Басы » Tәрбие сағаттары » Қарым – қатынас ережелерді, әңгімелесе білу ережесі

Қарым – қатынас ережелерді, әңгімелесе білу ережесі

Қарым – қатынас ережелерді,  әңгімелесе білу ережесі

 Ойын

Мақсаты:  Қарым-қатынастың түрлі құпиялары бар. Біреу таныстығына, достығына, енді бірі өзіне тәуелді болған сәттерді пайдаланып өзінің өтініштерін орындатуға тырысып жатады. Ондай жағдайда, «иә»- деп, жұмысын орындау қажет пе? Біреудің өтінішінен бас тартудың өзі  сол адаммен қарым- қатынасыңды бұзбайтындай болуы қажет.

 

Ойын шарты: Екі топқа бөлінеміз бірінші топ өтінішін орындатуы тиіс. Екінші топ өтінішті орындамау үшін түрлі эмоцияда жауап қайтаруы қажет. Мысалы: (кекесін түрде, ызалы кейіпте, өкпелі қалыпта, мазасыз жағдайда, дөрекі қалпында, сыпайы жағдайда, өз ісінің көптігін алға тарту т.б)

 

Жүргізілу барысы: Алдын ала жазылған тапсырмалар оқушыларға таратылады. Бірінші топқа өтініш білдіру тақырыптары. Екінші топқа қалай жауап беруі қажеттігі туралы нұсқаулар. Екі топ та бір- біріне қандай тапсырма берілгенін  білмеуі қажет.

Жаттығу басталды, ортаға бір-бірден шығып таңдаған адамдарына өтініш білдіреді, қалғандары оның іс- әрекеттерін бақылап отырады.

 

Талдау кезеңі: Әр ойыншы қандай көңіл-күйде болғанын баяндайды. Қорытынды шығарады.

 

Қорытынды:

  1. Біреудің қол шоқпарына айналмас үшін қалай қарым-қатынас орнату қажет?
  2. Сен «жоқ» деп айта алдың ба?
  3. Сенің ойыңша кім сенімді түрде «жоқ» деп айта алады?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *