Басы » Бастауыш сыныптар » Ел тілегі — Бейбітшілік

Ел тілегі — Бейбітшілік

Астана қаласы

№65мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі

Мамыраимова Зауреш Тулендеевна

 Тәрбие сағатының тақырыбы:  «»

Сабақтың мақсаты:  1. Әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау

үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие беру.

  1. Ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең қалыптасуына жол ашу.
  2. Отансүйгіштікке, елін- жерін сүюге, татулықты, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Ұран сөздер, кітаптар,тақырыптық слайдтар , суреттер, видеожазбалар.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

Кіріспе.

 Лездеме сұрақтар:

“Бейбітшілік”, “бейбіт өмір” деген сөздің мәні неде, қандай  ұғымдар?

Әлем бейбітшілігі жолында күресу дегенді қалай түсінесің?

Менің бейбітшілікке қосар үлесім қандай?

Бейбітшілік кезеңіндегі бейбітшіліктің сақталмауы.

Оқушылар бейбітшілікті қолдай ма?  Осы сұрақтардың жауабын беруге тырысайық.

«Рухы – ер,

Тәні – бекем ,

Тірліктен де артық көрген бірлікті

Бұл бір қайсар халық екен», — деп ақын жырларында айтылғандай, қазақ халқы, қазақ ұрпағы – бірлік пен бейбітшілік туын биік көтерген халықпыз.

Бейбітшілік – адамзат ғұмырының мәнді де сәнді кезеңі деп айтқандай

«Ел тілегі – Бейбітшілік» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

 

1- жүргізуші:

Бір жерде тұрлау таппаған,

Қосылмай малы қаптаған.

Бөлініп қонған қазақты

Кімдер де кімдер шаппаған?

2- жүргізуші:. Қазақ даласы – кең, байтақ, жазира.Көз алартқан жаудың,

қиығын салған көздің құртына айналған. Бірақ еліміз

бейбіт өмірді, тыныштықты қалаған.

1- жүргізуші: Қазақ халқы ұрпағының санасына ең алдымен татулықты,

туыстықты, бірлікті қалыптастырған.

2-жүргізуші: Қазақта, тіпті  “көршіңмен де тату бол ” деген сөз бар.

Оның өзі бейбіт тұруды, тыныш өмірді қалағандықтан айтылған.

1- жүргізуші::     

Бағынып бірақ қалмаған,

Тәуелсіз қайран жан далам!

Жер бар ма жалпақ төсінде

Қасірет жасы тамбаған?!

1- жүргізуші:

Бейбітшілік – адамзаттың  асыл құндылықтарының бірі. Адамзат  өмір бойы үнемі тыныштықта ,  мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда , 20- ғасырдың  45 жылында  әлемде бар болғаны  12 ғана бейбіт күн болыпты.

2- жүргізуші:

Бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау,  бейбітшілік үшін күресу ХХІ хасырдың  да өзекті мәселелерінің  бірі болып табылады.Халықаралық қоғамдастық  бейбітшілікті сондықтан  жалпы  құндылықтар қатарына  қосып отыр.

1- жүргізуші:

— Нұрболат ,Қазақстандықтар үшін биылғы жыл  халқымыздың тарихы, тағдырымен тікелей байланысты болып тұр.

2- жүргізуші:

— Шынында да ,Сандуғаш , осы жылы еліміз  Қазақ  Мемлекетінің құрылғанына 550 жыл, Ұлы  Жеңіске 70- жыл, Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының құрылғанына  20- жыл, Қазақстан Республикасының  Қонституциясын қабылданғанына 20- жыл толады.

1- жүргізуші:

-Ендеше , Нұрболат , кезекті достарымызға берейік ,  бүгінгі тақырыбымызға байланысты  өздерінің  ойларын  ортаға салсын.

1-оқушы: Қай халық ,  қандай ұлт болмасын  өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің  егемен , тәуелсіз  болуын армандайды.Халқымыздың  жылдар бойы  аңсаған  ізгі армандары  жүзеге  асқан кезеңде тәуелсіздікке қол жеткізіп, бейбіт аспан астында бақытты өмір сүріп , білім алудамыз.

2-оқушы: Мемлекетіміздің тәуелсіздік  алғалы бері  жеткен жетістіктері ғасырға  пара-пар. Осы өткен  өмір жолдарымызға қарасақ , әр жылдың өз  шежіресі , өз сыры , тарихы, қасиеті бар.

3- оқушы: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Бейбітшілік. Осы төрт ұғымның  салтанат құруы үшін  кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады. Керей, Жәнібек кезеңі Қазақ  Хандығының  негізі қаланған  кезең, Абылай заманы батырлар заманы. Найзаның ұшымен , қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша  ел мен жер үшін  айқасқан  батырлар заманы.

4-оқушы: Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті  биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да  аянбай шайқасты. Қазақстандықтар  Ұлы Жеңіске  сүбелі үлес қосты, Біздің  жүздеген мың  жерлесіміз қолына қару алып, өз Отанының  намысы мен  бостандығы үшін күресті. Олардың асқан ерлігі  жанқиярлығы  Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.

5-оқушы: Қазақстандықтар  Брест қамалын  қорғады, Мәскеу түбінде өлімге  бас тікті, Сталинград, Қурск  жағасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті.Берлинді  шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс Туын тікті.Жерлестеріміздің  ондаған мыңы  жоғары  әскери наградаға ие болып,  500-дей  Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Слайд:  «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында».

Ән. «Әрқашан күн сөнбесін».

6-оқушы: Елімізде көне тарих куәсі болған , кешегі Ұлы Отан соғысыныың сұрапыл  күндері от кешіп ,  біздің осы бейбіт өмірімізге  үлес қосқан  ардагерлеріміз санаулы- ақ қалды. Бірақ ешкім де , ештеңе де ұмытылмауы тиіс. Бұл біздің- тарихымыз, біздің — мақтанышымыз, біздің – даңқымыз, біздің бүгінгі бейбіт өміріміз.

1-жүргізуші: Бүгінгі күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  қолдауымен , үкіметіміз  және барлық  Қазақстандықтар қарт ардагерлерге ерекше құрмет көрсетуде.

Слайд.  «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет».

    Көрініс:   «Сен құрметте оны!». Авторы Ә. Сәрсенбаев.

Сен құрметте оны!

Түсіндіңбе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тіеден кесіп аяғын.

Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,

Қолтығындағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде

Олжауға қарсы шапты,

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өз кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты.

Өлім соққысын өз үстіне слды.

Денесін оқ пәршелесе де,

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе ,қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолында аяғын!

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Хормен:  «Соғыс өрті болмасын — бейбітшілік орнасын!»

7-оқушы: « Ел бірлігі — ең асыл қасиет . Бірлік , ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық,  ең алдымен  өзімізе- қазақтарға кереку» деп көрегендікпен Елбасымыз айтқандай ,  біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің  өркендеуінің  бір кепілі – Қазақстан  халықтарының бірлігі.

8-оқушы: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен  тұрақтылықтың  феномені- Қазақстан  халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде  болмаған  ерекше,  саяси маңызы бар  зор құрылым.

Слайд. «Қазақстан Халықтарының Асссамблеясы»

9-оқушы:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде  бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ   бізге  бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

10-оқушы:

Тілегі бір, жүрегі бір,

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

11-оқушы:

Жер – анамыз  жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік  қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

Хормен: « Бейбітшілік. Мир. Peace.»

Ән: «Ақ көгершін».

12-оқушы:

  1. Ұрпағының бейбіт өмірі, тәтті ұйқысын бұзған ХХ

ғасырдың атомдық-ядролық қарулар саясатына адамзат

қарсылық айтуда, күресу жолында.

  1. Халық бейбіт өмір үшін күреседі. Соғыс, террорлық

әрекет – біздер үшін жат, сорақы іс.

13- оқушы: Ирак – Америка арасында өткен соғыс зардабынан

қаншама жанұя зардап шекті. Қалалар, тарихи

ғимараттар қирады.

Ресей Украина арасында болып жатқан келеңсіз жағдай екі ел үшін де оңай болып жатқан жоқ. Бұл жағдай Қазақстандықтар үшін де ауыр .

Өлең.  «Соғыс болмасын»

14- оқушы:. Еліміз егемендік алып, әлемге танылу кезеңінде

бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің біріге отырып,

ұлт, ұрпақ санасында берік орын алуы қажет.

    1-жүргізуші:       

Сендердікі – өмір, қоғам, заман да,

Сән түзеген қалаң менен далаң да.

Барлығы да мұра болмақ әманда,

Болашақ деп аталатын Адамға.

2- жүргізуші:

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға ең жоғары белгілердің бірі «Бейбітшілік қаласы» деген атақ берілген болатын.Бейбітшіліктің символы, еліміздің елордасы-Астана. Сүйікті қаламызға арналған  «Астана» әнін тамашалаңыздар.

Слайд . «Астана».

Ән: «Астана» .

Қорытынды.

1-жүргізуші:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенге бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің  біктегі шарайнам,

Қыран құсы көгімдегі сайраған !

Ел ұраны мәңгі анық,

Әр жүректе жатталады.

Қолға алса барлық халық,

Бейбітшілік сақталады. — дей отырып, «Ел тілегі- Бейбітшілік» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *