Мал атасы

малТақырыбы: Мал  атасы

  Мақсаты:

Төрт  түлік  жайлы  білімдерін кеңейте  отырып , мал  атасы  туралы  түсінік  беру.

Сөздік  қорларын  дамыту; сауатты жазу дағдысын  жетілдіру.

Малдарды    күтіп баптауға,қорғап,қамқорлық жасауға  деген   сүйіспеншілік  сезімдерін  ояту  арқылы тәрбиелеу.

Көрнекілігі: төрт түлік суреті, үлестірме қағаз

Әдістәсілдері:  сұрақ-жауап

 Сабақ   барысы:

1.Ұйымдастыру.

-Армысың, алтын  күн!

-Армысың,сыныбым!

-Армысың ,ұстазым!

-Армысың ,жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне,менің  қолым бос.

 

2.Үй  тапсырмасын  тексеру

а) «Саққұлақ» өлеңін  жатқа  айту.

ә)  сұрақтар:

Дыбыстар  қалай  деп  бөлінеді?

Дауысты  дыбыстар  нешеу?

Дауысты  дыбыстарды атаңдар.

3.Жаңа  сабаққа  дайындық.

Жұмбақтар: (жасырынған  суреттер)

Қабат-қабат  тоны бар,

Айналдырып  киген  бойы  бар.  (Қой)

 

Басында  екі  таяғы  бар,

Төрт  аяғы бар.

Адам  деуге  болмайды,

Сақалы  тағы бар  (Ешкі)

Кезікті  екі  жануар

Қстінде  екі  тауы  бар  (түйе)

Екі  айнасы  бар

Екі  найзасы  бар,

Төрт  сылдырмағы бар,

Бір  шыбыртқысы  ббар.  (сиыр)

 

— Бұларды қалай  атайды?

— Бұлар  кімдер?  (екінші  суреттерді  ашу)  Қалай  аталады?

Бүгінгі  сабақта  мал атасы  туралы тереңірек білетін  боламыз.Сонымен  қатар  дауыссыз  дыбыстарды  еске  түсіреміз.

4.Жаңа  сабақ.

Оқулықпен  жұмыс.

«Мал  атасы»  өлеңін  мәнерлеп  оқу.

а)  мұғалімнің оқуы

ә)  оқушының  өздігінен  оқуы

б) оқушының  дауыстап оқуы

в)  өлеңді  тізбектеп  оқу

Дәптермен  жұмыс:

Шопаната, Қамбарата ,Сексеката, Ойсылқара, Зеңгібаба  сөздерін  тақтада  және  дәптерге  жазу. Дауыссыз дыбыстардың  астын сызу.

Сергіту   сәті. Дидактикалық   ойын:  «Кім  жылдам?»

Суретте көрсетілген  малдың  төлін, атасын,пайдасын  айту

Оқулықпен жұмыс.

а)«Құлыншақ»  өлеңін  мұғалімнің  оқуы

ә) дауыстап, тізбектеп  оқу.

Б)  «Құлыншағым»  өлеңін  үнтаспадан  тыңдау.

Бағалау.

Үйге  тапсырма: «Мал атасы»  жаттау. «Құлыншаңым»  өлеңінің  екі жолын жазып,дауыссыз  дыбыс  әріптеріннің  астын  сызу

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *