Баян Бақытжанова
Тақырыбы: Химия әлемінде
Мақсаты: Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып,маңызын ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, өмірде қолдануға үйрету.Оқушыларды адамгершілікке,сөз сөйлеу мәнеріне, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, периодтық кесте, плакаттар
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе,бір де бір ұшақ көкке көтеріліп,бірде бір кеме суға жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз,киімсіз,қажетті тұрмыс бұйымдарынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Мінекей, солардың бәрін жасауға химия қатысады.Сондықтан, «Қайда қарасақта, қайда көз жіберсекте көретініміз химия ғажайыптары» деп орынды айтылған.
Ендеше бүгінгі танымдық ойынға қош келіпсіздер! Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз, кезеңдерімен таныс болыңыздар.
— Кім тапқыр?
— Кім тез,кім жылдам?
— Химия және денсаулық
— Қызықты химия
— Сиқырлы құтылар
— Химия тұрмыста
Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Суда ағар таулардың саласымен.
Қара қылды қақ жарар алдарында,
Таныстырайық әділ қазы алқасымен.(әділқазыларды таныстыру)
Тек сәттілік қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң,қабырғаңмен қайыс па.
Оқу керек,білім керек қашанда,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?-дей отырып сайысымызды бастаймыз.
I кезең. «Кім тапқыр?» бұл кезеңде әр топ берілген әріптердің ішінен әріп тандайды.Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.
«С» әрпі
1.Химиялық элемент (сутегі)
2.Күрделі зат (су)
3.Сұйық метал (сынап)
4.Физикалық құбылыс (судың қатуы)
5.Кальций гидроксиді (сілті)
6.Судың агрегаттық күйі (сұйық)
«М» әрпі
1Атомдар нені құрайды (молекула)
2.Периоттық кестенің авторы (Менделеев)
3.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)
4.Калий перманганаты (марганцовка)
5.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)
6.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)
«К» әрпі
1.Жай зат (күкірт)
2.Бейметалл (көміртек)
3.Көмір қышқылының тұздары ( карбонаттары)
4.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)
5.Металдардың бұзылуы (коррозия)
6.Химиялық элементтің алдына қойылатын цифр (коэффицент)
«А» әрпі
1.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөшегі (атом)
2.Ауаның құрамында ең көп мөлшерде болатын газ (азот)
3.Металлдардың патшасы (алтын)
4.Көміртегінің реттік нөмірі (алты)
5.Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі (алмаз)
6.Ақ түсті күміс тәрізді металл (алюминий)
II кезең.
Кім тез,кім жылдам? (Топтарға сұрақтар беріледі)
I топ
Химиялық элемент таңбасының төменгі жағына жазылып,атом санын білдіретін сан (индекс)
Бастапқы заттың түрленіп жаңа затқа айналуы (химиялық құбылыс)
Заттарды қоспалардан бөлу әдістері (тұндыру,сүзу,кристалдау,,айдау)
Периодтық жүйеде неше период бар? (7)
Химиялық байланыстың түрлерін ата? (коваленттік, иондық, сутектік, металдық)
Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі (озон)
Фотографияда қолданылатын металл (магний)
Алақанда балқитын металл (цезий)
Бөлме температурасында қай металл сұйық күйінде болады ( сынап)
Жер бетінде кең таралған элемент (оттек)
II топ
Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек (молекула)
Бастапқы заттардың құрамы мен қасиеті өзгермей сақталады (физикалық құбылыс)
Авагадро тұрақтысы нешеге тең (6,02*1023)
Химиялық реакция типтерін ата (қосылу,айырылу,орынбасу,алмасу)
“Жарық әкелуші” деген мағына беретін химиялық элемент (фосфор)
Қан аздығы тудыратын элемент (темір)
Күкірт қышқыл тұзының аты (сульфаттар)
Топтар қалай бөлінеді (негізгі және қосымша)
Тоқ желісінде қолданылатын металдар (мыс пен алюминий)
Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)
IIІ кезең. «Химия және денсаулық»
I топ
Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент (мырыш)
Ақыл-ой элементі (фосфор)
Қан аздығы ауруын тудыратын элемент (темір)
Есінен танған адамға алғашқы көмек ретінде қолданылатын сұйықтық
(мүсәтір спирті)
Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар (тұз қышқылы)
Адамның дене қызуын өлшейтін құралдағы сұйық металл (сынап)
II топ
Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі (аспирин)
Жүйкені жайландыратын дәрі дәрмек құрамына кіретінэлемент(бром)
Сүйекті қаптайтын элемент (кальций)
Терінің қышыма ауруына қарсы жасалатын майдың құрамының басым бөлігін құрайтын химиялық элемент (күкірт)
5 ℅ спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылатын элемент (йод)
Суық тиген тамырдан жіберілетін,медицинада“ыстық укол” деген атпен белгілі бейорганикалық қосылыс (Кальций хлориді )
IV кезең. «Қызықты химия»
Химияның кереметі сол!
Тәжірибені дұрыс жасай біл!
Әйтпесе үлкен қайғы болар соңы
Алдымен су, сосын қышқыл!
Сөндірілмеген әкке су құйғанда жүретін процестердің теңдеулерін жазып, түзілген заттарды ата. ( СаО+Н2O=Ca(OH)2 сөндірілген әк)
Тұз қышқылының ерітіндісіне мырыштың түйірін салғанда газ бөлінгені байқалады, ол қандай газ реакция теңдеуілерін жаз. Zn+2HCl=ZnCl2+H2
Көмірдің жануы. C+O2=CO2
Темір таттанды. 4Fe +6H2O+3O2=4Fe(OH)3
V кезең . «Сиқырлы құтылар»
Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе , оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек.
Химиялық тәжірибе жасаған жерде тамақ жеуге болмайды.
Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құйюға болмайды
VІ кезең . « Химия тұрмыста» бұл кезеңде әр топ берілген тақырып бойынша постер қорғайды
І топ.Тағам құрамындағы элементтер
ІІ топ. Адам ағзасында кездесетін элементтер
[bws_related_posts]