Тақырыбы: Геолог (Әбубәкір Қайранов) .Сөйлем
Мақсаты: 1) Оқушыларға Ә.Қайрановтың «Геолог» өлеңіндегі негізгі ой мен идеяны анықтату. Геолог – ғалым Қаныш Сәтбаев туралы түсінік беру.Сөйлем туралы білімдерін пысықтау,
2) Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамытып, мәнерлеп оқуға төселдіру.
3) Қоршаған ортаны сүюге, мейірімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиеллеу
Көрнекілігі:і Қ.И.Сәтбаев суреті
Әдісі: сұрақ-жауап ,түсіндіру.
Түрі: Танымдық сабақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
: «Сурет сабағы» әні
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
-қандай атақты суретшіні білеміз?
-Біз ,мына күннің суретін аяқтауымыз керек.Ол үшін берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құру.
Сөздер: дәрігер ,мұғалім,суретші,жүргізуші,монтер,шахтер,сатушы,
спортшы,әнші,биші,аңшы,орманшы,саяхатшы,ақын,шаштараз,тігінші,ұшқыш,құрлысшы,аспазшы,ғарышкер ,шопан ,бағбан, геолог
Бұлар мамандық иелері.
Геолог туралы не білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
ә)Геолог ,ғалым Қаныш Сәтпаев туралы кіріспе әңгіме.
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы – аса көрнекті қазақ геологы. Қазақстан Республикасының ұлттық Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті. 1899 жылы 12 сәуірде Баянауыл ауданы.
Павлодар облысында туған . Осындай табиғаты сұлу жерде дүниеге келген Қанышты елі әлдиледі, оны қанаттандырды. Отанына, туған жеріне деген махаббаты кішкентай күнінен бастау алды. Қанаш Имантайұлы – жас қазақ инженері, Томскі технология институтында білім алған. Қаныш атаның бір ерекшелігі жан-жақтылығы. Әр сала адамдарымен сол ғылымның тілінде сөйлесе білген.
Қаныш Имантайұлы Жезқазған мыс рудалы ауданын, Ұлытау, Қарсақпай, Қорғасын, Қияқтыда көмір кенін ашуда көп еңбек сіңірді. Ұлы Отан соғысы кезінде танк бронын құюға аса қажет Жезді кенін ашты. Бұл кісінің біздің жеріміз үшін маңызы зор.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
Ендеше балалар біз бүгін Әбубәкір Қайрановтың «Геолог» өлеңімен танысамыз.
а)Автор туралы мәлімет бар.
Әубәкір Қайранов 1958 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан обл., Тарбағатай ауданында дүниеге келген
1981 жылы Семей педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген
ә)«Геолог» өлеңін мәнерлеп оқу
Біздің Отан жеріндей
Жер жоқ , кеннің бәрі бар,
Іздеп соны ерінбей,
Геологтер сабылар.
Асыл іздеу –азап бұл,
Шарлап тау мен даланы.
Ақырында ғажап бір
Кеннің көзін табады.
Түлетеді жондарды,
Жаңартады дала үстін.
Біз білеміз оларды
Ұрпағы деп Қаныштың.
Б)Оқушылардың жеке, тізбектей оқуы.
в)Өлең бойынша сұрақтар қою.
Біздің жерімізде қандай қазба байлықтар бар?
«Геолог» қандай мамандық деп ойлайсыңдар?
Өздерін өскенде кім боласыңдар?
V. Сергіту сәті.
VІ. Дәптермен жұмыс.
157-жаттығу Сөйлемдерді оқып, әр сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойып көшіру,
Дала қандай тамаша!Гүлдер неткен әсем!Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе?
VІІ. Сабақты бекіту.
«Кім жылдам» ойыны. Бұл ойынның мақсаты пайдалы
қазбаларды анықтау. Артық затты табу.
- Мыс, мырыш, мақта, жез.
- Алтын, жүгері, күміс, қола.
VІІІ. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу. «Кім болам?» шығарма жазу.
ІХ. Бағалау.