Басы » Cыныптан тыс » 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні

9-мамыр Ұлы Жеңіс күні

ардагерМаңғыстау облысы Ақтау қаласы

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернат
Мектеп-интернат тәрбиешісі
Тулегараева Бибигул Алшаровна

[bws_related_posts]

Мақсаты:    Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеу,  шын  бағасын беру.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.
Сахнаға  екі   жүргізуші  шығады.
1-жүргізуші:  Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.

Ведущий :  Этот славный День Победы. Эта славная дата – 9 мая, прочно вошла в нашу жизнь, как самая значительная победа нашего народа в борьбе с захватчиками. По всей стране в этот день взмывают в небо праздничные салюты, призывая нас никогда не забывать о великом подвиге всего народа. Салют – защитникам нашей Родины.

Кенес  Элнара

1-жүргізуші: Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі –қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айыбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді.

Ведущий. Победа и мир — эти два слова неотделимы одно от другого. Ведь сражаясь на полях войны каждый солдат, каждый офицер думал о победе, о мире, о счастливом будущем для своих детей и внуков

Бибигулдин  кызы
2-жүргізуші: Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді»- дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр.
1-жүргізуші: Өнерлінің өнерін
Қане байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік,
Күй мен жырға кезек берейік.
2-жүргізуші: Батыр бойында қайрат, күш-жігер, қайсарлық молынан көрінеді.
Бауыржан атамыздың әділетсіздікке, екі жүзділікке қарсы тұрып, талай жерде өзіне жау тапқандығын тілге тиек етеді. Батыр бейнесінің әр қыры оның өз шығармаларынан анық байқалады.

1-жүргізуші: Бейбітшілік жайлай берсің жер бетін,
Туы мәңгі желбіресің жеңістің.

2-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.

1-жүргізуші: Жолдастары бастарына гүл қойыпты… Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз.

1-жүргізуші: Сүйінші, халқым, сүйінші!
Белінді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!
2-жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
1-жүргізуші: Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!
«Ағаларым» әні залды шарықтап орындалып тұрады. Қолдарында гүл шоқтары бар оқушы балалар марш екпінімен залға кіріп, ардагерлерге тағзым етеді. «Ағаларыма» әні орындалады.
2-жүргізуші. Қаптап көкке абырой мен бақ құсым,
Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым.
Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді.

И все-таки долгожданный день пришел. 9 мая 1945 года — день Победы, день всенародного ликования, радости, но радости со слезами на глазах: 20 миллионов жизней стоила нам эта победа.
1-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз.
Міне, біз сол тамаша Жеңістің 65 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта болмайды,

Мәңгі есте сақталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *