Басы » Ғылыми жобалар » КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР — ӘЛЕМ ЖАУЫ

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР — ӘЛЕМ ЖАУЫ

КОМПЬЮТЕРЛІК  ВИРУСТАР — ӘЛЕМ ЖАУЫ

 Тоқмырза Мәнсия

Еңбек негізгі мектебінің  7 — сынып оқушысы,

Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы

Жетекші: А.А.Ыбраева

Еңбек негізгі мектебінің   информатика пәнінің мұғалімі, Мұғалжар ауданы,

Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы

 

Мақсаты: Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету

 Міндеттері:

  1. Компьютерлік вирустарды теориялық тұрғыдан жіктеу міндеттері:
  2. Компьютерлік вирустарға қарсы программаларды жүйелеу.
  3. Antiviral Toolkit Pro ( AVP ) программасына сипаттама беру.

Зерттеу нысаны: Компьютерлік вирустар және оларға қарсы программалар.

Зерттеу пәні: Информатика және компьютерлік технологиялар.

Болжам: Егер әрбір қолданушы берілген тақырыпты  жан-жақты, терең меңгерсе, дербес компьютермен жұмыс кезінде қолайсыз жағдайларға кезікпес еді.

Ғылымға пайдасы: Вирустар  және олармен күресудің, сақтанудың жолдары туралы, ену мүмкіндіктері, бүлінген файлдарды емдейтін құралдар туралы мағлұматтар беру.

 

 

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі  бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.

Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті  дамудың қажетті шарты болып табылады.

Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының  «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар.

Сондықтан да біздер компьютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай кедергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек.

Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.

Компьютерлік вирус  — арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа да зиянды іс-әрекеттер  жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдарды орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с).

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбіне сырт көзге көріне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустық көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде «вирус жұққан» программалар саны көбеймей тұрғанда, ондай вирустың бар екені көзге еш байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттен тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мұндай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

  • Кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
  • Экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады.
  • Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
  • Көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т.с.с.

Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені де байқалмай қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті оданда терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсермен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, содан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалы, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға өте аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтерді іштен «мүжіп», құртып жататын вирустарға не істеуге болады?

Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек. Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім болады да өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

  • Резиденттік вирустар;
  • Резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан іске бірден кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазып алады да, оның қалай «жұққанын» адамдар білмей қалады.

Компьютерге вирустың ену мүмкіндіктері

Компьютерлік вирус дегеніміз не?

Компьютерлік вирус дегеніміз — өлшемі бойынша (200 ден 5000 байтқа дейін) кіші арнайы компьютерлік программа. Басқа программалардың кодына біріктіреді. Ол компьютерге (қолданудың) қолданушының бақылаусыз «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымдалған » программа жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа программаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандайда бір зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған информацияларды бүлдіреді, оперативті жатты «ластайды» және т.с.с. Вирус бір компьютерге кірсе, басқа да компьютерлерге тарауы мүмкін.

Вирус қайдан пайда болады?

Оларды білікті программисттер қызғаныш, кектену, мансап құмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін антивирустық программаларды жазатын немесе компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Ресейде — бұл атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовский, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі өсіп отырады және өзгеруде, сондықтан компьютерлердің қолданушысы вирустардың табиғатын, вирустардың жұғу әдістерін және олардан қорғануды білу қажет.

Компьютерге вирус негізінде дисктер және лазерлік дисктер арқылы, сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кіріп, дискіні қатты зақымдайды. Дискетті зақымдау тіптен оңай. Зақымдалған компьютердің  диск жетегіне дискіні жай ғана салып, мысалы, оның мазмұнын ғана оқысаңыз да оған вирустың кіруі мүмкін. Вирус көбіне дискінің жүктейтін  секторы және кеңейтілуі exe, com, sys  немесе bat болатын орындаушы файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графиктік файлдарға сирек жұғады.

Әсер ету дәрежесі бойынша вирустарды бірнеше түрге бөлуге болады:

  • Қауіпсіз компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді, бірақ оперативті жадының бос орнын және дискідегі жадының көлемін кішірейтіп, мұндайда вирустардың әрекеттері қандай да бір графиктік және дыбыстық әсерлерде байқалады.
  • Қауіпті вирустар компьютер жұмысына әртүрлі кедергілер алып келуі мүмкін.
  • Өте қауіпті вирустардың әсері программалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, дискінің жүйелік аймағында информациялардың өшуіне әкелуі мүмкін.?

Компьютердің вируспен зақымдалғанын дер кезінде анықтау үшін вирустардың пайда болуының мынандай негізгі белгілерін білу қажет:

  1. Жұмыстың тоқтауы немесе алдында табысты жұмыс істеген программалардың жұмыс істеуінің дұрыс еместігі;
  2. Компьютердің баяу жұмыс істеуі;
  3. Файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының бұрмалануы;
  4. Файлдардың өлшемдерінің өзгеруі;
  5. Дискіде файлдар санының кенеттен үлкеюі;
  6. Оперативті жадының бос орынының өлшеуідің кішіреюі.

 

Бүлінген және вирус жұққан файлдар

 

Вирус дискідегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен көптеген программалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін.

Вирустардың мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:

  1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтулерді com және exe болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мындай вирустарды файлдық деп атайды.

Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылатын сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егер де олар  AUTOEXEC. BAT және  CONFIG. SYS арқылы іске қосылатын програмаларға жұқса, онда   компьютер өшіріліп қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.

  1. Операциялық жүйенің жүктеуші мен қатты дискінің ең баста мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар «жүктеуіш» немесе Boot – вирустар деп аталады.

Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұдай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметтер класстерлеріне жазылып қалады.

  1. Құрылған драйверлер, яғни CONFIG. SYS файлының шеткері құрылғылар көрсетілетін Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдардағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелік файлдарында (MS DOS. SYS және IO. SYS) да вирус жұқтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен олардың таралуы іс жүзінде өте сирек кездеседі.

Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне ғана «жұғады». Көбінесе бірден орындалатын файлдарға «жұғатын вирустар» жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.

  1. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар. Соңғы кезде вирустің жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда оларды қысқаша DIR – вирустары деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырын жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (FAT) файлдың соңы ретінде белгілейді.

Барлық . COM және . EXE типті файлдар үшін – каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш – таңбаланған (кодталған) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез-келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты компьютер жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін DOS программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қосылғанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осындай «ауырған» дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет. (Мысалы, Aidstest программасының соңғы нұсқалары).

  1. «Көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустар.

Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы – қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың 2 түрін «Көрінбейтін» және өздігіне өрбитін вирустарды қарастырайық.

«Көрінбейтін вирустар».

Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі — өзін — өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отырылуы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте – бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор – программалар жұмысы қиындайды.

Компьютерлік вирустардың негізгі ерекшелігін антивирустық программалардың сипаттамасын және программалар мен деректерді компьютерлік вирустан сақтау шараларын толық қарастырайық.

Қазіргі уақытта 5000-нан аса программалық вирустар белгілі.

Барлық алуан түрлі вирустар арасынан басты – басты топтарын бөліп қарастырайық:

  1. Жүктелетін вирустар – дискет немесе винчестердің жүктелетін секторына сақталатын компьютердің алғашқы іске қосатын программаларын зақымдайды.
  2. Файлдық вирустар – ең алдымын кеңейтулері exe және СОМ болатын файлдарға енеді, бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолдана алмайды, демек көбею қабілетін жоғалтады.
  3. Жүктелетін – файлдық вирустар файлдарды сол сияқты дисктердің жүктелетін секторын зақымдайды.
  4. Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді.

Желілік вирустар ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді біріктіретін желіде тарайды.

 

Компьютерлік вирустың түрлері және олардың жіктелуі

 

Қазіргі кезде 10 000 шамасында компьютерлік вирустар белгілі. Оларды әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу аумағына қарай топтарға жіктейді.

Жұмыс логикасына және мақсатына қарай оларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:

  1. «Ұстауыш вирустар» — программалық құралдар кешеніндегі  қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді       программаларды түзету кезінде белсенділік кезінде көрсетіп программа жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.
  2. «Логикалық бомбалар» — қарапайым программаларға кіріп алып білібей тұрады. Белгілі бір шарттар (көрсетілетін күн – ай мерзімінде немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін не ғұрлым көп программалар «жұғуға» тырысады.
  3. «Құрттар» — жүйелік программалаушылардың информациялық – есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан-құр жүргізіп       қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығарады және т.с.с.

  1. «Троян аттары» — қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.

Мақсаттарына қарай вирустар төрт түрге бөлінеді:

  1. «Бейсауыт» (гуманды) – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.
  2. «Шантаж жасаушы» — мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».
  3. «Насихатшы» — «өзін көрсету» мақсатында жасалады.
  4. «Мағынасыз» — атынан ақ әсері түсінікті.

Жұмыс істеу аумағына қарай вирустарды мынандай  топтарға жіктейді. Бізде ең көп тараған Aids антивирустық програмалардың авторы Д. Лозинскидің ұсынысы бойынша Вирустарды көлеміне қарай жеті топқа жіктеуге болатыны белгілі, Олар төменде көрсетілген.

Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі

Мөлшері бойынша Жұмыс істеу логикасы бойынша Жұмыс істеу аумағы боынша Мақсаты бойынша
«А» 648 байт

«В» 1701 байт

«Ұстауыштар» ДЭЕМ – дерде «бейсауыт»
«С» 1808 байт «Логикалық бомбалар» Көп машиналы кешендерде «Шантаж»
«D» n «Құрттар» Информациялық есептеу желілерінде  
«Е» 1800 байт

«N» n байт

«Z» n байт

 

«Троян аттары»

«Жолбарыстар»

 

Есептеу желілерінде, ЭЕМ желілерінде «Мағынасыз»

 

«Насихатшы»

 

 

Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілігш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады. Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісі мен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файлдар құрамына енсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым – тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты «инкубациялық мезгіл» деп атайды. Бұл мезгіл аралығында олар екпінді күйде файлдар арасына таратылып, зақым келтіруді белгілі бір уақыт мөлшері өткен соң немесе ол өзін өзі белгіленген мөлшерде көбейтіп болған соң ғана бастайды.

Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

  • Информацияны қорғаудың жалпы шаралары – дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;
  • Профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;
  • Вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтанудан ғана емес, басқа жағдайда да болатынын есте сақтаған жөн. Осындай тәсілдердің негізгі екі түрі белгілі.
  1. Информацияның көшірмесін алып отыру – файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.
  2. Керекті информацияңызды басқалардың жие пайдалануына тосқауыл қою – ол информацияны рұқсатсыз (санкциясыз) көшіріп алуды, яғни программамен дұрыс жұмыс істемейтіндерден және қателігі бар программалардан қашып жүргуді және мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді болдырмауды қамтамасыз етеді.

Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек. Мұндай программаларды бірнеше түрлерге бөлуге болады:

  • Детекторлар
  • Докторлар (программалар)
  • Ревизорлар (файлдардағы және дискінің жүйелік аумақтарындағы өзгерістерді бақылайтын программалар)
  • Доктор – ревизорлар, сүзгі – программалар(вирустан сақтайтын резиденттік программалар) және вакциналар (иммунизаторлар).

Вирустардың әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:

  • файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;
  • программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар;
  • вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.

Файлдардағы мәліметтердің белгілі бір сипаттамаларын есте сақтайтын антивирустық программалардың негізгі жұмысы – сол файлдардың жаңа сипаттамаларын бұрын белгіленіп, жазылып қойылған мәндермен салыстырады. Егер файл ішінде вирус енсе, онда олар бір – біріне сай келмейді де, программа ол туралы экранға ескертпе хабар шығарады. Осы тәсілмен бұрын белгісіз жаңадан шыққан вирус түрін де анықтауға болады. Бірақ бұрын белгіленіп жазылып қойылған сипаттамаларды вирустан мұқият сақтау қажет. Ал кейде сол сипаттамалардың өзгеруі вирустың әсерінен емес, тексергеннен кейін өзіңіздің өзгертуіңізден де болуы ықтимал. Оның үстіне, сіз тексеру сипаттамаларын жазу кезінде компьютерде вирус жоқ екеніне сенімді күйде болуыңыз қажет, әйтпесе бұл тәсіл дұрыс нәтиже бере алмайды. Сондай – ақ бұл программалардың тағы бір кемшілігіне, тексеруге көп уақыттың кетуімен бақылау сипаттамаларының файл көлемін шектен тыс үлкейтетінін жатқызуға болады. Оған қоса, ол мәліметтерді көшіру немесе аттарын өзгерту қажет болса, тағы да сипаттамаларын өзгертіп жазу керектігі түсінікті шығар.

Детектор – программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.

Доктор – программалар немесе «фагтар» вирус жұққан программалармен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни жұлып алу арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор – программалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.

Доктор – ревизорлар – доктор – программамен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде емдеп бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі – программалар компьютердің оперативтік жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина – программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус жұққан сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус – Д. Лозинскийдің Aidstest:  программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады. Бұл программаны пайдаланып компьютерді вирустардан сақтау үшін жиі – жиі дискілерді «Мысалы,»  осындай командамен тексеріп отыру керек:

Aidstest c:

Тек программалық файлдарды ғана емес, қалған мәліметтерді де түгел тексеру үшін мына команда орындалады: Aidstest c: /f

Бұдан басқа И. Даниловтың қуатты полифаг – антивирустар тобына жататын Doctor Web программасы жиі қолданылып жүр, оның бұрынғы нұсқаларын іске қосу үшін Web c:-f жолын пайдалану қажет немесе соңғы шыққан нұсқаларын drweb командалық жолы арқылы программалық ортаға кіріп, меню жүйесі бір терезеде қандай дискілерді, қалай тексеретінімізді енгізіп, оның бар мүмкіндігін (F1- ренесі – көмекші мәлімет ала отырып) толық қолдана аламыз. Вирустардың жаңа түрлері күнбе күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустық программалардың да тексеру – емдеу қабілеттері жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс болатыны түсінікті шығар.

Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді мұқият орындаған абзал:

  1. Алдымен аспай – саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.
  2. Дегенмен, бір әрекет бірден орындалуы керек – вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру қажет.
  3. Егер компьютерге «жұққан» вирус түрін емдей алатын детектор – программаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.
  4. Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.
  5. Егер дискіні барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрынғы қалпына келтіруге тырысыңыз.

Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:

  1. Информацияны әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.
  2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.
  3. Вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою.

Антивирустық программаларға сипаттама

 

Жекелеген антивирустық программаларға қысқаша сипаттама

 

Соңғы жылдары компьютерді вирустан қорғау, дискілерде жазулы программалар мен берілгендерді вирусқа тексеру, оларға енген вирустарды жою сияқты әрекеттерді орындауға арналған вирусқа қарсы түрлі программалар дайындалып шықты. Вирус табылған кезеңнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болатын вирустарды жеңетін антивирустық құралдар үнемі жетілдіріліп және дамытылып отырылады. Олардың ішіндегі танымал болғандары: Aidstes, DrWeb, NDD, AntiViral Toolkit Pro(AVP), Kaspersky Antivirus.

Доктор программалар: ең көп танымал полифаг Aidsest (құрастырушы Д. Лозинский), Scan  Norton Antivirus және Doctor Web (құрастырушы И. Данилов).

Ресейде ең көп танымал Д. Мостовтың құрастырған ревизор – программасы Adinf – бұл программаны барлық оқу орындарының компьютерлеріне орнату ұсынылды. Ол тек вирустардың екпінділігіне ғана бақылау жасамайды, оқушылардың зиянды белсенділігіне бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Вирустардан қорғайтын программалық құралдардан басқа, венчестердің нақты бөліктерін сенімді қорғауды қамтамасыз ететін тағы да арнайы қосымша құрылғы бар. Мұндай құрылғыға мысал болып Н. Фомин құрастырған Sheriff палатасы есептеледі.

  1. Drweb. exe файлы арқылы Doctor web програмасын іске қосыңыз.
  2. Dw іске қосылғаннан кейін, автоматты түрде компьютердің оперативті жадыны тестіленеді.
  3. Қандай да бір дискінің тестілеуін іске қосу үшін F5 пернесін басыңыз.
  4. Пайда болған диалог терезесінде A;/ диск жетектегі дискеттерді тестілеу үшін; D;/ лазерлік дискіні тестілеу үшін ;* — винчестерді тестілеу үшін теріледі.
  5. <Enter> пернесін басыңыз.
  6. Вирусты тапқан кезде оны емдеу үшін <Ctrl + F5> пернелерінің комбинациясын басыңыз.
  7. Пайда болған диалог терезесінде A;/- диск жетектегі дисктер үшін; * — венчестерді емдеу үшін (D;/ — диск емделмейді, өйткені CD ROM оқитын құрылғы сияқты жұмыс істейді) тереді.
  8. Программадан шығу үшін <Alt + X> пернелерінің комбинациясын басады.

NDD (Norton disk doctor – диск  қабықшасының емшісі) – вирусты табу және дискіні емдеу үшін құрылған алғашқы программалардың бірі. Aidstes, DrWeb  —  Ресейде  құрылған, жиі пайдаланылатын антивирустық программалар. Олар бірнеше нұсқалы. Соңғы нұсқалары көптеген вирустарды жоя алады (мысалы, DrWeb 326,402,423,…… ).  Бірақ бұл кезге дейін кез – келген типті вирустарды жоюға шамасы келетін әмбебап антивирустық программа әлі жарыққа шыққан жоқ. Тіпті кейбір программалар дискіде вирус барын анықтай алады да, оны жоюға шамасы келмейді.

Aidstes  программасы. Вирус енген компьютер тез істен шығып қалуы мүмкін. Осы себепті компьютермен жұмыс істеуші кісілер өз компьютерін және таныс емес дискеттерді пайдалану алдында вирусқа тексеріп отырулары қажет. мысалы, С: дискісіне Aidstes программасы енгізулі тұрған кезде А: құрылғысына ендірілетін дискетті осы программа арқылы тексеру командасы: C /> Aidstes A. (А:орнына тексерілетін басқа дискі атауын жазуға болады. Дискіні мысалы, С-ті вирусқа қарсы терең тексеру үшін Aidstes C/g/s  командасының берілуі тиіс, бірақ оны орындау үшін көп уақыт керек). (S -вирусты асықпай іздеу, G — дискідегі барлық файлды тексеру).

Егер командаға Aidstes атауы параметрсіз енгізілсе, экранда осы программаға енгізілуі тиіс параметрлер жөнінде нұсқау көрінеді.

 

 

AVP программасының мүмкіндіктері

 

AVP – Windows  операциялық жүйесінің барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып, компьютерлік вирустармен күресуге арналған программа. Жұмыс барысында AVP программасы:

  • жедел жадты ( DOS, XMS, EMS ),
  • архивтелген ( сығылған) барлық файлдарды,
  • жүйелік секторларды ( Master Boot Rekord ), жүктелуші секторды ( Boot – сектор) және дискіні бөлу кестелерін ( Partition Table) тексерді,
  • тығыздалған, сығылған файлдарды ( Unpacking Engine модулі),
  • архивтегі файлдарды ( Extracting Engine модулі),
  • иілгіш, жергілікті, желілік және CD — ROM дискілерін,
  • белгісіз вирустарды анықтауға өте қажетті эвристикалық Code Analyzer модульді тексереді.
  • вирус жоқ аймақтарды,
  • объектілердің өзгергенін немесе өзгермегенін т.б. тексереді.

AVP программасын іске қосу. AVP программасын іске қосу үшін бас менюдегі Программалар – Antiviral Toolkit Pro – Antiviral Toolkit Pro командаларын орындаймыз. Егер бұл командалар жоқ болса,   AVP антивирус программасын дискеттен орнату керек. Бұл программа іске қосылған мезетте жедел жадты резидентті вирустардан және антивирус программасының өзін вирусқа тексереді.( AVP 32.EXE файлы).

Программаны іске қосу кезінде «Зақымдалған объект» деген сұхбат терезесі пайда болған жағдайда AVP программасының дистрибутивті  көшірмесі бар болса, оның зақымданғанын өшіріп, қайтадан орнату керек. Ал, дистрибутивті көшірмесі жоқ болса, «Зақымданған объект» сұхбат терезесінде «емдеу» бөлімін таңдау керек. Программаны қайтадан іске қосқан соң, антивирус программасы өзін өзі емдейді.

AVP программасы іске қосылғаннан кейін вирусты тексеру объектісін және тексеру параметрлерін тағайындау мүмкіндігін беретін терезе ашылады. (10.1-сурет) Бұл терезе Файл, Вирустарды іздеу және «?»  белгісі бар – үш меню командаларынан, Аймақ, Объектілер, Іс — әрекет, Баптау, Статистика деген бес ішкі беттен тұрады.

Вирусқа тексеру үшін «Аймақ» (область) астарлы бетінде тексерілетін обьектіні  немесе бумаларды көрсеткеннен кейін Іске қосу батырмасын басамыз. Дискіні немесе бумаларды таңдау үшін қажетті объектіде тышқанды екі рет шертеміз немесе бос орын пернесін басамыз. Дискіні жылдам таңдау үшін қажетті дискінің жалаушасын көтеру керек. Егер тексерілетін тізімге жаңа буманы қосу қажет болса, Буманы қосу батырмасында  тышқанды шертеміз де, ашылған терезеде қажетті буманы көрсетеміз. Егер тексеру жүріп жатқан кезде оны тоқтату керек болса, Тоқтату (Стоп) батырмасын шертеміз немесе Вирустарды іздеу  менюінің Тексеруді тоқтату командасын орындаймыз. Тексеру аяқталған соң, жұмыс нәтижесін көрсететін Статистика астарлы беті ашылады.

Программадан шығу үшін, Файл      Шығу командасын орындаймыз немесе орыс әріптерінің регистрі қосылып тұрған кезде   < Alt > + < Ф > +  < Ы > пернелер комбинациясын басуға да болады. Терезені жабу батырмасын шерту немесе  < Alt > +  < F4 >  пернелерін басу арқылы да программаның жұмысын аяқтауға болады.

Вирустарды іздеу және өшіру. Егер компьютерде өте құнды ақпараттар сақталған болса, олардың резервті көшірмесін басқа дискетке немесе магнитті таспаларға жазып алған дұрыс, себебі ешқандай антивирус программасы ақпараттардың резервті көшірмесі сияқты сенімді бола алмайды.

Аймақ астарлы беті тексеруге қажетті дискілерді: Жергілікті дискілер

( Локальные диски) – компьютердегі қатты дискілерді, Желілік дискілер (Сетевые диски) – желідегі дискілерді, Иілгіш дискілер (Флоппи – дисководы) – дискет таңдау мүмкіндігін береді.

Қажетті объектіні ерекшелеп белгілеген соң, тышқанның оң батырмасын шерту арқылы онымен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін жанама меню ашылады.

Аймақ астарлы бетіндегі  Объект – нәтиже терезесінде қажетті хабарды іздеу мүмкіндігі бар.Ол үшін  < Ctrl > +  < F > қос пернесін басу арқылы іздеу режимін қосамыз да, енгізу қатарына қажетті хабарды теріп жазамыз. Іздеу үшін < F3 > пернесін басамыз немесе Табу батырмасын шертеміз. Іздеу терезесінен шығу үшін < Esc > пернесін басу қажет. Хабарды іздеуді тексеру жүріп жатқан кезде немесе ол аяқталуға жақындаған кезде, яғни хабар бар кезде жүргізу керек.

Объектілер Ішкі бетінде тексерілетін «Жады», «Секторлар», «Файлдар», «Сығылған файлдар», «Архивтер» обьектілерінің бірін көрсету керек.(10.2) Егер осы объектілердің ешқайсысы да көрсетілмесе, AVP программасы объектіні көрсету қажеттігі туралы мәлімет береді.

Тексерілетін файлдың типін де көрсетуге болады. «Барлық файлдар» батырмасын шерту арқылы барлық файлдарды тексерген сенімдірек болады.

Вирустарды іздеу / емдеу әрекетін бастамас бұрын, зақымданған және күмәнді объектілерді бөлек бумаларға көшіріп жазатын режимді тағайындауға болады. Ол үшін Іс — әрекет астарлы бетіндегі «Бөлек бумаға көшіру»  қатарындағы жалаушаны көтеру керек.(10.3) Бұл кезде бумалардың атын теріп жазу мүмкіндігі беріледі, алдын ала келісім бойынша зақымдалған объектілер – Infected, ал күмәнді объектілер  – Suspicious бумаларына жазылады.

Бұл бумалар AVP программасы жазылған орында сақталады. Ал бумалардың атын өзгерту қажет болса, командалық қатарда басқа атты теріп жазамыз.

Зақымдалған объект табылған мезетте, экранға сол обьектімен орындалатын іс-әрекетті таңдау мүмкіндігін беретін «Зақымдалған обьект» сұхбат терезесі шығады. Егер «Бөлек бумаға көшіру» ауыстырып қосқышы қосулы тұрса, онда бұл  объектілер басқа бумаға көшіріледі.

Зақымдалған   объектінің сұхбат терезесі. Егер іс-әрекет астарлы бетіндегі Емдеуге сұраныс  ауыстырып қосқышы қосулы тұрса, зақымдалған обьект табылған мезетте Зақымдалған объект сұхбат терезесі ашылады.

Бұл сұхбат терезесінде зақымдалған объектінің аты, оны бүлдірген вирустың аты және сол объектімен орындауға болатын іс-әрекеттердің тізімі шығады.Зақымдалған объектімен орындалатын іс-әрекеттер:

Тек қана нәтиже (только отчет) – вирус табылған обьект  және сол вирус жөніндегі мәліметтер, яғни жұмыстың нәтижелік есебін береді.

Емдеуге сұраныс немесе Сұраныссыз емдеу (Запрос на лечение или Лечить без запроса) – зақымдалған обьектіні емдеу жолдары, мұның нәтижесінде обьектідегі вирус өшіріліп, обьектінің өзі түпнұсқасына сәйкес қалыпқа келтіріледі.

Сұраныссыз өшіру (Удалять без запроса) – зақымдалған файлды дискіден өшіру.

Кейбір жағдайларда антивирус программалардың өзі вирусты емдей алмайды. Мұндай жағдайда, аты көрсетілген вируспен  ауырған обьекетіні емдеу мүмкін еместігі жөнінде мәлімет шығады. Мұндағы  NAME OBJECT – зақымданған обьектінің аты, ал NAME VIRUS – жұққан вирустың аты.

Егер Ия батырмасын шертсек, бұл обьект өшіріледі де, емдеу мүмкін емес барлық обьектілерді өшіруді құптау жөнінде мәлімет шығады.Егер тағы да Иә батырмасын шертсек, барлық емдеу мүмкін емес вирусқа  шалдыққан обьектілер өшіріледі. Жоқ батырмасын шертсек, зақымдалған обьект терезесіндегі «Барлық зақымдалған обьектілер қолдану» жалаушасы көтерілулі тұрса, тағы да өшіруді құптау жөніндегі терезе шығады. Ал, бұл жалауша көтерілмеген болса, қайтадан Зақымдалған обьект сұхбат терезесі ашылады.

Баптау параметрлерін үнсіз келісім бойынша тағайындау. Баптау параметрлерін тағайындағаннан кейін AVP программасы әрбір қосылған кезде осы шамалар сақталу үшін, Файл ® Баптау параметрлерін үнсіз келісім бойынша сақтау командасын орындаймыз. Осы сақталған параметрлер келесі жолы өзгертілгенге дейін AVP бумасындағы Defauit . prf  файлында сақтаулы тұрады.

Баптау параметрлерін сақтау. AVP  программасы баптау параметрлерін файл ретінде сақтап қою мүмкіндігін береді. Баптау параметрлерін өз қалауымызша тағайындағаннан кейін, Файл  — баптау параметрлерін сақтау… командасын орындаймыз. Ашылған терезеде файлдың сақталатын орнын көрсетеміз де, атын теріп жазамыз.Баптау параметрлерінің бірнешеуін сақтап жазу үшін осы әрекетті қайталаймыз.

AVP Monitor  — үнемі жедел жадта жұмыс істеп тұратын резидентті антивирус программасы. Бұл программа файлдарды оқу кезінде оны бірден вирусқа тексереді, сондықтан ол жүйе зақымданғанға дейін  вирусты іздеп тауып, құрту мүмкіндігін береді.

Қорыта келіп компьютер автор үшін вирустың мазмұнын, мақсатын, құрлымын анықтай алмайды, ол тек сіздің идеяларыңызды жүзеге асыруда қолданылатын техникалық құрал болып табылады.

Мұнда вирустың  берілгендер ақпараттарымен жұмыс істейтін программа үлгісі ұсынылып онымен жұмыс істеудің ерекшеліктері баяндалады.

Компьютерлік вирус  — арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген » деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады.

Соңғы жылдары өздерінің зиянкес әрекеттері нәтижесінде не «қызықшылық» үшін басқа компьютерлердің жұмысын бұзуға, яғни оған кірістірілген программаларды істетпей тастауға тырысатын программалаушы авторлар саны көбейіп кетті.

Компьютерге вирус негізінде дисктер және лазерлік дисктер арқылы, сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кіріп, дискіні қатты зақымдайды.

Қазіргі кезде компьютерлік вирустармен күресуде үлкен тәжірибе жинақталды, антивирустық программалар жасалды, программалар мен деректерді қорғау шаралары айқындалды. Вирус табылған кезеңнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болатын вирустарды жеңетін антивирустық құралдар үнемі жетілдіріліп және дамытылып отырылады.

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады.

Вирустарға қарсы өзге программалар сияқты сырқы жадта сақтаулы файлдарымен бірқатар іс — әрекеттер орындауға болады.

Пайдаланушылар күнделікті жұмыс барысында вирустың көп кездесіп іс-әрекеттерді жиі орындатпай, олармен күресуге көп  көңіл бөлініп отыр.

Бұл курстық жұмысымды қорытындылай келе, осы жұмысымда компьютерлік вирустың  компьютерге ену мүмкіндіктерін, компьютерлік вирустың түрлері және жіктелуі, бүлінген және вирус жұққан файлдар туралы және де, компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері мен оларға қарсы программалар туралы толық мәліметтер  көрсетіліп жазылған.

Компьютерлік   вирус  бойынша  бұл курстық жұмысым  қысқа  мазмұны   бойынша   жалпы   теориялық   әдебиеттердің   барлығының орнын толтыра алмағанымен, компьютерлік вирустың жалпы  мәселелерімен  таныстыруда өзінше бір жол көрсетушінің рөлін  атқаруға, әрбір маңызды программалар ережелерімен, ақпарат жүйелер ғылымының ерекше тілімен, арнайы  түсініктерімен таныстыруға бағытталған.

Бұл курстық жұмысым бірқатар проблемаларды қамтиды, ол ақпараттық ойлар мен ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйенеді, саланы жүйелік құбылыс ретінде қарастырылады.

Компьютерлік вирустардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде нақты жұмыс істеуді үйрену арқылы әрбір адам өзінің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырып, ақпараттық мәдениетті болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Абуов А.Х., Абуова Ж.К. компьютер үйренудің нәтижелі әдісі.
  2. Алексеев А.П Информатика Москва 2002
  3. Ахметов К Есептеу техникасы және программалау.Алматы;1996
  4. Байжұманов М.Қ. Жапсарбаева. Л.Қ. Информатика.
  5. Байшоланова.Қ.С. «Ақпараттық жүйелер теориясы»
  6. Балапанов.Е.Қ, Бөрібаев.Б, Даулетқұлов.А.В «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ».
  7. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер. Алматы. 1995
  8. Ермеков.Н, Қараев.Ж, Стифутина.Н. «Информатика».
  9. Есипов. Е Информатика СПБ;2001
  10. Информатика және физика журналы.
  11. Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум.
  12. Каймин В.А Информатика: Оқулық Москва 2001
  13. Камардинов О. Информатика.
  14. Макарова Н.В Информатика: Оқулық Москва 2001
  15. Шаріпбаев.А. «Информатика» .
  16. Шафрин Ю. А Основы компьютерной технологии М;1997.

 

Мәселе: Қазіргі ақпараттық заманда компьютерді ақпаратпен жұмыс кезінде кездесетін компьютерлік вирустардың алдын алу мәселесі туындайды.

 

Мақсаты: Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.

 

Міндеттері:

  1. Компьютерлік вирустарды теориялық тұрғыдан жіктеу міндеттері:
  2. Компьютерлік вирустарға қарсы программаларды жүйелеу.
  3. Antiviral Toolkit Pro ( AVP ) программасына сипаттама беру.

 

Зерттеу нысаны: Компьютерлік вирустар және оларға қарсы программалар.

 

Зерттеу пәні: Информатика және компьютерлік технологиялар.

 

Болжам: Егер әрбір қолданушы берілген тақырыпты  жан-жақты, терең меңгерсе, дербес компьютермен жұмыс кезінде қолайсыз жағдайларға кезікпес еді.

 

Ғылымға пайдасы:  Вирустар  және олармен күресудің, сақтанудың жолдары туралы, ену мүмкіндіктері, бүлінген файлдарды емдейтін құралдар туралы мағлұматтар беру.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………..4.

 

І. Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама

 

1.1. Компьютерлік вирус………………………………………………………….6.

1.2. Компьютерге вирустың ену мүмкіндіктері……………………..9.

1.3. Бүлінген және вирус жұққан файлдар………………………….11.

1.4. Компьютерлік вирустың түрлері және олардың жіктелуі…………………………………………………………………………………….15.

 

ІІ. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары

2.1. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары…………………17.

 

ІІІ. Антивирустық программаларға сипаттама

 

3.1. Жекелеген антивирустық программаларға қысқаша

сиптаттама………………………………………………………………………………22.

3.2.AVP программасының мүмкіндіктері…………………………….25.

 

Қорытынды……………………………………………………………………………30.

 

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………33

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *