Басы » Cыныптан тыс » «Денсаулық негізі – салауатты болашақ»

«Денсаулық негізі – салауатты болашақ»

№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп – интернаты

Алдажарова Гүлзада

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық негізі – салауатты болашақ»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының  қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландырып, өркениетті елімізге лайықсыз, зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, видео ролик.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу

                                        Назарларын сабаққа аудару.

Сергіту сәті.

Топқа бөлу.

Мұғалім: Сәлеметсіздерме оқушылар. Көңіл күйлеріңіз қалай. Көңіл күйіміз жақсы болса басымызды сипаймыз. Сабаққа дайын болсақ қол шапалақтайық. Өздеріңізге белгілі осы апта5 – 8сыныптар аралығында  «Тіршілік негізі – салауатты болашақ»  атты апталық өтілуде . сол апталық аясында өткізілгелі отырған бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.  Бүгінгі біздің сабағымызға оқушыларымызға салауатты өмір салтын қалыптастырудың жолдарымен таныстыруға, зиянды әрекеттерден аулақ болу жолдарымен ой бөлісуге қонағымыз келіп отыр таныс болыңыздар.

Балалар  сендер силық алғанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше мына қоржын ішінен қолдарыңды салып базарлықтарыңды  ала қойыңдар. Енді алма алған балалар бір топқа, апельсин алған балалар бір топқа бөлінеміз. Орындарыңызға жайғасып болсақ тыныс алу жаттығуын жасап жіберейік. Тыныс алуға зейін қойған кезде біздің ақылымыз, миымыз демалады.Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз, сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Қане демалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тіктейміз. Қолдарыңды тізеге қоюға болады. Бақытқа, шаттыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер                                                                                                                    Демал, шығар..

Көзімізді ашамыз енді мына алдарыңда тұрған жаңа өздерің қолдарыңа алған жемістеріңіздің бойында қандай қасиеттері бар, қандай дәрумендерге жатады, бұл жемістерді неліктен көп жейміз?

(Оқушылар жауап береді. Денсаулыққа пайдалы дәрумендер көп. Денсаулықты жақсарту үшін жемістерді көбірек жеу керек.)

Мұғалім:Яғни дәрумендер жеп жақсы тамақтансақ денсаулығымыз мықты болады. Денсаулықты жақсарту үшін тағы не істеуге болады?

Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегенді қалай түсінесіңдер? СӨС

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Денсаулық негізі  — салауатты болашақ» деп аталады.

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, өркендеуі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.

Салауатты өмірге тәрбиелеуде баланың дұрыс, мықты, дене бітімінің қалыпты жетіліп, ой өрісінің дамуына ата – ана жауапты.

Сіз қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады.Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі.Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Денсаулық.

Елбасымыз халыққа жолдаған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал – ахуалы жақсы болуға тиіс» деп атап көрсетілген.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан мектептерінде жан – жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап.Кейде адамдардың денсаулығы түрлі жағдайларда ,түрлі себептермен бұзылып жатады. Мысалы: көлік апаты, қыста тайып құлау, ойнап жүріп балалардың дене жарақатын алуы.

Ал ең өкініштісі – адамның өз денсаулығына кері әсер ететін, тіпті өміріне қауіп төндіретін зиянды әрекеттерге әуес болуы болып отыр. Бұл айтылған зиянды әдеттер : шылым шегу, нашақорлық, ішімдік ішу, дұрыс тамақтанбау т.б.

Осыған байланысты мына бейне роликке назар салайық. Бұл жерде екі адамның жағдайы берілген осы жайында өз ойларыңызды айта кетсеңіздер оқушылар.

Сіздердің сөздеріңізді толықтыру үшін қонағымызға сөз кезегін берейік.

Жас жеткіншек жас талшыбық сияқты иілгіш, жел қайда соқса соған қарай бейімделеді, жаман әдеттерге оп – оңай бой алдыра салуы әбден мүмкін. Сондықтанда жасөспірімдерді осындай жаман әдеттерден сақтандыру үшін  бүгінгі сабағымыздың маңызы зор деп ойлаймын. Бүгінгі сабағымыз екі топтың сайысы түрінде өтеді. Ендеше шарттарымен таныстырып өтейін.

І топ – «Денсаулық»

І топ – «Салауаттылық» деп аталады.

І – кезең «Таныстыру» аттары, ұрандары.

ІІ – кезең «Кім көп біледі» (мақал – мәтелдерді құрастырып шығару)

ІІІ – кезең  Ой қозғау. «Зиянды әдеттерден аулақпыз» (темекі, арақі нашақорлық олардың зиянын ашып дәлелдеп беру)

4 – кезең «Тамшыдан теңіз» сөз ұйқастарымен өлең құрастыру.

5 – кезең Сергіту сәті. Қаражорға биі.

6 – кезең «Жағдаяттық сұрақтар»

7 – кезең «Жарнама»(Екі топ «Есірткісіз болашақ», «Салауатты өмірді насихаттаймыз» тақырыбына жариама жасайды. Рефлексия кері байланыс . (оқушылар өз ойларын түсінгендерін жазып талға жапсырады

Бұл сайысымызды әділ – қазылар бағалайды. Көп ұзамай көктем мерекесіне де санаулы күндер қалды. Көктем келгенде жер бетіне қырда өсетін көктемнің алғашқы гүлі жауқазындар  жайқалып өсіп шығады.Әділ қазыларымыз сіздердің әр кезең бойынша алған ұпайларыңызды осы жауқазынмен бағалайды. Қызыл жауқазын  — 10 ұпай, ақ жауқазын  — 8 ұпай.

Мен «Қозғалыс  — өмір негізі» деген қағиданы ұстанамын. Адамды белсенді қозғалысқа әкелетін би өнерін жақсы көремін. Би өнері ғана емес, спорт түрі деп те санаймын. Ұзақ жасаймын десеңіздер үнемі қозғалыста болып, буын биі «Қаражорғаны» билеңіздер.

Енді сабағымызды  Сара Алпысқызының салауатты өмір салты туралы «Ұстаздан ұлағат» кітабындағы « Дені сау сәби – әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби – халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі»  деген сөзімен  қортындылай келе  Елбасымыз айтқандай « Мен біздің спортшыларымыздың стадионға жүздеген болашақ чемпионның келуіне үлгі болатынына сенемін. Әлемдік спорттағы жетістіктер  — мемлекеттің мүмкіндігінің ең үздік тұсау кесері. ХХІ ғасырда тек күшті және денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады. Сондықтан мен Үкімент алдында 2020 жылға қарай еліміз халқының 30 пайызын  дене шынықтыру ісіне және спортқа тарту міндетін қойдым. Біздің спортшыларымыздың табыстары – салауатты өмір салтының көрнекті насихатшысы. Егер әрбір Қазақстандық біздің олимпиадашыларымыз қол жеткізген мақсатқа ұмтылатын  болса, онда Қазақстан міндетті түрде алдыңғы қатарлы елге айналады»  дей келе біздің мектебімізде де спортшыларымыздың қатары көбейіп келе жатқанын мақтанышпен айтқым келеді.  Соның ішінде осы сыныпта да биіктерден көрініп келе жатқан оқушыларымыз бар. Сондықтан сіздерге үндеу тастағым келіп отыр спортпен шұғылданыңыздар, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар дегім келеді.

қ4қ5

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *