Қарағанды облысы
Балқаш қаласы
С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы
география пәні мұғалімі
Қарақбаева Мақпал Мақатайқызы
Тақырып: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларға жанартаудың пайда болуы, жанартаудың түрлері, жанартау әрекетінің маңызы, туралы түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық: Жанартаулардың географиялық координатасын анықтау рқылы икемділіктері мен дағдыларын әрмен қарай дамыту.
- Тәрбиелік: Ізденімпаздылыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиалары, оқыту әдісі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,суреттер, карта.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Интерактивті тақтаны пайдаланып сұрау
Үй тапсырмасын тексеру кезеңінің бөлімдері:
1 бөлім. «Миға шабуыл » стратегиясы
Ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру.
- Жер қыртысының қозғалыстары және оның түрлері
- Суретте көрсетілген жерлердің атауын жаз!
- Жер сілкіну дегеніміз не? Оның салдары
- Жер сілкіну күші немен өлшенеді?
- Жел сілкіну ошағы және эпицентр терминдеріне сипаттама бер
- Сейсмикалық аймақтарға қандай аймақтар жатады және оларды картадан көрсет.
2-бөлім
«Ой толғаныс»
«Аса күшті жер сілкінулер және олардың зардабы» жайлы өз ойларын қорғау.
Үй тапсырмасын бекіту.
«Сөздерден бір сөйлем құра»
«Жер сілкінісі», «эпицентр», « жер сілкіну ошағы», «сейсмограф», «сейсмикалық шкала», «Алматы қаласы».
- Жаңа тақырыпты игеру.
Сабақтың жоспары:
- Жанартау және оның құрылысы
- Сөнген және сөнбеген, ұйқыға кеткен жанартаулар
- Жанартауды қалай зерттеу қажет?
- Ыстық бұлақтар мен гейзерлер
Сөнбеген жанартау
Камчатка тауындағы Ключи шоқысы – ол әзірге елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған жоқ. Жанартау 1976 жылдан бері «ұйқыда жатқан». Жанартауға авиацияға қауіптіліктің ең қатерлі болып табылатын қызғылт сары коды берілген. Жанартау күлінің атқылауы 5 шақырым биіктікке дейін жетуі мүмкін. Осылайша, жанартау ұшақтар үшін үлкен қауіп төндіреді.
Ключи тобына 14 жанартау кіреді, олардың арасында Плоский Толбачик, Ключи шоқысы мен Безымянный шоқысы белсенді жанартаулар болып табылады.
Сөнген жанартау
Везувий – Неопольден оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде, Кампанияда, Неоаполь шығанағынан 1277 м биіктікке дейін көтерілетін Везувий тауы орналасқан. Ол құрлықтық Еуропадағы әрекеттегі жалғыз жанартау: кратерінің шеңбері 1400 м және тереңдігі 216 м. Монте-Солма деп аталған бұрыңғы жанартаудың қалдықтары қазіргі кездегі неғұрлым жас конустың айналасында жартылай шеңбер тәрізді тау қырқасын құраған. Везувийдің неғұрлым әйгілі атқылауы 1979 жылы болып, жанартаутекті жыныстардың сынықтары Помпей, Стабчя мен Геркуланум қалаларын тұтастай басып қалды. Везувий соңғы рет 1944 жылы атқылады.
Ұйқыға кеткен жанартаулар
Кейде сөнген жанартаулар кенеттен атқылай бастайы. Мысалы Чилидегі 1960 жылғы жер сілкінк кезінде сөнген деп есптеген 9 жанартау атқылай бастаған.
Чилидің оңтүстігіндегі атқылаған жанартаудың аспанға шапшыған жалынның биіктігі 8 шақырымға дейін жеткен. Сондай-ақ, табиғи апат аймағынан сағатына 230 рет жерасты дүмпуі тіркелген.
Чилидегі жанартаудан тараған түтін Аргентинаның курортты қаласын басып қалған. Қарша бораған күлдің қалыңдығы 10 сантиметрге дейін жеткен.
«Ой толғау» стратегиясы «Жанартаулар жайлы не білеміз?»
3.Жанартауды зерттеу не үшін қажет?
Ғалымдар жанартаулар атқылауы нәтижесінде литосферадағы заттардың құрамы мен қасиеттері жөнінде деректер алады. Жанартауларды зерттеу пайдалы қазбалардың шығу тегін ашуға көмектеседі. Зерттеулердің арқасында жанартаулардың атқылайтын мерзімін болжап, апаттың алдын алуға болады.
Жанартау атқылаған кезде су буы мен газ шығатыны сендерге белгілі. Соңғы кезде көптеген ғалымдар Жер бетіндегі судың және атмосферадағы оттегінің біразы жанартау құбылысымен байланысты деп есептейді.
Сонымен, жанартаулар литосфераның, гидросфераның және атмосфераның пайда болуында маңызды рөл атқарған.
«Түртіп алу стратегиясы» Функционалдық сауаттылықты ашу негізінде түйін сөз ержені тауып жазу керек.
4.Ыстық бұлақтар мен гейзерлер.
Жер шарының кейбір аудандарын дағы жер асты суының температурасы жоғары болады және оның құрамында еріген түрде әр түрлі тұздар мен газдар кездеседі. Оларды минералды сулар деп атайды. Мұндай сулардың пайда болуы әлі салқындап бітпеген магма ошағының жақын орналасуымен байланысты.
Магма суды қыздырып, тұздарды ерітеді.
Жанартаулық әрекеттердің бір көрінісі – гейзерлер (исландша гейзер – лақ ете түсу; 40-сурет).
Гейзер дегеніміз мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын көз. Жер қойнауындағы жарықты бойлап, температурасы 100°С-тан асатын ыстық су тереңнен жоғары көтеріледі. Гейзердің көмейінен алдымен ыстық бу, оған ілесе бірнеше ондаған метр биіктікке дейін ыстық су атылады. Сонымен бірге қатты күркіреген дыбыс шығады. Бұрқақ 1–2 минут шапшиды да, келесі ыстық су мен бу жиналғанға дейін біраз уақыт тоқтап тұрады. Гейзерлер Тынық мұхит отты белдеуінде, яғни Камчаткада, Жапонияда, Жаңа Зеландияда, Солтүстік Америка жағалауында, сонымен бірге Исландия аралында таралған.
4.Жаңа тақырыпты бекіту.
Жанартау аты | Сөнген | Сөнбеген | Ұйқыға кеткен |
Везувий | |||
Ключий шоқысы | |||
Эльбрус | |||
Казбек | |||
Этна |
Атасқан объектілерді тап
Этна , Везувий, Ключий шоқысы, Сейсмограф, Эльбрус, мантия,
Мағынасын сәйкестендір.
Лава конус формалы тау
Кратер қоймалжын зат
Жанартау тостаған
Гейзер лақ ете түсу
Сергіту сәті
«Сенквейн» ойыны
5 жолды өлең құру.
Жанартау, гейзер
1 Зат есім Жанартау
2 сын есім конусты, қауіпті
3 етістік гуілдейді, атқылайды, жанады
4 тұжырымды сөйлем Көмейінен ыстық жалын атады
5 синоним От құдайы
Гейзер
Ыстық, бұрқақ
Күркірейді, шапшиды, буланады
Бу шапшып тұратын көз.
Бұлақ
4.Үй тапсырмасын беру.
Үйге §19 Жанартаулар, гейзерлер, ыстық бұлақтар, оқып мазмұндау. Жанартаулар жайлы баяндама. Кескін картаға сөнген, сөнбеген, ұйқыға кеткен жанартауларды түсіру.
5.Бағалау.
[bws_related_posts]