№ 2Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Дайындаған: Н.Калыбаева.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің ата-анамның мамандығы»
Мақсаты: Өнегелі ұл, тәрбиелі қыз тәрбиелеп отырған ата — аналарды үлгі ету, насихаттау.Оқушылар бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу. Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу. Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз
үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер,балалардың ата-аналарының суреттері
Пәнаралық байланыс: Ана тілі,өзін-өзі тану,қазақ тілі,шет тілі.
Тәрбие сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Сәлем-сөздің анасы ( 20 тілде
амандасу)
ІІ.Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.
ІІІ.Топтастыру.(Алтын ереже құру)
ІҮ.Интервью.
ҮІ. Жұмбақ.
ҮІІ.Сандар не дейді?(70,170,55о)
Үш топқа тапсырма беріледі.
ҮІІІ.Ата-аналарға тренинг
ІХ. Ата-анаға ақ тілек
ҮІ. Қорытынды
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!
Құрметті оқушылар! Өткен сабағымызда біз не туралы өтіп едік?
Оқушылар:
( Қазақстан халқы Ассамблеясы)
Мұғалім:Қане,балалар есімізге түсірейікші, Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды ,және оның мақсаты не?
Оқушылар:
Жауабы:а) 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
ә)Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды
Мұғалім: Сонымен биыл Ассамблеяның құрылғанына неше жыл толып олтыр?
Оқушылар:
(20 жыл толып отыр).
Мұғалім:Олай болса балалар,осы атаулы күнге орай,біз амандасуымызды 20 тілде айтып көрейікші:
(Балалар ортаға шығып,20 тілде амандасып шығады.)
Мұғалім: Балалар,көп-көп рахмет!
ІІ.Жаңа тақырып туралы түсінік
-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар,киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар,шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда Кімдер?
Оқушылар: Мамандық иелері дейміз.
Мұғалім: «Айтыңыздаршы, ,үйлеріңізде осындай маман ие лері бар ма?»
Оқушылар:
Мұғалім: Иә,балалар.сонда біздің де ата-аналарымыз да, маман иелері екен.Сонымен бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы : «Менің ата-анамның мамандығы» деп аталады.
ІІІ.Топтастыру.
(Ата-анасының кәсібіне қарай топтсаптыру)
1.Аспазшы,2.Мұғалім,3.кәсіпкер
ІҮ.Жұмбақ жасыру (Слайд)
Мұғалім: Ал, мамандықты игеру үшін біз не Істеуіміз керек?
Оқушылар: Көп оқуды,көп ізденуді,қажымас қайратты,көп еңбекті талап етеді.
Мұғалім:Дұрыс.Ал,жұмыс істеген адамға ақы төленеді,ақы дегеніміз-ақша.Ал енді ақшаға ата-аналарымыз бізге не әкеліп береді екен,соны тамашалайық: «Видио »
Мұғалім: Балалар,бізге осындай қызмет жасап жүрген ата-аналарымыздың еңбегін қалай ақтауымыз керек?
Оқушылар:
Мұғалім: Олай болса, сіздерге тағы да тапсырма беріледі,ал апайлар мен ата-аналарыңыз сіздердің жазған шығармаларыңызды тамашалай берсін.
Сандар не дейді?(70,170,55о)
Үш топқа тапсырма беріледі.
Дұрыс жауаптар:
1)Ұлы жеңіске 70 жыл
2)Ұлы Абайдың 170 жылдығы
3)Қазақ хандығына 550 жыл
- Жеңістің 70 жылдығына орай сыныбымызда соғысқа қатысқан аталарының суретін слайдтан көрсету.
2)Үш топқа Абайдың үш өлеңі оқылып,мағынасын түсіндірулері керек.
1-топқа:
Пайда ойлама,ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
- Артық ғылым кітапта,
- Ерінбей оқып көруге
- 2-топқа:
- “Адамды жөн білетін дана деп біл,
- Істерін жалқау жанның шала деп біл.
- Құр жасыелулерге келсе-дағы,
- Білімсіз сондай жанды бала деп біл”
3-топқа:
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
3)Қазақ хандығы туралы бірер сөз
2015 Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай,оқушыларға жас
ерекшелігін ескеріп,түсіндірген сабақтар бойынша сұрақ қойылды:
1.Қазақ хандығы қашан құрылды?
2.Алғашқы хандарды атаңыз?
3.Қандай қанатты сөздерін білеміз?
ҮІІІ. Ата-аналарға тапсырма
Ата-аналарға әр түрлі сұрақтар қойылады,олар тек,сандарды көрсету арқылы жауап береді.Ойын оқушыларға қатты ұнап ,қошемет көрсетіп отырды.
Ата-аналарға керпіштің үлгісінде қағаз таратылып,сұрақтар жазылған.Сұрақтарға жауап беру арқылы үй салулары керек,басты мақсат: бақытты,берік жанұяны қалай сақтап жүруіміз керек екендігі.
Мұғалім: Құрметті оқушылар сабақ барысында өздеріңіз айтып өткендей,мамандық иесі болу,кәсіп ету,ақша табу,яғни жанұяны асырап,бағу оңай емес.Демек,ата-анамыз біз үшін шаршайды екен,балалар.Ал,сонда біз өз рахметімізді қалай білдіреміз?
Оқушылар өлең оқиды
«Баланың ойы»
Ей, тәкаппар, дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені
Мен үлгілі ата — ана баласы.
Жанұясы туралы шығарма
Шығармалары слайдтан көрсетіледі.
2.Әр топ мамандыққа байланысты өлең оқып беруі тиіс.
Қорытынды бөлім: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы — жанұясы. Жанұялық тәрбие ата — анамен бала арасындағы қарым — қатынастық жүйе. Олай болса, ата — ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан — жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл — Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата — ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата — ана нәзік те, қиын, қыр — сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата — анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата — ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата — атаның парызы.
— Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен.Ол мейлі бастық болсын,мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек.Осыны еш ұмытпаңдар!