Басы » Өзін - өзі тану » Жердің құрылысы

Жердің құрылысы

жер1Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Достық жалпы орта мектебінің

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:

Байрова Акжан Бактыбаевна

Өзiн-өзi тану пәнімен интеграцияланған жаратылыстану 

сабағының жоспары

Тақырып:  Жердің құрылысы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: зиянды әрекеттерден аулақ болуға,өзіне деген сенімділік, басқалар туралы жамандық ойламау.

Мұғалiм: Қасымова Алия           Сынып: 6 Ә   Оқушылар саны: 24

Сабақтың мақсаты:  Жердің құрылысымен таныстыра отырып, жер қыртысы, мантия және ядро қабықтарының ерекшеліктерін түсіндіру және оқушыларға дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

 Міндеттері:

1.Оқушыларға жер қыртысы туралы мағлұмат беру.
2.  Өзара бірлесе әрекет етуге, өз бетімен жұмыс жүргізу қабілетін арттыру.
3.  Зиянды әрекеттерден аулақ болуға, жердің қадір-қасиетін ұғына отырып, қорғауға, сақтауға бағыттау.

Ресурстар: (материал дар көздері қалам қағаз жұмыс дәптер,бейне материалдар үнтаспа)
Сабақ барысы:

Сыртқы интеграция:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.     Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
«Орманға   саяхат».

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет.

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

1.     Үйге тапсырма: 

Өткен сабақта «Жер қыртысының қозғалуы» туралы өткен едік, соған тоқталып өтейік.

— Жер қыртысы қозғалысына мысал келтіріңіздерші?

— Қай жылдары өте күшті жер сілкінісі болды?

— Неше баллмен өлшенеді?

— Біздің еліміздің қай аймағында жер сілкіну құбылысы байқалады?

Дәйексөз:

Ұлтарақтай болса да
ата қоныс — жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
туып-өскен ел қымбат.

Халық мақалы

1.Жеке оқыту;

2.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3.Дәптерге жаздыру

Сұрақтар:

1.Дәйексөзде қандай құндылықты байқадыңдар?

2. Жер  не үшін қымбат деп ойлайсыңдар?

3. Жер туралы қандай  мағлұматтар білеміз?

1. Ғарышкерлер үшін ең үлкен таңғаларлық жағдай-Жердің ғарыштан қарағандағы көрінісі. Таулы жоталар, ірі көлдер мен өзендерді анық ажыратуға болады. Ең бір сұлу көрініс қараңғы түнектен нұрын шашып көкжиектен көтеріліп келе жатқан кезең. Осы кезде Жердің дөңгелеек, сопақша екендігі айқын байқала отырып, күн нұрының шашырауынан көкшіл түстен, көгілдір-күлгінге, одан кейін қою көк түске боялады. Бұл – Жерді ғарыштан  бірінші болып көрген ғарышкер Юрий Гагариннің сөзі еді.

Ондағы температура 3000ºС-қа дейін жетеді. Жер өзінің құрылымына қарай тастардан емес, металдардан (темір, никель, кремний, алюминий, магний, кальций және т.б.) құралған

2.     Ғарышқа қарағында Жердің  ішкі құрылымын зерттеудегі жетістіктеріміз өте мардымсыз. Жерді зерттегеннен гөрі ғаламшарларды, олардың серіктерін зерттеу адамзат үшін оңай болып көрінеді. Жер қойнауын  зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары 15 шақырым тереңдікке дейін барды. Ал Жердің осіне дейін 6000  шақырым.

3. Жердің ішкі құрылымы жер қыртысы , мантия және ядро деген қабықтардан тұрады. Солардың арасындағы ең жұқасы жердің үстіңгі қабығы-жер қыртысы.

4. Жердің келесі қабаты – мантия (латын тілінен аударғанда «жамылғы» деген мағынаны білдіреді». Шамамен 2900 шақырым тереңдікке дейін барады. Мантия жартылай балқыған және иілмелі күйде болады.

5. Үшініші қабатымыз – жердің кіндігі ядро. Ядро сыртқы және ішкі деп екіге бөлінеді.

5.Шығармашылық іс-әрекет,  топтық, жеке  жұмыс.

Оқушыларды 2 топқа бөліп, тапсырма беру.

1 топ. Зиянды әрекеттерден қалай қорғанамыз?

Тізбектеп жазып, сол арқылы постер қорғау.

2. топ. «Жер ана» тақырыбына хат жазу.

Бейнеролик «Таңғажайып жерлер»

Жер қыртысының адам өмірінде алатын орны ерекше.

«Ел орнында, жер орнында.

Жерге жетер байлық жоқ.» деп халық бекер айтпаған. Жер қадірін бүкіл адамзат баласы білуге міндетті.

Ескерту
Ішкі интеграция: 

1961 жылдың 12 сәуіріндегі алғашқы ғарышкер — Юрий Гагариннің ұшуы жаңа ғарыш дәуірінің, ғарыш тарихының жаңа даму сатысының басы болды. Адам баласы тартылыс заңын жеңді. Яғни бұл-ақиқат.

Қазақтың қос қаһарман ұлы Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқандығы және адамзат тарихындағы алғашқы ғарышкер Гагаринге қойылған ескерткіште қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің өлеңінің бір жолы жазылып тұрғандығы. Тарих осылай жасалады.  Ал біздің кеудеміздегі аңсар —          Ғарыш дәуіріндегі қазақ халқының орнының айшықталуы және оны өз пайдамызға жарата алатын күн тууы. Бұл Еліміздің ғарышқа деген Сүйіспеншлігі.

Жер қыртысын дұрыс пайдалануда, адамдар әрқашан жерге қамқорлық жасау оған дұрыс әрекетпен қарым-қатынаста болу керек

Мантия жер қыртысындағы иілмелі, балқыған күйде болады. Ол оянып жанартауға айналса адамның ішкі тыныштығы бұзылады. Яғни ол адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан біз білімге бет бұрып оның зерттеу жұмыстарын дұрыс жүргізіп, зерттей білсек адам өмірінің тыныштығын сақтаймыз.

Ал балалар ядро жердің кіндігі ең түпкі бөлігі, ал біздің ең жоғарғы рухани деңгейіміз өзгеге қиянат жасамау. Рухани деңгей адам өмірінің ядросы болса яғни кіндігі, ал ядро жер кіндігі. Біз рухани деңгейдің шыңына шығуға ұмтылуымыз қажет.

Балалар сонымен ғарышкерлердің өмірі ақиқат, еліміздің ғарышкерлерге деген сүйіспеншілгі шексіз, жер құрылысын зерттеп дұрыс пайдалану дұрыс әрекет, зерттеу жүргізіп жанартауларды анықтап мантияның адам өміріне зиянын тигізбеу яғни ішкі тыныштықты бұзбау, жер кіндігі ядро болса, адамның ең жоғарғы рухани деңгейі қиянат жасамауға жету біздің міндетіміз.

Ғарыш әлемі – Ақиқат

Ғарышкерлерге деген көзқарас – Сүйіспеншілік

Жерді пайдалану – Дұрыс әрекет

Мантия – Ішкі тыныштық

Жер кіндігі – Қиянат жасамау

7. Үй тапсырмасы.

1. Келесі №11 Тау жыныстары және пайдалы қазбалар.

Тау жыныстарының пайда болуына өлі және тірі табиғаттың әсері қандай?

Маңғыстау облысындағы тауда неге Ақтау деген?

Ақтау қаласындағы үйлердің тастары неге ақ болып келеді?

2. Тапсырма:  «Ғажайып жерлер» тақырыбында суретін салу

 

Сабақтың қорытынды сәті:

Жай музыка қоямын.Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

«Дұрыс әрекет»,«Дұрыс әрекет»,«Дұрыс әрекет»  бар жерде

«Дұрыс әрекет»,«Дұрыс әрекет»,«Дұрыс әрекет»  бүкіл   әлемде!

Балалар бүгінгі сабаққа жақсы әрі белсене қатысқандарыңыз   үшін мың алғыс. Рахмет сіздерге!

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

5 сынып жаратылыстану.

Өзін өзі тану әдістемелік құралы    Бөбек  2010 ж

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *