Басы » Биология » Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер — тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы.

Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер — тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы.

Павлодар облысы

Баянауыл ауданы

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты    Биология пәні мұғалімі:

Адилбекова Самал Сарсенбаевна

Сабақтың тақырыбы:  Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер — тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың  маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы.

Сабақтың мақсаттары:

 Білімділік:Адам  қаңқасындағы  сүйектердің  құрылысы,  cүйек  типтерімен  олардың байланысуын  оқып  білу.

Дамытушылық : Оқушылардың қызығуы, ынта –қиялы мен қабылдауы сияқты   танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушылардың салауатты  өмір салтын  ұстана  отырып, сымбатты  қалыптастыруға  тәрбиелеу.

Сабақ кезеңдері Уақыты   Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мотивация(ұйымдастыру кезеңі) 2мин Сәлеметсіздер ме? Топқа бөлу. Ітоп -Алғырлар, ІІтоп- Тапқырлар, ІІІ топ- Білгірлер, ІҮтоп – Жұлдыздар. (Топ басшысылары тағайындалады.) Оқушылар мұғаліммен амандасады, топқа бөлінеді.
Білу 3мин  Барлық тірі организмдерге тән қасиет -( қимыл қозғалыс). Қимыл қозғалыстың организмге әсері барма?(өсеміз, дамимыз)Егер адам денесінің тірегі –қаңқасын алып тастаса қалай болар еді? Интербелсенді тақтамен жұмыс.(электронды оқулық ) Оқушылар ойланады,сұрақтарға жауап береді.Интербелсенді тақта арқылы суреттер көреді.
Түсіну 15 мин  Ең алдымен тақырыпты оқимыз, сонан соң топтың ішінде түсіндіріледі.топтарға төменгідей тақырыпшалар ұсынылады.                  1- топ: Алғырлар тобы – Тірек-қимыл жүйесінің және бас қаңқасы.   2-топ:Тапқырлар тобы – Тұлға қанқасы.

 3-топ: Жұлдыздар – Кеуде, иық, жамбас сүйектері.

 4-топ: Білгірлер— Сүйектердің байланысуымен өзара жалғасуы.

Тақырыпты оқиды , талқылайды, түсіндіреді. Бір-бірлерін тыңдайды.

Түсінгенін флипчартқа түсіреді. Көмекшісімен топ мүшелері жауап береді.

Қолдану 5 мин  Билет алу. Сұрақтар таратылады, жауабы интербелсенді тақта арқылы шығады. 1-топ: 1. Буын  деп  нені  айтады ? (Сүйектердің қозғалмалы байланысы). 2. Қаңқаның қандай бөлігі қозғалмайтын  болып байланысқан ? Бас  сүйектер. 3. Неліктен  биік  өкше  аяқ — киім  киген  зиянды ? Жалпақтабандылық пайда болады. 4. Адам  қаңқасының  өсуі неше  жаста  аяқталады ? 25 жаста  аяқталады.

2-топ: 1.  Білезікте  неше  сүйек  бар ? 2.Сүйектер пішіні неше топқа бөлінеді?  ұзын, қысқа жалпақ. 3.Аяқ жіліктерін атаңыз? Ортан жілік,асықты жілік.4. Қысқа  сүйектерді  ата? Омыртқа, білезік, алақан.

3-топ: 1.  Адамдағы  сүйектер  саны? 206 2.  Бейорганикалық  заттар  сүйекке  қандай  қасиет  береді ? Беріктік,  мықтылық  3. Асықты  жілікпен  қатарласа  тұратын жіңішке  сүйек ? Шыбық  немесе садақ сүйек 4.  Бас  сүйек  қандай  бөлімдерден  тұрады ? Ми  сауыты  және  бет  сүйектері. 4-топ: 1.  Толарсақта неше  сүйек бар? 7  сүйек  бар. 2. 14 сүйектен тұратын қолбасы сүйегі қалай аталады? Саусақ  сүйектері. 3.  Сүйектер қандай ұлпадан  түзілген? Тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпасы. 4. Жамбас пен сегізкөз тұтасып  қандай белдеу

құрайды? Жамбас  белдеуі.

  Оқушылар ойланады, топпен бірлесіп жұмыс жасайды.Өзін-өзі тексереді,белсенділік танытады, реттейді. Интерактивті тақтамен жұмыс жасайды. Салыстырып тексереді.
Талдау 5 мин Тірек- сызба.Тақырыпқа байланысты интерактивті тақтадан әр топқа тірек-сызба беріледі, оқушылар белсенділік танытып орындайды.

 

Алғырлар  —  Тірек – қимыл жүйесі

 

 

 

Тапқырлар –  Сүйек типтері

 

 
Білгірлер —  Сүйектердің өзара байланысуы

 

 

Жұлдыздар-   Аяқ – қол

 

Ойланады. Тірек-сызба арқылы топпен жұмыстарын орындайды, салыстырып тексереді, реттейді.

Спикер қорғайды, талқылайды.

Синтездеу(жинақтау) 10мин  Биологиялық диктант.І-топ: Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы -…….бөлімнен……жілік,……және қол басы …… тұрады. ІІ- топ: Көптеген сүйектер…..және…. жоғары, шеміршекті астармен….. түзіп  байланысқан.ІІІ-топ: Бас сүйектің бет бөлігін……. – қозғалмайтын……, қозғалмалы астыңғы….сүйектері және бет, ….., таңдай сүйектер құрайды. ІҮ-топ: Буын қабының…….. үйкелісті……..және байланысқан …….. арасында қозғалысты……..  ететін аз мөлшерді тұтқыр сұйықтық бөледі.

 

 

.Оқушылар ойланады, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды. Салыстырып тексереді.

Рефлексия 4 мин Стикер жазу, не білгің келеді? не білдің? не көрдің? Бүгінгі сабақ бойынша білгенін, не көргенін, не білгісі келеді, түсінгенін, не ұнағанын стикерге жазады.
Бағалау 2 мин Бағалау парағы беріледі. Формативті бағалау. Бағалау парағын толтырыды.
Үй тапсырмасы   Қаңқа бөлімдерін және сүйек типтері, олардың байланысуы. Дәптерлеріңе 83, 88- баттердегі кестені толтырыңдар. Реферат жазу. Күнделіктеріне жазады.

 

[bws_related_posts]

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *