Басы » Бастауыш сыныптар » Ұ дыбысы мен әрпі

Ұ дыбысы мен әрпі

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Шабдаржап ауылы

Харькин орта жалпы білім беретін мектебі

Ата- аналар комитетінің төрайымы

Бастауыш сынып мұғалімі

Ихсанова Гульмира Искаковна

Тақырыбы: Ұ дыбысы  мен әрпі

Мақсаты:

  1. Оқушыларға Ұ дыбысы  мен әрпін  таныстыру, сөз ішіндегі  ұ  дыбысының ерекшеліктерін меңгерту.
  2. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ұ дыбысының  ерекшеліктерін таныту, оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
  3. Табиғатты  қорғауға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, оқу- жазу

Сабақ көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, флепчарт

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу   Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар әлемді құрметтеп

Бас иеміз біз

1,2,3 біздің сынып тып- тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз

  1. Сабақтың мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі

Сабағымыздың мақсаты: Ұдыбысы мен әрпін таныту сөз ішіндегі ұ дыбысының ерекшелігін меңгерту.

Жаңа сабаққа кіріспе

Жұмбақ шешу:

Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса,өзіне шыр байланар.           (Ұршық)

Ұршық  деген  сөзінде  қандай  дыбыс сендерге таныс емес?

Ұдыбысы                                                                                                                                    3. Жаңа сабақ.

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді

— Қандай дауысты дыбыстардың түрлерін білеміз?

— Жуан дауысты дыбыстар: а,о,ы  ұ әрпін жаздыру

— Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і

Ұ дыбысын  хормен айтқызу

Ұ дыбысы жуан дауысты дыбыс, өйткен жуан және созылып айтылады.

«Сөз ойла»  ойынын ойнайық

Ұ дыбысы бар сөздерді және кісі аттарын айтқызу

Кіс аттары: Ұлан, Ұлжан, Ұлдай, Ұлдана,Ұлтай.

Жұлдыз ,  ұшақ , тікұшақ   сөздерін буынға бөлу

Жұл-дыз  сөзінде ұ дыбысы бірінші буында кездеседі

Ұ-шақ   сөзінде  ұ  дыбысы  бірінші буында кездеседі

Тік- ұшақ    өзінде екінші буында кездеседі

Мәтінмен жұмыс

Ұшқыш  мәтінін тізбектеп оқыту, түсінгендерін айтқызу.

Өлең жолдарын мәнерлеп оқыту, түсіндіру, авторымен таныстыру.

Т.Молдағалиев 20 наурыз 1935 жылы туылған Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Казатком ауылында дүниеге келген Қазақтың біртуар ақыны. 2011жылы 10 қазанында дүниеден озды.

Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин

Тоқтар Аубакіров Қазақтың тұңғыш ғарышкері. Одан кейін 4 жылдан соң ғарышқа қазақ азаматы Талғат Мұсабаев ұшты. Осы ғарышкер ағаларымыз сияқты білімді, салауатты өмір салтын сақтасақ, батыл болсақ қана ғарышкер бола  аламыз.

Ғарышкер туралы қандай өлең жолындарын  жатқа білеміз?

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық ,

Кәне қанат қағайық .

Қарлығаш  боп ұшайық ,

Ұшып, ұшып алайық.

Буындардан сөз құрау

Бұ                                ұ                                                             дас

лақ                                 шақ                      құр

құ                                 құ                                                            бақа

Суретке қарап  әңгіме құрау.

Суретте  ұзақ  құсы. Суреттің астында керекті сөздер берілген Осы  сөздерді  пайдаланып әңгіме құраймыз.

Ұзақ құсы туралы түсінік беру.

Ұзақ жыл құсы. Көктемде ұзақ келсе қарттарымыз қуанады. Ұзақ егістіктегі зиянды жәндіктерді жеп адам баласына  пайдасын келтіреді.

Ұзақ                       құмыра                   су                     құйылған

Шөлдеді                тұмсығы               тас                    көтерілді

Құстар- біздің  досымыз. Құстарды қорғауымыз керек. Құстар көп болса , зиянкез жәндіктер аз болады.

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіптіде.

Екі саусақ бірікті ,

Қолға ине ілікті.

Үш саусағым орамды ,

Жүгіртеді  қаламды .

Өнерлі ғой он саусақ,

Қала  салсақ, жол салса

Ұ әрпінін баспа және жазба түрін көрсету. Ұ әрпінін кіші әрпін жазуды ауада жазып көрсету.

Тақтада жазу.

Ұшақ сөзіне дыбыстық талдау жасау .

Сөздік  диктант  жаздыру .

Сұр, ұр, ұл, құр, ұн, ұшақ,ұзақ,тұр.

Көшіріп жазу

Ұн                  ұт                    ұс                      ұр

Ұнтақ           ұтқыр              ұстаз         ұршық

  1. Жаңа сабақты пысықтау

«Баспалдақ» ойынын ойнату

Ұ  Л

Ұ  Л  У

Ұ  Ш  А  Қ

Ұ  Ш  Қ  Ы  Ш

— Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Ұ жуан дауысты дыбыспен таныстық.

  1. Қорыту.

Өте жақсы жауап берген оқушыларға  зымыран.

Жақсы жауап  берген оқушыларға  тік ұшақ.

 


[bws_related_posts]

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *