Басы » Tәрбие сағаттары » ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА ЕҢБЕКТЕНЕМІЗ

ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА ЕҢБЕКТЕНЕМІЗ

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

директордың тәрбие  жұмысы

 жөніндегі орынбасары

Сармалаева Сауле Каримовна

 ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА ЕҢБЕКТЕНЕМІЗ

Жастардың таңдаған кәсіби мамандықтарына қызығушылығын, ынтасын дамыту, мамандықтарын сапалы, терең меңгеруге ұмтылдыру, әлеуметтік-экономикалық қайта дамуының нақты құралы ретінде кәсіптік білімнің маңыздылығын көрсету мақсатымен жұмысшы мамандығы «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының   облыстық  байқауы болып өтті. Байқауға Маңғыстау гуманитарлық колледжінен  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» (тәрбиеші) мамандығы бойынша биылғы бітіруші топтарда оқитын студенттер Каракулова Асылхан, Шаңбаева Гүлмайса қатысты.

Кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының   облыстық  байқауының алдында колледжішілік сайыс № 11 «Каусар» балабақшасында өткізілді. Байқауға  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  мамандығы бойынша білім алған жас мамандар мен биылғы бітіруші топтарда оқитын студенттер қатысты. Сайысқа  қатысушылардың ішінен колледжіміздің екі студенті Каракулова Асылхан, Шаңбаева Гүлмайса іріктеуден сүрінбей өтіп, облыстық байқауға жолдама алды.

Облыстық байқауға осы екі студентпен қатар Жаңаөзен қаласының «Каспий» колледжі, Бейнеу гуманитарлық колледжінің студенттері де қатысты.

Сайысқа қатысқан 6 студенттің ішінен Каракулова Асылхан — I орын, Шаңбаева Гүлмайса – III орынды иеленіп, жеңіске жетті.

Облыстық байқаудан 1- орынды иеленген Каракулова Асылхан Астана қаласында өтетін Республикалық сайысқа қатысып,   өз білімін, кәсіптік шеберлігін шыңдап, жетістіктерге жетеді деген үміттеміз.

коллож

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *