеу, т.б.)

Сергіту сәті.

«Сөз мағынасы» көшесіне де келіп жеттік. Тапсырманы орындамас бұрын  — сөз  нені білдіретінін  қайталап жіберейік.

Сөз дыбыстардан құралады және әр сөздің мағынасы болады.

Сөз-заттың,қимылдың,сапаның,санның атауы.

Сөздегі дыбыс өзгерсе,сөздің мағынасы да өзгереді.

Оқулықтағы  1-жаттығуға көңіл аударайық.  (ауызша әңгіме құрау)

Суретте бейнеленген заттарды ата:орақ,балмұздақ,лақ,қайың.

Осы заттар туралы әңгіме құра.

    Атам орақпен шөп шауып лаққа берді.Лақ шауып барып енесін емді.Әжем ешкіні сауып,маған балмұздақ жасап берді.Мен балмұздақты үй жанындағы қайыңның түбіне отырып жедім.

 2-жаттығу.

Көп  нүктенің орнына мағынасына қарай тиісті сөзді тауып жаз.(тақтада орындау)

3-жаттығу .Ауызша

Жұмбақтың шешуі.қарлығаш,сабын.

Жар,кірді ашады сөздерінің мағыналарын қалай түсінесің?

Жар-тасқын судың шаюынан пайда болған өзеннің тік биік не құлама  жағасы,беткейі.

Жар-жұбай,ерлі-зайыпты адамдардың бір-біріне жақындығын білдіретін туыстық атау.

Кірді—қимылды білдіреді,бөлмеге кірді.

Кірді-жуылған киім дегенді білдіреді.

Ашады-қимылды білдіреді,есікті ашу.

Ашады-кірдің ласын кетіреді деген мағынада.

4-жаттығу.Топтық жұмыс.

Ӏ-топ.Үй жануарлары:

ӀӀ-топ.Түр түстер:

ӀӀӀ-топ.Сандар атаулары:

Сөздерді қанша топқа бөлдің?

Үшінші топтағы сөздер қандай мағынаны білдіреді?

Сабақты бекіту:

«Кім тапқыр?» ойыны.

1.Алғашқы әріп «қ» болса,

Аты әйгілі мекенмін.

«қ» орнына «б» қойса,

Кішірейіп кетемін.

«б» орнына «д» қойса,

Көз жеткісіз мекенмін.   (қала-бала-дала)

2.Екі жағым «н» болса ,

Қасиетті тағаммын.

Екі жағым «а» болса,

Ең қадірлі адаммын.  (нан-ана)

-Бұл жұмбақтардан қандай ой түйдік?

-Сөздегі дыбыс өзгерсе ,сөздің мағынасы да өзгереді.

Ойын  «Сөз құра» Сөз мағынасын ашып айт.

Ӏ-топ. я,ш,н,а.(шаян)

ӀӀ-топ.т,я,и,а,қ. (тақия)

ӀӀӀ –топ. о,я,б,у. (бояу)

Әр сөзге дыбыстық талдау жаса.

Сөз мағынасы туралы не білдік?

Сөз дыбыстардан құралады және әр сөздің мағынасы болады.

Сөз-заттың,қимылдың,сапаның,санның атауы.

Сөздегі дыбыс өзгерсе,сөздің мағынасы да өзгереді.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 5-жаттығу.96-бет

 [bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *