Басы » Бастауыш сыныптар » «Б» дыбысы мен әрпі

«Б» дыбысы мен әрпі

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Оскина Күлдірген Абдуалиевна

Сабақтың тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды «Б» әрпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс дыбыстауға үйрету.

Дамытушылығы: ойын элементтерін дұрыс пайдалана отырып, сауатты және таза жазуға үйрету.

Тәрбиелілігі: оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ, ойын түрінде.

Көрнекілігі: үнтаспа, «Б» дыбысына арналған плакат, бақа, балық суреттері, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа қажетті құралдарын түгендеу.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.

— Балалар, өткен сабақта қандай дыбысты өттік?

— М

— М дыбысы қандай дыбыс?

— Дауыссыз.

Үш қатарға тапсырма беріледі:

1-қатар. «Жалғастыру ойыны» М  дыбысына сөздер ойлау.

2-қатар. Оқулықтағы М дыбысына берілген сөздерді оқу.

3-қатар. Өткен материалдар бойынша тапсырма.

Сонымен М дыбысы қандай дыбыс екен?

— Дауыссыз.

Жаңа сабақ

— Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, сол жұмбақты шешіңдер. Үнтаспадан жұмбақ есту:

 

Су ішінде желігер,                                                 Төрт қырлы, өзі аппақ,

Құм үстінде демігер.                                              Тақтадағы ізі аппақ.

(Балық)                                                                      (Бор)

Үш көзді батыр,                                                      Аспанға ұшқан бу болып,

Жолды аңдып жатыр.                                         Жерге қайтар су болып.

(Бағдаршам)                                                       (Бұлт)

— Дұрыс

— Балалар бақа сөзінің бірінші дыбысы қандай?    — Б дыбысы

— Қане, бәріміз осы дыбысты айтайық (2-3 рет айтқызу)Оның дауыссыз екенін айта кету.

— Біз мына Б дыбысын қай үйшікке орналастырамыз? (көк үйшікке)

«Сөз ойла, көп ойла» ойыны ойналады. Б дыбысына байланысты сөздер айтқызу.

Бала, бор, бесік, балық, балапан, бақа,

Сурет бойынша оқушыларды сөйлету.

Тақтаға ілінген сурет аттарын атату, буынға бөлдіру.

Ба-қа, ба-ла, ба-лық, бал-мұз-дақ, бал-ға, бақ-ша, бо-та-қан, бақ-бақ

 

Сиқырлы буын.

ту                                             ға

Ба           ғу                              Ба           ла

су                                             та

Оқулықпен жұмыс. Алдымен өзім оқулықтағы сөздерді оқимын. Содан соң балалар хормен оқиды. Бата, баба сөзін кеспе, қима әріптерден құрату.

Дәптермен жұмыс. –Ал, балалар, Б дыбысымен әрпімен таныстық, енді осыны дәптерге жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық

1,2,3 Бойға жинап күш,

Қолға қалам аламыз

4 пен 5ке жазамыз.

 

Буынұйқас.

Би-би-би                                                          Та-та-та

Кіп-кішкентай сәби.                                        Отын жарар балта

 

Ық-ық-ық                                                       Ақ-ақ-ақ

Суда жүзген балық                                       Қандай тәтті балмұздақ.

 

Қорытынды .

«Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы Б дыбысы сөздің қай бөлігінде тұр.  Соған қарап, әрбір сөзді қажет сандыққа салу.

— Біз нені үйрендік? Не білдік? Қандай сөздермен таныстық?

— Б дыбысы қандай дыбыс?

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жетон арқылы бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *