Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
Шудабаева Мира Асқарқызы
Сабақтың тақырыбы: Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасы
Сабақтың мақсаты: Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасын композициялық-сюжеттік, идеялық-мазмұндық тұрғыдан талдау
Сабақтың міндеттері:
1) Білімділік: әлемдік әдебиеттің жауһары саналатын Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасын композициялық-сюжеттік талдау жасай отырып, шығарма идеясын, ондағы философиялық концепцияны анықтау;
2) тұжырым жасау дағдысын қалыптастыру, өзіндік ойлау әрекетін дамыту;
3) өмірмен күресе білуге, адам мен табиғат арасындағы үндестікті терең ұғынып, қиындыққа қайсарлықпен қарсы тұруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, басяндау, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы слайдтар, бейне және аудио жазбалар
Пәнаралық байланыс: география, философия, бейнелеу
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) студенттермен амандасу, сабаққа қатысымын түгендеу
ә) студенттерді сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар тақтада шығып тұрады, астынан студенттер жауап бергеннен кейін дұрыс жауабы шығу керек )
Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы тексерудің алдында өткен сабақта «ХХ ғасырдың Байроны» деген атақ алған жазушының кім екені сұралады. (Жауаптан кейін Э.Хемингуэйдің суретін шығару)
- Э.Хемингуэй дүниеге келген жыл?
- Жазушының туған жері
- Қалам тербеген жанры
- Шығармалары:
- Жазушының қолтаңбасын көрсету
ІІІ. Студенттердің білімін жан-жақты тексеру (үйге берілген тапсырма бойынша 2 студент жазушы өмірінен дайындаған қосымша мәліметпен таныстырады)
ІҮ. Е.Тұрсыновтың «Шал» кинофильміндегі шал мен қасқырдың суреттерін қатар қою арқылы, студенттерден ол туралы не білетіндіктерін сұрау, одан кейін фильмнің Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірілгенін баяндай отырып, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.
Ү. Берілген сызба бойынша повеске талдау жасау (берілген тізбе бойынша студенттерге шығарма мазмұнын қысқаша талдату, әр бөлік бойынша сөйлеп болғаннан кейін бөлімге ат қойдырып, тақтаға жаздыру):
1) Шығармаға композициялық талдау жасау:
- Шығарманың басталуы ( Жолы болмаған балықшы)
- Шығарманың дамуы (Сексен бесінші күн)
- Шығарманың байланысуы (Ерлікке бастар жол)
- Шиеленісі (Теңіз үстіндегі айқас)
- Шарықтау шегі (Жағалаудағы жарқын өмір)
- Шешімі (Жеңіс пен жеңіліс)
2) Студенттерді шығарманың басты кейіпкерлері шал мен баланың есімдеріндегі әріптер арқылы біріктірілген екі топқа бөлу: С-А-Н-ТЬ-Я-Г-О (7) , М-А-Н-А-Л-И-Н (7)
ҮІ. Топпен жұмыс:
1) Әр топ өз атауына байланысты кейіпкерлерге берілген сипаттаманы шығармадан тауып оқиды және мінездеме береді
2) Терезелерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру:
- «Шал мен теңіз» шығармасы алғаш жарияланған журнал (бірнеше журналдың ішінен шығарма алғаш жарияланған журналды тауып, суретін сұрақтың қасына ысырып апару)
- «Шал мен теңіз» шығармасы жазылған жыл — (тақтаға жазу)
- «Шал» кинофильміндегі шалдың ролін сомдаған актер — (дұрыс жауап айтылған соң, актердың суретін көрсету)
- «Шал мен теңіз» шығармасын қазақша аударған жазушы — (тақтаға жазу)
- Повесть желісі бойынша кино түсірген режиссерлар — (тақтаға жазу)
- Экзистенциалды ситуация дегеніміз — (ауызша баяндау)
- Шығармада сөз болатын Гольфстрим туралы не білесің? (жауап берілген соң, картадан тапқызу, одан соң жақындатылған суретін көрсету)
3) Мәтінмен жұмыс:
«Шалдың өңі де, киімі де — бәрі тозған, тек көнерген көзінде ғана ерекше бір нұр бар, теңіз суы түстес жанары қайсар адамның қалпын танытады» (берілген сөйлемнің тұтас повестің концепциясын танытатынын айта отырып, шығарманың орыс тіліндегі нұсқасынан осы сөйлемді тапқызып оқыту)
«Все у него было старое, кроме глаз, а глаза были цветом похожи на море, веселые глаза человека, который не сдается»
(ағылшын тіліндегі нұсқасынан осы мағынадағы сөйлемді беріп, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойдырып оқыту)
4) Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесін Е.Тұрсыновтың «Шал» кинофильмімен салыстыру:
1) Ұқсас жақтары:
«Шал мен теңіз» | Ортақтығы | «Шал» |
Шал мен бала | Бас кейіпкерлер | Шал мен бала |
Бейсбол | Бас кейіпкердің сүйікті спорты | Футбол |
Ди Маджио | Сүйікті спортшылары | Гарринча |
Акула | Айқасатын жаулары | Қасқыр |
2) айырмашылығы:
«Шал мен теңіз» | «Шал» | |
Оқиға өтетін жер | Теңіз, Куба жағалауы | Жер беті, қазақ даласы |
3) Реминисценция (сюжет көрсете отырып, екінші бағанға повестен сәйкес жерін тауып алып жазу)
«Шалдан» сюжет көрсету | Ол қайтып айналып келгенде, күн батып, ымырт үйіріліп қалған еді, шал орындықтың арқалығына арқасын сүйеп ұйықтап отыр екен |
«Шал» кинофильмінен сюжет көрсету | Өте ғажап! Ол допты тепкенде алысқа шырқатып ұшырады. |
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
[bws_related_posts]