Қызылорда облысы
Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп – интернат
Жетпісбаева Айнұр
Тақырыбы: «Ерлік кездейсоқ болмайды»
Мақсаты : Чернобыл апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.
ІІ. Тәрбие сағат жоспары:
1.Чернобыль апатының шығу тарихымен танысу
2. «Қасіретке айналған алапат жарылыс» слайд шоу көріністері
Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетілген, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.
1-оқушы::1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының
4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.
2-оқушы::Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 28 жыл толады. Осыдан 6 жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды.
3-оқушы:::Чернобыль-Украинадағы шағын қалаалардың бірі.Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.
4-оқушы::1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.
5-оқушы::Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты
ІІІ.Қорытынды
Совет халқы ХХ ғасырдың қасіретіне айналған Чернобыль апатына немқұрайды қарай алмады. Ресми деректерге жүгінсек, ТМД елдерінен апатты тоқтатуға 800 мыңнан астам қатысқан. Әйтсе де апат зардабы текке кетпеді: құтқарушылар түрлі ауруларға шалдықты. Бүгінде сол адамдардың100 мыңы бұл өмірде жоқ. Екібастұз қаласынан Чернобыльдағы зардаптарды жоюға үш жылда 300 адам аттаныпты. Бүгінде солардың 56-ның ғана көзі тірі.
Еліміз олардың ерлігін ешқашан ұмытпайды және оларға қамқорлық көрсетеді.
2006 жылдың 1-шілдесінен бастап Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға арналған арнайы мемлекетік жәрдемақыны төрт есеге көбейтті.
Жылдан-жылға Чернобыль апатынның зардабын жоюға қатысқандардың саны азайып келеді.
[bws_related_posts]