Басы » Бала бақша » Хайуанттар бағы

Хайуанттар бағы

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті,

«Таңшолпан» шағын орталығы

Абжалелова Мейрамкул

Тақырыбы: Хайуанаттар бағы

Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің  технологиялық картаcы

Білім беру саласы «Таным»
Бөлімі Құрастыру
Тақырыбы Хайуанттар бағы (құрылыс материалдарынан құрастыру,ұжымдық жұмыс)
Мақсаты ·         Үлгілерге қарап  отырып,хайуанаттар бағындағы  аңдардың  торларын «биік,төмен» мағынасын түсіне отырып,дұрыс құрастыруға дағдыландыру;

·         Балаларды  адамгершілікке тәрбиелеу;

·         Жұмыс істеуге  деген ынталарын  арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер Ұсақ құрылыс материалдары ;дымбілместің суреті;жабайы аңдар ойыншықтары,хайуанттар бағының суреті,үлгілер
Билингвалды компонент Хайуан-зверь;жабайы-дикие;бұғы-олень;тор-клетка;жыртқыш-хищник;

 

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Топқа  Дымбілмес келеді,өзімен бірге  жабайы аңдар туралы кітабын  әкеледі.

Дымбілмес:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қараңдар,мен сендерге  жануарлар туралы қызық кітап алып келдім.Мен орманға  барып,мына бұғы мен қасқырды  көргім келеді.Бұғының  мүйізі қандай әдемі!

-Балалар,Дымбілмес орманға  барамын деп тұр,қалай ойлайсыңдар,барсын ба?Қауіпті емес пе?Дымбілмес мұңайып,жануарларды көргісі келіп тұрғанын айтады.

 

 

Орындықта  отырып,Дымбілмеспен амандасады.

 

Дымбілместі тыңдайды.

 

Орманда  жалғыз жүруге  болмайтынын ,қауіпті екенін айтады.

Ұйымдастыру –іздестіру Тәрбиеші:

-Дымбілмеске қалай  көмектесуге болады?Біз орманға  бармай-ақ жабайы аңдарды қалай көре аламыз?

Балалардың  жауаптарын тыңдайды,толықтырады:

-Жабайы  жануарларды хайуанаттар  бағынан көре аламыз..

КеліңдерДымбілмеске хайуанаттар бағын құрастырып берейік.

Дымбілмес  қайта мұңайып қалады:

-Хайуанаттар бағын құрастырамызал жабайы аңдарды қайдан аламыз?

Тәрбиеші сыпайы сөздерді  қолдана отырып орманшыға   телефон соғыпартық жануарлары бар ма екенін сұрайды.Орманшы бар екенін айтып балаларды шақырады.

Тәрбиеші :

-Балаларжабайы аңдарға бармай тұрып,хайуанаттар бағын құрастырайық.

Дымбілмес:

-Аңдарға бір ғана торы бар хайуанаттар бағын құрастырайық,онда барлық аңдарға көңілді болады.

Тәрбиеші :

-Жоқ,Дымбілмес,біліп қой,есіңде сақта:барлық жануарларды  бірге  қоюға болмайды,өйткені олардың бірі жыртқыш,бірі шөппен қоректенеді.Жыртқыш аңдар шөп жейтін аңдарды жеп қояды.

Үлгі суретпен  жұмыс

Балаларға тордың үлгі суреттерін таратады.Құрылыс түрін көру үшін үш  жағынан –алдынан,қырынан,үстінен көру керектігін ескертеді.

Хайуанаттар бағын құрастыру үшін қажет болатын құрылыс материалдарымен таныстырады.

Жұптасып жұмыс істеуді ұсынады.

-Ең алдымен жұптасып алайық.Хайуанаттар бағының торын кім құрастырады,ал кім заттарды дайындап тұрады?

Тәрбиеші құрастыру барысын бақылайды,жетелеуші сұрақтар қояды.

Таспаны қосып ,машинаның  дыбысы шығады.Дымбілмес орманшы ағаймен бірге  жабайы аңдарды машинаға тиеп әкеледі.

Балаларға тордың есігін ашып,аңдарды (ойыншық аңдарды:керік,піл,маймыл,қасқыр,бұғы)орналастыруды ұсынады.

Орманшы ағай балалардың  жасаған торларын мақтап,балалармен қоштасып,кетеді.

Дымбілмес:

-Балалар,рақмет,енді өзімнің хайуанаттар бағым болады.

Балаларға    Дымбілмеспен бірге  «Хайуанаттар бағы»  ойынын ойнауды ұсынады.

 

Балалар ойланып,жауаптары мен  пікірлерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Дымбілмес пен тәрбиеші бақылайды,айтқандарын тыңдайды.

 

 

 

 

 

Хайуанаттар бағын жасауға қуана келіседі.

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды,естеріне сақтайды.

Үлгі суретті тамашалайды.

 

Ойланады,пайымдайды.

 

 

 

 

Өзара келісіп,жұптасып алады да үлгі суреттерге қарап,хайуанаттар бағының торын  ұсақ құрылыс материалдарынан құрастырады.

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

 

 

Дымбілмес пен орманшы  ағайды  қарсы алады.

 

 

Дымбілмеспен бірге аңдарды торға орналастырады.

Орманшы ағаймен қоштасады.

 

 

 

 

 

 

 

Дымбілмеспен бірге ойын ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік Тірек сызбасы арқылы сабақ барысын қорытады.Балаларды мадақтап,жақсы жақтарын айтады. Тірек сызбаға қарай отыра,хайуанаттар бағының торын қалай құрастырып,жасағандарын айтып береді.

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек Ұсақ құрылыс материалдарынан  үлкен,кіші,кең торларды құрастыруды
Нені игереді Биіктету немесе бөлшектерін ауыстыру арқылы құрылысты өзгертуді
Нені біледі Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орната отырып,ұжымда жұмыс істеуді

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *