Астана қаласы
№65мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Мамыраимова Зауреш Тулендеевна
Сабақтың тақырыбы: Ә. Дүйсенбиев «Ардақты ана»
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Өлең мазмұнын оқып, идеясын ашу арақылы ана тақырыбын кеңейтуге мүмкіндік беру.
Дамытушылық: Өлеңді талдау, оның көркем тіл арқылы шығармашылық жұмыстар жасауға жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Адамгершілік, ұлттық салт-дәстүр тәрбиесінің ұлылығын сезіндіру.
Сабақтың әдісі: СТО технология элементтері, кластер жасау, «Болжау» стратегиясы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: қосымша мәтіндер, ана туралы әндер, плакат, видеожазба,маркер, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І.Психологиялық дайындық.
1-слайд.
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Дүйсенбідегі сабақ,
Сәттілікке толсын.
Бүгін сенің алар бағаң,
Тек қана бестік болсын.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
2-слайд.
Бекіту сұрақтары.
— Мәтін сюжетті шығарма ма, сюжетсіз шығарма ма?
-Қоңызға кездескенге дейін Құмырсқа қандай еді?
— Қоңыз Құмырсқаға шынымен жанашырлық айтты ма?
— Құмырсқа неге жылады?
— Мәтіннің негізгі идеясы не?
-Шығарма проза түріне ме әлде поэзия түріне жата ма?
Оқушылардың үйден жазып келген «Доссыз өмір» әңгімелерімен үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
3 — слайд. 1.Лездеме сұрақтар:
— Өмірде сен үшін алақаны жұмсақ кім?
— Жүрегі жылы кім?
— Құшағы кең кім?
- Кластер жасау.
— Сонымен , балалар, «Ана» кім?
-Қамқоршы
-Дос
-Ұстаз
-Жарық өмір сыйлаушы
-Пана
-Дана
— Дара
— Мейірімді
— Аяулы жан
— Ардақты күн
ІІ. Мағынаны тану.
-Балалар , алда қандай мереке келе жатыр? (Аналар мерекесі – 8-наурыз)
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да осы мерекемен байланысты.Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Ардақты ана» өлеңімен танысамыз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ардақты ана». Сабақтың мақсаты- Ананың ұлы тұлға екенін танитын боламыз.
1.3 – слайд. Өлең тақырыбымен, автормен таныстыру.
1.Автор туралы ақпарат.
Әнуарбек Дүйсенбиев Алматы облысы,Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында 1931 жылы, 25-қазанда дүниеге келген.Ақын Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетін бітірген.Балаларға арналған «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болған.. Шығармалары: «Парадта», «Сыйлық», «Не деу керек?» , «Ана жүрегі», «Ауыл әуендері» т. б. кітаптары жарық көрген.
Алматы қаласында 1979 жылы 15 қыркүйекте дүниеден озды.
- Оқулықпен жұмыс.
1.Мұғалімнің оқып беруі.
2.Оқушыларға оқыту:
— іштей оқу
-тізбектей оқу
-шумақтай оқу
— хормен оқу
-мәнерлеп оқу
3.«Түртіп алу» стратегиясы бойынша түсініксіз сөздердің мұғалім мағынасын түсіндіреді.
4-слайд .Тапсырма: Өлеңнен ана қасиетін дәріптеген ақынның сөздері арқылы ана бейнесін топтап шығару.
Дұрыс жауап: (Ардақты, аяулы, қымбатты, кең құшақты, ардақты, қымбатты, ақылды. дана.)
Сергіту сәті.
Ән «Ана мен бала»
4.Талдау кезеңі. Топпен жұмыс:
5-слайд: Талдау:
«Өнер» тобына:
-Балалар, ақынның бұл шығармасы шығарманың қандай түріне жатады?
Дұрыс жауап: поэзия
«Суретшілер» тобына:
-Шығарманың тағы қандай түрі болады?
Дұрыс жауап: проза
«Жазушылар» тобына:
— Жанрдың қандай түріне жатады?
Дұрыс жауап: лирика
«Ақындар» тобына:
— Лирика дегеніміз не? Қандай лирик ақындарды білесіңдер?
Дұрыс жауап: (Лирика дегеніміз – адамның көңіл-күйін , сезім дүниесін бейнелеп көрсететін көркем әдебиет жанрының бірі. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады.
Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев,Сәкен Сейфуллин, Сырбай Мауленов,Мұқағали Мақатаев және тағы да басқа ақындар.)
Теориялық білімді бекіту: Ережелермен жұмыс.
-Өлеңнің идеясы неде? Ананы құрметтеу.
— Өлеңде неше шумақ бар? 3 шумақ.
-Неше тармақ бар? 12. Тармақ — өлеңнің әрбір жолы.
-Жалпы бунақ саны қанша? – 3 Бунақ — өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады.
IІІ. Ойтолғау.
Шығармашылық жұмыс түрлері.
Музыкалық слайд шоу «Аналар – асыл жандар, шуақ боп шашылғандар».
«Өнер» тобы: Ана туралы ән орындау.
«Суретшілер» тобы: Аналарына ашық хат дайындау.
«Жазушылар» тобы ана туралы эссе жазады.
«Ақындар» тобы ана тақырыбына өлең құрастырырады.
[bws_related_posts]