№ 2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Алдажарова Гүлзада
Сабақтың тақырыбы: « Ел сенімін ақтаймыз, Жол ережесін сақтаймыз»
Мақсаты: 1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;
2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;
3 )жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам , суреттер.
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар, ата — аналар оқушылар! Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер және онда жүиткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп қатаң сақтауын қажет етеді.Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, мектепте мұғалімдер мен тәрбиешілер, ал көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сіздер құрметті оқушылар көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақ жүруге міндеттісіңдер. Ендеше бүгін біз жол ережелерімен, жол белгілерімен таныстырып білімдерін арттыру мақсатында «Ел сенімін ақтаймыз, жол ережесін сақтаймыз» атты сайыс ұйымдастырып отырмыз. Бұл сайысқа екі топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін тексеріп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады. Сайысымызға МАЙ қызметкері, бүгінгі біздің қонағымыз:………………. ағамыз келіп отыр. Сайыс қортындысын осы ағамызбен әділқазылар алқасы бағалайды. Ендеше сол әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Әділ қазылар алқасының төрағасы:
Жол полициясы бөлімінің басшысы: Искаков Махмут
Мүшелері:мектебіміздің басшысы: Қ. Дәулетова
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Л. Исаева
Енді сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырайық.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз талай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген, — деп сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
- Әр топ өздерін таныстырады.
- Көше ережесі тарихынан мағлұмат беру керек.
- Топтық сайыс «Жол белгілерін табу»
- «Топ басшылар сайысы: сіздерге сұрақтар қойылады сол арқылы білімдеріңіз тексеріледі.
- «Кім жылдам» яғни құрастырғышпен машина құрастыру керек.
- Шығармашылық жұмыс. Эссе жазу.
1 – сайыс «Таныстыру» екі топ өздерін таныстырады.
2-сайыс «Көше ережесі тарихынан»
1- топ: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.
2-топ: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күймемен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр кезінде салына бастаған.
Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.
Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127км ғана жол бар болатын.
Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болатын. Ал қазір сегіз жүз миллионнан км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңшы! Жаңа ғасыр техниканың өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.
Ендеше бағдаршамды ортаға шақырайық:( 1 сынып оқушысы: Шарапатов Ақылжан.)
Жүргізуші:
- Балалар, жол ережелер қаласында да қала әліппесі бар. «Жол белгілерін» қала әліппесі деп атаймыз. Ендеше «Жол белгілері» бөлімінде топ болып тапсырманы орындайсыздар. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілері бойынша білімдері сыналады. Мен сіздерге сұрақ қоям сұрақтың жауабын алдарыңыздағы белгілерді көтеріп жауап бересіздер.
3-сайыс Топтық сайыс: «Жол белгілерін табу»
Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек.
1 – сұрақ: Егер жүріп келе жатқан машинаның және жүргіншінің алдында қауіп төніп тұрса қандай белгі қойылады?
1-топ «Ескерту белгісі»
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікте ешқашанда қалмаған
- Кіруге болмайтын тыйым салу белгісін көрсет..
2- топ «Тыйым салу белгісі»Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
- Жүріп келе жатқан көліктің алдында шұңқыр болса, немесе жол жөндеп жатса белгілер тұрады. Бұл қандай белгі?
1-топ «Анықтама белгісі»
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
2-топ «Көрсеткіш белгісі»
Баратын сапардың жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде деот болып жанады,
Көкпенен боялған төрт бұрыш шырағым.
4- «Келесі сайысымыз топ басшылар сайысы МАИ емтиханы деп аталады». Екі топбасшы ортаға келіп мына қағаздағы тестке жауап бересіздер. Құрметті ата – аналар сіздерге дайындалған тест бар соны шешіп берсеңіздер.
Сұрақтарға жауап беру
1) Жүргіншілер деген кім?
А) Машина жүргізетін адамдар
В) Көшеде жаяу жүрген адамдар.
С) Белгілер
2) Велосипед жолы деген белгіні көрсет.
3) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге болама?
А) Болады. В) Болмайды. С) Білмеймін.
4) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады?
5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім?
6) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады?
10, 12, 14.
7) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады?
8) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп міну керек?
А) Кез – келген жерден.
Ә) Аялдамалардан.
Б) Дүкен алдарынан
9) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек?
10) Көшеде жаяу адамдар қандай жолмен жүру керек?
А) Кез – келген жолмен.
Ә) Тротуармен
Б) Автомобиль жолдарымен
Топ басшылар сұрақтарға жауап берем дегенше құрметті қонағымызға сұрақ берсек. Жақында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады. Министр елдегі қылмыстық жағдайдың жай – күйі, қылмысқа қарсы күресті күшейту шаралары және қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету туралы баяндады.
Қазақстан Президенті жасалған барлық құқық бұзушылықты түгел тіркеу және қылмыстың алдын алудың жүйелі жүргізілуі қажеттігіне тағы да назар аударды.
Бұған қоса, Мемлекет басшысы еліміздің кқлік жолдарында апаттың көбейгеніне және оны азайту үшін шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды.
- Бүгінде елімізде жол – көлік оқиғалары салдарынан жолдарда адамдардаң опат болуы жиі орын алуда. Мысалы, жыл басынан бері жол жүру ережелерін бұзудың 2,5 миллионға жуық, мас күйінде көлік жүргізудің 26 мың фактісі тіркелген, 2400 адам қаза болып, 80 мыңнан астам адам зардап шеккен, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ішкі істер министрі Үкіметтің биылғы қазан айындағы кеңейтілген отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Президент берген тапсырмаларды іске асыру барысы туралы мәлімдеді.
- Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктті қатайтуға бағытталған тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар әзірленді. Мысалы, жылдамдық режимін 40 км\ сағаттан арттырғаны үшін және қарсы бағытқа шығып кеткені үшін көлік жүргізу құқығынан айыру, ал мас күйінде көлік жүргізгені үшін 500 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салу, 300 сағат қоғамдық жұмысқа салу немесе сот шешімімен 6 ай әкімшілік қамауға алу түрінді жауапкершілік көзделеді, — деді Қ. Қасымов.
- Кездесу қортындысында Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметінің тиімділігін одан әрі артыруға, қылмыстық озбырлықтан азаматтар құқығын қорғау жөніндегі шараны күшейтуге, ішкі істер органдарында заңдылықпен тәртіпті нығайтуға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Енді осы тапсырмаларға байланысты ауданымызда болып жатқан жол көлік оқиғалары жөнінде не айтасыз?
Рахмет енді сайысымыздың келесі бөліміне кезек берсек.Сайысымыздың келесі шарты: 5-сайыс «Кім жылдам?» деп аталады.
Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі. Сіздер құрастырып болам дегенше «Ата – аналарға арналған әдістемелік нұсқаулық бар сонымен танысып отырыңыздар.
6 сайыс: Бүгінгі сайысымыздың соңғы кезеңі: Үй тапсырмасы: « Шығармашылық жұмыс» деп аталады. Яғни сіздерге «Қалың қалай жүргізуші» тақырыбында эссе жазу тапсырылған болатын ендеше ортаға шығып оқып берсеңіздер.
Енді міне біздің бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетіп қалған сияқты ендеше әділ қазылар шешім шығарам дегенше әсем әнге кезек берейік. 9 сынып
оқушысы Нысанбаева Жаңагүлдің орындауында:……………… Енді сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Сайыс қортындысы шығарып, жеңімпаз топты марапаттау. Енді осы екі топтың жол ережесіне байланысты орындайтын әндерін қабыл алыңыздар:
Жүгізуші: Қай көшеде, қай қалаға барсаңызда,
Қай ақыл өлшеміне салсаңызда.
Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,
Ол ортақ! Үлкен-кіші, баршамызға.
Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау-саламат жүреміз. Деп келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.
[bws_related_posts]