Басы » Tәрбие сағаттары » Жаны саудың – тәні сау!

Жаны саудың – тәні сау!

дмСулейменова Толкын

Алматы облысы

Іле ауданы

Жетіген ауылы

№34 орта мктеп

Жаны саудың – тәні сау!

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;

Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: оқушыларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына баулу.

Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, талдау, пікірлесу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дене шынықтыру, биология.

«Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі»

Нұрсұлтан Назарбаев

Барысы:

Мұғалім: Құрметті қонақтар! «Жаны саудың – тәні сау!» атты 6-сыныпта өтілетін ашық тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың дәйек сөзі «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі». Сабағымыздың мақсаты – ұлт денсаулығы табысты болашақтың негізі екенін жан-жақты талдап түсіну және салауатты өмір салтына дағдылану. Сабағымызды әдеттегідей шаттық шеңберімен бастайық.

  1. Шаттық шеңбері. Тренинг: «Әлемге денсаулық».

Оқушылар «журектерге» тілек жазып тақтаға жапсырады.

  1. Ойланайық, пікірлесейік. Сұрақтар.
  2. Сара Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? (Ұстаздан ұлағат)
  3. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? ( отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)
  4. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (ішімдік)
  5. Темекі құрамындағы улы зат. (никотин)
  6. Туберкулезге қарсы күрес күні (24-наурыз)
  7. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы (парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)
  • «Тазалық – денсаулық кепілі»

Тазалық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1-оқушы

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

 

2-оқушы

Тіс – саулық өрнегі,

Тіс – тағамның негізі.

Күнде ысып шөткемен,

Жуып тұрған жөн екен.

  1. «ДЕНСАУЛЫҚ» сөзінің әрбір әріпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектеу

Д – дем алу

Е — еңбектену

Н –нашақорлыққа жоламау

С –салауатты болу

А – алғырлық

У –уайымсыз өмір

Л – лайықты өмір

Ы – ынта

Қ – қозғалыс

  1. Денсаулыққа байланысты оқушылардың дайындаған өлең шумақтарына шеру.
  2. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

  1. Суық судың несі айып,

Шынығайық, халайық.

Кеңестер көп айтылған,

Денсаулыққа лайық.

  1. Ауру астан

Дау қарындастан.

Дәріханаға барамыз,

Дәрі сатып аламыз.

  1. Тойып ішсең қаншама,

Ауырасың соншама.

Асқазанды бүлдірсең,

Жазылмас қанша күн жүрсең.

  1. Денсаулық – бар байлығың басындағы,

Жайнаған – өмірінің жасыл бағы.

Қастерлеп мәпелесең қуат жасындағы,

Денсаулық қашаннанда алтынға тең,

Болады болашағың жарқын да кең.

Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,

Ойланып көп тасымай ақылға кел!

  1. Салауатты өмір салтын қолдайық.

Әдеттен жаман әмәнда аулақ болайық.

Өз өмірін өз қолында, ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық.

  1. Қорытынды

Мұғалім: деніміз сау болу үшін денсаулық достарымен дос болуымыз керек екен. Яғни,

 

 

 

 

 

ДЕНСАУЛЫҚ

 

 

 

 

 

 

ТАМАҚ                   ТАБИҒАТ                     ТАЗАЛЫҚ                                  СПОРТ

 

Бүгінгі тәрбие сағатына белсене қатыстыңдар. Осылай жақс ыоқып, өнерлі болыңдар.

 

Бүршік жарған гүлміз,

Білім қуып жүрміз.

Тазалықты сүйеміз,

Деніміз сау боп жүреміз!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *