Басы » Tәрбие сағаттары » Біздің қылмыстық кодекс

Біздің қылмыстық кодекс

Сабақтың тақырыбы:   Біздің қылмыстық кодекс   

Сабақтың мақсаты: 

І Білімділігі:  Әрбір оқушының жеке даралық, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыра отырып, қылмыс, қылмыстық жаза  кодексі туралы түсіндіре отырып, оқушылардың өмірге деген көзқарасын, ынта – жігерін арттыра отырып, адамның нормативтік құқықтары туралы тың мәліметтер беру.

ІІ Дамытушылығы:  Оқушылардың ынта – жігерін, танымдылығын, сөздік қорын, ой –өрісін, ойлау қабілеттерін дарыта  отырып, шығармашылыққа жетелеу.

       ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа,  ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.

                                    Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

5. Ойға шақыру.  (Психологиялық даярлық жүргізу).

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:    

 Сабақтың тақырыбы:  Біздің қылмыстық кодекс

—         Кодекс дегеніміз не?

—         Заң дегеніміз не?

—         Қылмыс дегеніміз не?

—         Қылмыстық жаза дегенді қалай түсінесіздер?

Қылмыс – Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес,  жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет (Іс- әрекет немесе әрекетсіздік). 

Қылмыстық жаза –сот үкіметімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаға қатысты Қылмыстық кодексте белгіленген аталған тұлғаның құқықтары мен  бостандықтарын айыруға немесе шектеуге бағытталған мемлекеттің мәжбүрлеу саласы.

—         Тұлғаның құқығы дегенңмңз не?

—         Тұлғаның бостандығы дегеніміз не?

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1988 жылы  1 қаңтардан бастап күшіне ене бастады.

Қылмыстың түсінігі:

—         Әрекеттің қоғамға қауіптілігі;

—         Заңға қайшылығы;

—         Кінәлілігі;

—         Жазаланатындығы.

Қылмысдегеніміз – адам әрекетінің бір түрі.

Мына суретке қарай отырып, бала қылмысы туралы баянда.

ІV. Сергіту сәті:   Қорбаңдаған аюдың,             Теріп – теріп алайық,

Құлпынайы көп екен.             Қалтамызға салайық!

— Бүгінгі сабақта не өтілді?  — Қылмыс деген не? Ол саған керек пе?

V.  Үй жұмысы:  «Біздің қылмыстық кодекс» туралы  тың мәліметтер беру.

VI. Бағалау:  Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды  мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.

1 пікір

  1. Оте Жаксы сайт Деп умиттенем

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *