Басы » Биология » Есту мүшесі және есту анализаторлары

Есту мүшесі және есту анализаторлары

Павлодар облысы

Баянауыл ауданы

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты    Биология пәні мұғалімі:

Адилбекова Самал Сарсенбаевна

 Сабақтың тақырыбы:   Есту мүшесі және есту анализаторлары

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:     Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі туралы ақпарат алу

Дамытушылық : Оқушылардың қызығуы, ынта –қиялы мен қабылдауы сияқты   танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушылардың салауатты  өмір салтын  ұстана  отырып, сымбатты  қалыптастыруға  тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері: Сұрақтарды бірлесе шешеді,өзін және өзгелерді бағалауға үйренеді, басқаның пікірімен санасады.

Құралдар: интербелсенді тақта,оқулық, флипчарт, суреттер, түрлі- түсті маркер,комьютер, карточкалар.

Сабақ кезеңдері Уақыты   Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мотивация(ұйымдастыру кезеңі) 2мин  Сәлеметсіздер ме! Көңіл күйлеріңіз жақсы ма! Сабаққа қатысуын тексеру. Топқа бөлу (түрлі- түсті қағаздармен)      І топ- қызыл түстер; ІІ топ- жасыл түстер; ІІІ топ- сары түстер.(Топтың лидері тағайындалады. Оқушылар мұғаліммен амандасады, топқа бөлінеді.
Білу 3мин   Жұмбақ. Есту арқылы  адам сыртқы дүниеде не болып жатқанын және бізді қоршаған табиғаттағы әртүрлі дыбыстарды қабылдайды.  Интербелсенді тақтамен жұмыс.(электронды оқулық ) Бейне көрініс. Оқушылар ойланады,сұрақтарға жауап береді.Интербелсенді тақта арқылы суреттер көреді.
Түсіну 15 мин  Ең алдымен тақырыпты оқимыз, сонан соң топтың ішінде түсіндіріледі.Топтарға төменгідей тақырыпшалар ұсынылады.                  1- топ:  Есту мүшесінің құрылысы 

2-топ: Есту мүшесінің қызметі,гигиенасы.

 3-топ: Вестибула аппараты (Тепе-теңдік мүшесі)  Өз білімін  постер жасаулары қажет.

Тақырыпты оқиды , талқылайды, түсіндіреді. Бір-бірлерін тыңдайды.

Түсінгенін флипчартқа түсіреді. Көмекшісімен топ мүшелері жауап береді.

Қолдану 5 мин  Биодиктант.   Ітоп: 1.Құлақ қалқаны ортаңғы құлақпен…………..арқылы байланысқан.

2.Құлақ қалқаны ортаңғы құлақтан…………..арқылы бөлінеді.

 ІІтоп:1.Есту сүйекшелері………..орналасқан.

2.Ішкі құлақта……………..орналасқан

ІІІтоп:1.Вистибула аппараты жартылай…………………………………….тұрады.

2.Есту мүшесі бас сүйектің………………  терең орналасқан.

  Оқушылар ойланады, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды. Салыстырып тексереді.
Талдау 5 мин Тірек- сызба. (сандықтан)тапсырмалар алу.Тақырыпқа байланысты    әр топқа тірек-сызба беріледі, оқушылар белсенділік танытып орындайды.

 

1-топ  —    Вестибула аппаратының (тепе- теңдік)

 

 

2-топ –     Есту сүйекшелері

 

 
3-топ –           Ішкі құлақ

 

 

Ойланады. Тірек-сызба арқылы топпен жұмыстарын орындайды, салыстырып тексереді, реттейді.

Спикер қорғайды, талқылайды.

Синтездеу(жинақтау) 10мин  Тест жұмыстары таратылады, жауабы интербелсенді тақтада жазылады. 1.Сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады?

А) Дыбыс сүйегі       В) Дабыл жарғағы       С) Ішкі құлақ

2. Ортаңғы құлаққа жатады?  А)Қуыстар дабыл жарғағы    В) Құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы

С) Дабыл жарғағынан самай сүйегінең ішіне дейін

3. Адам жұтынғанда, есінегенде ортаңғы құлақ ашылады?

А)Ішкі құлаққа     В)  Көмейге     С)Жұтқыншаққа

4. Шытырман орналасады? А) Сыртқы және ішкі құлақта     В) Ішкі құлақта         С) Ортаңғы құлақта

5. Қозуды есту жүйкесіне өткізеді?

А) Ұлулы денедегі сезімтал жасушалар    В) Дабыл жарғағында     С) Есту түтігінде

 

Ойланады жауап береді, белсенділік танытады, интер белсенді тақта арқылы, салыстырып тексереді

Рефлексия 3 мин Стикер жазу, не білгің келеді? не білдің? не көрдің? Бүгінгі сабақ бойынша білгенін, не көргенін, не білгісі келеді, түсінгенін, не ұнағанын стикерге жазады.
Бағалау 2 мин Бағалау парағы беріледі. Формативті бағалау. Бағалау парағын толтырыды.
Үй тапсырмасы   Есту мүшелері және есту анализаторы.   Есту мүшелерінің аурулары туралы мәлімет жазып келу. 1-8 сұрақтарға дайындалу. Күнделіктеріне жазады.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *