Айтуова Айнур Шарипбековна
Бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясы
Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Құстардың ұя салуы
Сабақтың мақсаты: а)құстардың пайдасы туралы,олар жөнінде жалпы мағлұмат беру,
ә)құстарға қамқор болуға,құстарды аялауға
бейімдеу.Олардың құстар туралы ой-өрісін,түсініктерін дамыту.
б)Отанын,жерін,орманын,көлін,табиғатын сүюге баулу.
Көрнекілігі:құстардың суреті,жыл мезгілі,тірек сөздер.
Пән аралық байланыс: Дүниетану
Әдісі: сұрақ-жауап.
Түрі: аралас
Сабақ барысы: .Мұғалімнің іс-әрекеті.
1.Білім алуға дайындық.
2.Сабақ барысында оқушыларды сабаққа ынталандыру.
3.Психологиялық жағдай туғызу
Сабаққа дайындықтарын тексеру
2.Үй жұмысын тексеру.«Бүршік» мәтінін мазмұнын айту.
3.Жаңа сабақ.-Бұрынғы білімдерін еске түсіре отырып,алдағы білімді болжау.
-Мына екі тақырыпта жылдың қай мезгілі суреттелген.(көктем мезгілі
Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?(күн жылынады,қар ериді,жылғалардан су ағады)
Көктем.Күн ұзарады.Көктемгі еңбек басталады.Құстар келеді т.б
Сабақтың тақырыбын анықтауға жағдай тугызу.Неліктен біз құстар туралы әңгімелеп отырмыз.Ендеше бүгін біз «Құстардың ұя салуы» ертегісімен танысамыз.Жаңа білімді түсіндіру,ұғындыруға жағдай жасау
.4.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.5.Кітаппен жұмыс.
1.Ертегіні мәнерлеп оқу
2.Оқи отырып түсініксіз сөздерді табады.
3.Тізбектей тексере оқу.
Сөздік жұмысы.
Күллі-барлық.Түнеп-қонып.Тапжылмай-қозғалмай.Ыждағатпен-ықыласпен.
Ертегінің мазмұнын талдау.
-Ертеде құс атаулы қалай тіршілік етіпті?
-Қай құстың ұясы берік болады?
-Құс патшасы құстарға қандай өсиет айтыпты?
-Қалған құстар ұяларын қалай жасады?
-Ертегіні әрі қарай жалғастыруға болама?(2 мин уақыт беремін)
Білімдерін бекіту.Қорытынды жасау.
6.Үйге тапсырма.Мазмұндау.Өлең құрастыру
7.Қорытынды.
8.Бағалау.
[bws_related_posts]