БҚО. Жаңақала ауданы
Жаңақала ауылы.
№3ЖОББҚМ.
мектепалды даярлық тәрбиешісі
Бижанова Бакыт Абаевнаның
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Сауат ашу Тақырыбы: І дыбысы және әрпі Мақсаты: а)білімділігі: І дыбысы мен әрпін таныстыру.І әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып,жазып үйрету,соннымен қатар,өз тілінің қадыр-қасиетін ұға білуге үйрету ә)дамытушылығы: Ідыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушының сөздік қорын,сөйлеу тілін дамыту. б)тәрбиелілігі: Сауатты,көркем жазауға тәрбиелеу. Ізетті,инабатты болуға баулу. Әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік. Көрнекілігі: І і әрпінің баспа және жазба түрлері,буындар,суреттер,кеспе әріптер. Пәнаралық байланысы: дүниетану,тіл дамыту Блингвальды компоненть: ілгіш-вешелка-hind , ешкі –коза-goat
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Психологиялық ахуал. Қонақ күту салтымыз, Оқып біліп жатырмыз. Келген қонақ сіздерге Сәлем бердік жалпымыз | Балалар хормен қайталап қонақтармен амандасады. |
Іздену ұйымдастыру | Балалар,бізде бүгін ерекше сабақ болады. Бүгінгі сауат ашу сабағымызға көптеген ұстаздар қатысып отыр.Сондықтан барлығымыз жақсы көңіл күйде сабақты жақсы өткізейік.Біз үш топқа бөлініп отырмыз иә.Әр топ өз атымызға сай білімдерімізді көрсетейік. 1-тапсырма: «Кім жылдам?» Бас әріптер мен кіші әріптер жұптарын табу. 2-тапсырма: «Ойлан тап:» жұмбақтар Тышқанның мекен ететін жері қалай аталады? Киім ілетін затты не дейміз? Жалғыз аяқ боп тұр, Төбесінде доп тұр. Бұл қай әріп? Біз ін,ілгіш дегенде қандай дыбыс естіп тұрмыз? І дыбысының айтылу артикулляциясына назар аудару.дыбыстың жіңішке айтылатынын түсіндіру. І дыбысы жіңішке дауысты дыбыс. 3-тапсырма: «Сөз ойла тез ойла» әр топқа бөлек-бөлек тапсырма беремін 1-топ І дыбысы кездесетін суреттерге сөйлем құрау. 2-топ Ойыншықтарға мысал келтіру. 3-топ Берілген сөздерді текшемен жазу. Тіл ұстарту жаттығуы Кі-кі-кі-бұлаңдайды түлкі. 4-тапсырма: «Ойнайық та ойлайық!» (Дәптермен жұмыс) Ішік,көгершін,ешкі сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы дыбыстың орнын ажырату. Дәптердегі буындарды оқытамын. і — н ін ін ін інім ініме і — с іс іс іс ісі ісіне к — і кісі кіші т— і ті тісі Мақал Кітап-білім бұлағы. Кітап туралы мағұлмат беру. Сегіту сәті 5-тапсырма: « Сиқырлы қалам» І әрпінің баспа түрін алдымен ауада жазып көрсетіп,дәптерге жаздыру. Ребус шешу Әріптерден сөз құрау. Қандай сөз шықты? Жеміс сөзінде і дыбысы барма? Қай буында тұр? | Үш топқа бөлінеді.
Алғырлар Тапқырлар Қырандар
Балалар ойынға қатысады.
ін
ілгіш
І дыбысын
Тапсырмаларды орындайды |
Рефлексивті түзетушілік | І дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру. Ойын: Әріп тастамақ» «Балаларға әріптер үлестіріп сол әріптен басталатын сөздер ойлап тапқызу. Әр топты мадақтап,бағалаймын. | Сөздер ойлап табады
Әріп бойынша сөздер айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Балалардың білуі: І дыбысы және әрпімен танысады.
Бададардың меңгеруі:І дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін біледі.
Балалардың жасай алуы:Дыбысқа сөз құрап,текшемен
[bws_related_posts]