Басы » Tәрбие сағаттары » Достық- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Достық- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

достыкҚызылорда облысы

Арал қаласы

№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп- интернаты  Дайындаған: Құрманалиева Жаңагүл

Дайындаған: Құрманалиева Ж

7-сынып                                         

№2 арнайы санаториялық мектеп-интернат

Сабақтың тақырыбы: Достық- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы- көп ұлтты мемлекет екендігін, ондағы ұлттардың достығы, бірлігі, салт-дәстүрлері, мәдениеті туралы түсінік беріледі.

Дамытушылық: Ауызекі байланыстырып,жүйелі сөйлеу,тілдерін жетілдіріліп, сөздік қорлары молайтылады.

Тәрбиелік: Оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тегін тарихын білуге тәрбиеленеді.

 Көрнекілігі: слайд, жалаушалар, қима қағаздар, плакат, видео

Сабақтың әдісі: Топтастыру

Пәнаралық  байланыс: География, математика.

Сабақтың құрылымы:

І.Шаттық шеңбері

ІІ.Топтастыру.

ІІІ.Ребус арқылы тақырыпты ашу.

ІY. «Кім жылдам?»

  1. «Тіл өнері»

YІ. Қазақстандағы танымал ұлт өкілдерін білеміз  бе?

YІІ.Постермен жұмыс

YІІІ.Шығармашылық тапсырма

ІХ. «Екі жұлдыз, бір  ұсыныс»

Сабақтың барысы: Биылғы жылы біздің Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жыл толды. Бұл-бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың жылы деп аталады.                                                          Мектебімізде Ассамблеяға байланысты «Қазақстан -жасампаздық, бейбітшілік, достық мекені» атты апталық өтуде.  Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ішіндегі халық санының  көп орналасуына қарай рет-ретімен тұрамыз.Енді мен сіздерге әр  ұлт өкілдерінің жалаушаларын таратып шығамын. Қолдарыңа қандай жалауша келсе сол ұлттардың сәлемдесуімен сабағымызды бастаймыз. Жиырма төрт оқушы жиырма төрт елдің сәлемдесуін айтып шығады. Сәлемдесу- адамдардың бір-біріне құрмет білдіруі, достық пейіл танытуы. Әр адам бір-бірінің амандығын сұрасудан, бір-бірімен сәлемдесуден бастайды. Сыныптағы оқушы санын үш топқа бөлу үшін жиырма төртті үшке бөлеміз. Қанша шығады? Яғни әр топқа  сегіз баладан келеді. Тобымыздың аты қай ұлттан бөлінсе, сол ұлттың атауы беріледі.Енді балалар,тақтадағы ребусты шешуіміз керек. Ребуста қандай сөз шықты? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Достық- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» деп аталады.

І-топ Қазақ

ІІ-топ Әзірбайжан

ІІІ-топ Қырғыз

Кім жылдам?                                                                                                                                                              

Ассамблея қай жылы құрылды?

Біздің Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

Қазақстанның қай қаласында ұлт өкілдері көп орналасқан?

Қазақ хандығы қай жылы құрылды?

Қазақстандағы қазақтардың саны қанша?

Ұлы Жеңіске неше жыл болды?

«Тіл өнері»

Елбасымыз  «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi — мемлекеттiк тiл, орыс тiлi — ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi — жаһандық  экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын. Яғни Бұл бөлімде мақал -мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, 3 тілдегі баламасын айтып шығу керек. Сонымен қоса мақалдың мағынасы түсіндіріледі.

 

І-топ

1.Бірлігі жоқ ел тозады,

…..  күшті ел озады. (Бірлігі, единство, unity )

2.Қыл өтпестей татулықты ….  ашуға сатпас болар.   (бір ,один, one)

3.Бірлігі кеткен ….  жаман, (ел, народ, people )

Егесіп өткен ер жаман.

ІІ-топ

1.Досы көппен сыйлас,

…..  азбен сырлас.   (Досы, друг, friend )

  1. Ең ….. қазына –бірлік. (асыл, драгаценное, valuable )
  2. Есеніңде-тіріңде …. болыңыз бәріңіз. (бір,вместе,together )

ІІІ-топ

1.Ынтымақ оқ өтпес сауыт,

…..   тамаша сауыт. (Татулық, дружба, agreement )

  1. Татулықтан артық ….. жоқ (жолдас, товарищ, comrade )
  2. Күшті ұлт болу үшін — алдымен ішкі….., (бірлік, единство, unity )

ұйымшылдық пен татулық  қажет.

Қазақстандағы танымал ұлт өкілдерін білеміз бе?

Илья Александрович Ильин( 1988 жылы 24 мамырда дүниеге келген,ұлты орыс, Қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Қ Р еңбек сіңірген спорт шебері.)  Александр Никалаевич Виникуров (1993 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген,ұлты орыс, велошабандоз, олимпияда чемпионы) Геннади Головкин (1982 ж 8 сәуірде дүниеге келді, боксшы Қ Р чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, әлем чемпионы) Ольга Сергеевна Рыпакова (1984 жыл 30 қарашада дүниеге келген,ұлты орыс,қашықтыққа жүгіруден әлем чемпионы), Денис Юривич Тен (1993 жыл 13 шілдеде дүниеге келген,ұлты кәріс, жеңіл атлетикадан әлем чемпионы), Алишер Каримов (әнші,ұлты өзбек Тараз қаласының тумасы) Ирина Сергеевна Тень (1992 ж 16 желтосан дүниеге келген, ұлты кәріс, тележүргізуші),  Данченко Анна Александровна ( 1986 жылы 29 мамырда дүниеге келген, ұлты кәріс тележүргізуші) . Өзіміздің Арал ауданында бірнеше ұлттар тұрады. Сол ұлт өкілдерінің бірінен оқушылар сұхбат  алған болатын.Енді сол  сұхбатымызға назар аударсақ. Арал қаласының тұрғыны  Фариза апа, ұлты өзбек. Ол бірнеше жыл перзентханада акушер- гениколог болып жұмыс жасаған. Қазір зейнеткерлікте.

Топтық жұмыс                                                                                                                                                     Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілінде, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасаған.Сонымен қатар әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық ертегісін, бесік жырын, аңыздарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруде. Орыс, әзірбайжан, қырғыз халықтарының салт-дәстүрлерін, әдет ғұрпы, халық саны, жер аумағы туралы өз ойларынды жазып, соны   қорғап шығасыңдар.

Шығармашылық тапсырма

І-топ

Татулық

ІІ-топ

Тұтастық

ІІІ-топ

Бейбітшілік

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»  Сіздер бүгінгі сабақта көптеген өзге ұлт өкілдерінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыңдар. Тақтадағы Қазақстан туының жан-жағына қолдарыңыздағы  әр ұлт жалаушаларына   өз тілектеріңді және ұсыныстарыңды жазып шығыңдар.

 

Қорытындылау Еліміздің іргесі берік болып,Тәуелсіз еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын! Ырысымыз тасып, нәсібіміз молынан болсын! Қазақстан Республикасы дамып гүлдене берсін!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *