Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Оскина Күлдірген Абдуалиевна
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаларлы Ү дыбысымен таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрену. Сөздік қорын байыту, буындап оқуға үйрету;
Дамытушылығы: Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту, дамыта оқуға үйрету;
Тәрбиелігі: Шыдамдылыққа, ептілікке, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру , оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, әңгімелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, схемалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру;
ІІІ. Жаңа сабаққа шолу;
Жұмбақтар.
Сыпырғыш бұл – қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (Ү)
Керексіз болып қалғанша,
Адамға қызмет етеді.
Шылбырынан байланса,
Табаны қызып кетеді. (Үтік)
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қандай көреген. (Үкі)
ІV. Жаңа сабақ
— Балалар , бүгін бізге үкі қонаққа келіпті. Ол орманнан көптеген жаңалықтар ала келіпті. (үкінің суретін немесе макетін көрсету)
— Үкі туралы не білеміз?
— Балалар, үкіде сендер туралы көп нәрсе біледі екен. Үкі деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз?
— Ендеше, бүгін біз сендермен «Ү» деген әріппен танысамыз.
Баспа және жазба түрін көрсету.
— «Ү» дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы
— Үйрек, үй, үйіңкі, үзеңгі, үміт, күз,күн, күй, күшік, күрек, үз т.б
Әріптерді қосып, жаңа сөздерді оқу.
Н
Р
Ү С
Й
«Баспалдақ» ойыны ойналады.
Ү_
Ү_ _
Ү_ _ _
Ү_ _ _ _
Ү_ _ _ _ _
Жауаптары: үй, үкі, үтік, үйрек, үзеңгі
Сиқырлы дыбыс.
_ү_ _ү_
_ү_ _ү_
_ү_ _ү_
_ү_ _ү_
Жауаптары: гүл, күй, күн, сүт, түс, түн, түр, жүр
Кітаппен жұмыс. Кім кінәлі?
- Кім сызды мына партаны? Үміт айтты:
Деп ұстаз бірден сұрады. — Мен емес.
Үсенбек айтты: Күміс айтты:
- Мен емес. Бұған жалғыз кінәлі —
Елемес үнсіз тұр әлі.
(оқушыларға оқыту)
Жаңылтпаштар.
Үтір деген немене? Үйрек ұшып қаз қонды,
Үтік деген немене? Үйірімді тұныққа.
Үтір керек ілімде, Үлкен-кіші мәз болды,
Үтік керек киімге. Үйіп жинап жұмыртқа
Дәптермен жұмыс
«Ү» әріпін жазу
Тақтаға: Үміт, үкі, күн, сүт сөздерін жаздыру
Қорытынды: Үйге тапсырма беру. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
[bws_related_posts]