Басы » Tәрбие сағаттары » Табиғатты таза ұстайық, тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын…»

Табиғатты таза ұстайық, тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын…»

«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім

беру мектеп-интернаты» КММ

Тәрбиеші: Б.БАйнагулова 

«Табиғатты таза ұстайық,  тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын…»

 

Сабақтың мақсаты: оқушылардың  табиғатпен  үйлесімділік, табиғатты  аялау туралы  түсініктерін кеңейту, өзінің туған жерін, ауылын таза ұстауға, қадірлеуге  тәрбиелеу.

Міндеттері: .

  • оқушылардың табиғат , тіршілік бастауы, адам  табиғаттың бір  бөлшегі екндігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
  • оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік  таба білуге  үйрету;
  • ізгілікті, жауапкершілікті , ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  тәрбие  сағаты

Әдісі: шығармашылық  топтық жұмыс.

Көрнекілігі:слайд, бейне ролик «Қазақстанның  экологиялық жағдайы» нақыл сөздер.
Нақыл сөздер:«Таза болса табиғат, аман болар  адамзат», «Табиғат —  тал бесігің, аялай біл!»

Сынып  сағатының барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу,  тәртіп ережелерін еске  түсіру.

Тыныштық сәтін  өткізу. «Орманға  ойша саяхат» (1 слайд табиғат көріністері)Тыныштықсәті: «ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН».

Тәрбиеші: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыздар. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Оқушыларға  сұрақ:

орманға ойша саяхатқа шыққанды елестете алдыңыздар ма? Не сездіңіздер?   Қандай әсералдыңыздар?

Оқушылардың жауаптары.
ІІ. Кіріспе

Бүгінгі сабағымыз осы өмір сүріп отырған  ғаламшарымыз, өзіміздің туып өскен жеріміздің  тазалығы оның табиғаты, адамдардың әрекеті, яғни біздің табиғатқа қатысымыз туралы болмақ.  Сондықтан да «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» — деген өлең жолдары бекер айтылмаса керек. (2 слайд) ІІІ. Ой қозғау:

  • Табиғатты біз кім үшін қорғаймыз?
  • Табиғатты кімнен қорғаймыз?

Осы сұрақтың жауабын қарасақ табиғаттың тазалығы мен бүтіндігі тікелей адамға байланысты екенін ұғамыз.

Тазалықты  сақтау, оған айрықша мән беру-әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Әсіресе ауыл тазалығын сақтау өте маңызды шаруа екені айтпаса да түсінікті  (3 слайд)

 

ІV. Оқушыларға сөз беріледі:

1 — жүргізуші:   (4 слайд)
Табиғаттың тарылтпайық,
Мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың!
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол анаң ғой, ал сен оның кенже ұлысың

2 — жүргізуші:
Ей, адамдар!
Күн мен гүлденжаралған,
От сезім мен мейірімсодантаралған.
Тіршілікиесі – Жер анаға қараңдар!
Зорқайғыданкүрсінгенде,
Ах, ұрадыдүние,
Жаратылысзаңдылығыбұзылса,
Сонда болар, кімие?

1 — жүргізуші:
Пәкауағакешегікімналады?
Түтін, тұманаспандытұмшалады.
Кіршаладыаққулардыңқанатын,
Соныойласаң, көңілдікіршалады.

2 — жүргізуші:
Сексеуілдіңорнындакөмірқалып,
Аман ба, өзітұрғанөңірналып?
Ақмамықтайақшақаршаһарларға,
Ендіжаусажауадықоңырланып.

1 — жүргізуші:
Бар дейсіңбе, өмірдеазапондай,
Дүниеозса, олендіазадыоңбай.
Адам таза болмайдыешқашанда,
Айналайынтабиғат таза болмай.
2 -жүргізуші:осы жалпы ғаламшарлық үй болып табылатын табиғатты адамдар өздерінің өрескел әрекеттерімен бүлдіріп жүр.Сондықтан барша адамзаттың алдында тұрған міндет — табиғаттың байлығын болашақ ұрпаққа сақтау қастерлеу.Сондықтан арнайы күндерді қамтитын экологиялық күнтізбе құрастырылған.

16 қыркүйек Халықаралық жердің озон қабатын қорғау күні.

20 қыркүйек — Орман күні

27 қыркүйек — Теңіз күні.

4 қазан — Жануарларды қорғау күні

29 желтоқсан — Биологиялық көптүрлік күні.

22 наурыз — Дүниежүзілік су күні.

18-22 сәуір — Қорықтар мен ұлттық саябақтар күні.

5 маусым — Қоршаған ортаны қорғау күні.

17 маусым- Шөлденумен,құрғақшылықпен күресу күні.

 

V.Бейнеролик «Қазақстанның экологиялық  жағдайы» көрсетіледі.

Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің біріөзіміз өмір сүріп, күнделікті тіршілік қажетімізге пайдаланып отырған табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Табиғаттағы тіршілік атаулы бір — бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Оның бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екіншісіне әсер етеді. Бұл тіршілік тізбегі ұзақ дәуірлерде бірте — бірте қалыптасқан, оны ғылыми түрде табиғи тепе — теңдік деп атайды. Олай болса, табиғатта тіршілік тізбегі мен адамның іс — әрекетінің арасында белгілі бір үндестік пен үйлесімділіктің сақталуы тиіс. Олай болмағанда, адам өз іс — әрекетін болжауға болмайтын орасан зиянды зардап шегері сөзсіз.

Табиғат дегеніміз – құбылыстар туралы білімдер негізі, ғылыми таным нысаны. Табиғатпен егесу, оған зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды. Табиғатқа ұқыпты қарау және үлкен жауапкершілік сезім мен табиғат қорғауға дұрыс көзқарас әрбір адамның бала кезінен алған тәлім — тәрбиесіне, біліміне, көрген өнегесіне тікелей байланысты.

VІ. Шығармашылық  жұмыс

Көрініс:Адам және табиғат

Ақ қайың сөзі:
Орман едік бір кезде біз жайқалған
Аң мен құстың әсем әні сайраған
Әні кеткен, бұл өлкенің сәні кеткен
Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен
Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп
Анам, әкем, бауырларым қайдасың?
Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын
Жалғыздықтың мұңы көп….
Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ
(Қолында арасы бар әкесі мен баласы шығады)
Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі?
Баласы: Әке бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой
Әкесі:    Е,Міне,жалғыз қайың қалыпты ғой, соны кесіп алайық
Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой
Әкесі: Неменге, табиғатқа жаның ашып қалды? Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты біз ойлауымыз керек пе? Отынға не жағамыз? Көп сөйлемей ұста араның арғы басын.
(Ақ қайыңды кесіп жатқанда құс ұшып келеді)
Құс:
Тимеңдерші бұл қайыңға, бұзбаңдаршы менің ұямды
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам, таспен ұршы
Баласы: Әке, ол өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты кеспей-ақ қояйықшы.
Әкесі: Өй, сен, көп сөйлемей ағашты кес. Нәзік жүрек бола қалуын. Мә, саған!
Құс: (сахнаға құлайды) Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала
Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын
Не қылады, не көреді артыңдағы ұрпағың?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын
Бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?!

Тәрбиеші:   Иә, оқушылар жаңа ғана сіздер адам баласының өзін қоршаған ортаға, табиғатқа жасаған қиянат ісіне куә болдыңыздар.

Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуыбұл экологиялық мәселе

Топпен жұмыс.

1 топ – «Табиғат» тобы

2 топ –«Тазалық»

3 топ –«Қоршаған орта»

Әр топ өзінің  атына байланысты  презентацияларын постер  түрінде жасап,  қорғайды. (оқушылар  қорғау барысында мақал – мәтелдерді,  нақыл сөздер айтты, табиғатқа,  тазалыққа  байланысты әндерін орындап, леңдеріноқыды.

 

ҮІ. Қорытынды:

Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымызкерек.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!

Табиғатқа тілек.

Суымыз тап — таза тұнық болғанын қалаймын!

Гүлдердің жайқалып өскенін қалаймын!

Күннің шуақты болганын қалаймын!

Ауамыз таза болсын!

Бұл күнде көзім ашық сауаттымын,

Білемін табиғаттың қуат — құнын.

Ғалам мен келешектің алдында мен,

Тіршілік үшін әркез жауаптымын

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *