М.Ахметбеков атындағы орта мектебі
Өткізген: Сарсикеева А.Е
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: Өткен тарау есептерін қайталау арқылы өз білімдерін тиянақтап көрсете білу керек. Есептеуде ауызша, жазбаша тәсілдерді қолдану,логикалық ойлана отырып орындау қажет . Тапқырлықпен шапшаң, өз бетінше топпен жұмыс жасай білу тиіс.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс түріндегі сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,іздену,логикалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, фигуралар.т.б.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі . 5 минут Оқушыларды асық түстері арқылы топтарға бөлу Әр топ мүшелері өз міндеттерін бөлісуі ,анықтау. Бағалау парақтарын тарату,
2.Психологиялық дайындық. 2 минут
Мақсатымыз білім алу.
Міндетіміз еңбектену,
Еңбек етіп топтаса,
«5-ке» қолды жеткізу.
- Өткен сабақты пысықтау . 5 минут Оқушылар өз топтарының асықтарының түсіндегі белгіленген сұрақтарға жауап береді.
Ақ түсті асық ақ дөңгелек сұрақтарына.
Қызыл түсті асық қызыл бесбұрыш сұрақтарына.
Жасыл түсті асық жасыл үшбұрыш сұрақтарына.
- Логикалық тапсырмалар беру. 6 минут Үш топқа парақшаға жазылған тапсырмалар таратылады. Бұл тапсырма топпен шешіледі.
1 — топ: «Жыл қайыру» есебі.
— Нешедесің?- деді ақсақалға жігіт ағасы . -4 жылқы, тоқтымын, — деді Тәттімбет күйші. Тәттімбет неше жаста? Дананың сөзі асыл тас. Жауабы.Тәттімбет 4 жылқы деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос деді, яғни 49+2=51.
2-топ — «Бәрін бірге ойлап қой» есебі.
Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос-қос лақты қос ешкі, Төрт қозылы екі қой, Бәрін бірге ойлап қой. Бұл есеп Қырық бір түйір құмалақ, өтірік айтпай, шынын айт, — түйіндеуімен бітеді де Қазақ даласында да құмалақшының да өз есебі бар екендігі, оның құрмет пен сенімге ие болғанына құмалақшы да бірлікке шақырғанына күмәнданбаймыз. Жауабы: 19 бас мал.
3 — топ: «Үнді шәйі» есебі.
Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың? Бұта түбі кеуегі, Кеуегінде көжегі. Бұлай деп айтуы есепті шешуге болатындығын, әрі ол өзіне таныс нәрседен басталады дегенге тіреледі. Жауабы: қант құрғақ шай үстіне түсті Топтар өзара бірін- бірі бағалау
5.Сергіту сәті: 2 минут
Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақ.
1, 2, 3 біз есепке салдық күш,
«Артық» десе қосамыз
«Кем» десе аламыз,
«Есе артық» десе көбейтеміз.
«Есе кем» десе бөлеміз.
Бір, екі үш.
- Оқулықпен жұмыс 3 топқа есептерді бөліп беру.5минут
№5. Бос орынға тиісті санды қой.
№6. Тез есепте
№7. Есепті оқы: шешуін жауабын жаз.
№9, 10
Өздерін топ басшысының бағалауы.
7.Жұптық тапсырма 5 минут
1 — топ. 1) Қабырғасының ұзындығы 4 см — ге тең шаршының периметрін тап.
2 — топ. 2) Периметрі 24 см; 32см; 28см — ге тең шаршының қабырғасының ұзындығын тап.
3 — топ. Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыштың периметрі 22см. үшінші қабырғасының 6см. Үшбұрыштың өзара тең қабырғаларының ұзындығын тап. Екеуара бағалау
8.Өзіндік жұмыс. 7 минут « Меңгере біл» Осы мақалдардың мағынасын түсіндіріп меңгер және осыған байланысты есептер құрастыр
3 — санына байланысты
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.
3+3=6 33+33=66 3X33=99 Т.С.С
4 — санына байланысты:
Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда.
Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.
Төрт аяғы тең жорға сүрінерде де саспайды.
8 — санына байланысты:
Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.
Санақ санамай сегіз деме, сынап — сынамай дос деме.
Өзін-өзі бағалау әдісі
- Атауын айтпай — ақ фигураларды сипатта. 3минут
Ойын. «Мен қай фигурамын?»..
Төрт қабырғасы бар, төрт бұрышы бар. Қарама – қарсы қабырғалары тең. Төрт бұрышы бар, екі бұрышы доғал, екі бұрышы сүйір. Төрт қабырғалары бар.(тік емес төртбұрыш )
Бір бұрышы тік, екі бұрышы сүйір. Үш қабырғасы бар. (үшбұрыш )
Төрт қабырғасы бар. Барлық қабырғалары тең. Төрт тік бұрышты. (шаршы )
Мұғалімнің бағалауы
Қорытындылау. 5 минут Әр топ өз мүшелерін бағалайды, мұғалімнің бағалауымен қортындылау,сабақты аяқтау. Әр оқушы өзінің бейнесін тақта бетіне стикер арқылы көрсету.