Басы » Оқушыларға » Алматы – алма атасы.

Алматы – алма атасы.

Алматы қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы 159 гимназия

 Жұман Қарлығаш

 Жетекшісі: Көпекбай Алия

 Тақырыбы: Алматы – алма атасы.

Алматының алмасы

Қырдың қызыл түсіндей,- деп ақын аталарымыз жырлағандай, Алматымыздың тәтті шырынды алмасы — кырдың кызғалдағындай жанып, бүкіл әлемді өзінің тіл үйірерлік дәмімен таң қалдырар байлығымыз. Алматы қырғыз тілінен аударғанда «алмалы мекен» дегенді білдіреді.                                                                         Көркем қаламызды айтпай жатып, ең алдымен оның олай аталу себебін және апортымыздың тегін айта кетсек…

Алматы апортының тарихы өте таң каларлықтай жай. Әр нәрсенің де отаны болады. Бұл орайда біздің қазақ мақтана алады, әлем ғалымдарының айтуынша, есте жоқ замандардан бері өсіп келе жатқан алма ағашы әлемнің түпкіріне о бастан қазақ жерінен барған. Ғалымдардың тұжырымы бойынша, алма біздің аймақта өсе бастағанына 50 миллион жылдан асты. Алматының апорты өте керемет жемiс. Басқа жақта дәл біздегідей өспейдi. Шындығын айтқанда, оны күтiп-баптаудың қиындықтары өте көп. Оның толыққанды жемiс беруi үшiн белгiлi бiр шарттары мен тәртiптерi бар. Ол, бiрiншiден, биiк таудың басында, белгiлi бiр өзiне тән биiктiкте өскенде ғана нағыз апорт бола алады. Оның топырақты тез арада құнарсыздандырып тастайтын қасиетi тағы бар. Апортты өсiру үшiн осының бәрiн ойластырып отырмаса, түрi ұқсағанмен, өзi нағыз апорт болып шыға қоймайды. Шет елдердiң ғалымдары апортқа емес, бiздегi жабайы алманың сорттарына, соның тұқымына қатты қызығады. Өйткенi, бұлар – өзiн-өзi жаңартып, жасартып, жетiлдiрiп отыратын алмалар. Ыстыққа шыдамды, суыққа төзiмдi, оның үстiне алманың жаңа сорттарын алуға өте қолайлы. Мысалы, Американың Канадамен екi арасындағы Невада штатының табиғаты аса қолайлы аймақ емес, суық жер. 43-45 градусқа дейiн суық болатын аймақ өзi. Сол жерге бiздiң алмамызды апарып егiп едi, бiздiң алмамыз өте мықты болып шықты. Жалпы, жаңа сорттар алу үшiн будандастыру мақсатында да бiздiң жабайы алмамыздың тұқымына қызығып жүрген ел көбейіп барады. Шет ел ғалымдарын қазiр апорт алмасы емес, жабайы алма қызықтыра бастады. Өйткенi, апорттың арғы атасы – жабайы алма. Мәселен, Америка ғалымдарының бiздiң ғалымдарымызбен он екi жылға шарт жасасып, жабайы алма тұқымын сақтап қалу үшiн 3 миллион доллар қаржы бөлуiнiң өзi осының айғағы.

Мен Алматыда дүние есігін ашып, осы жерде өсіп келем. Қазіргі таңда тау баурайында орналасқан, Алматының керемет көрінісін тамашалауға бет ашатын Қарағайлы елді-мекенінде тұрып келем. Есік алдындағы бақшада әртүрлі түске боялған гүлдер болса, үйіміздің айналасы алма ағаштары өсіп тұр. Оның дәмі есімде жатталып қалғаны соншалық, өзге алма дәмінен еш қиналмастан ажырата аламын. Алма ағашын күтімілдеуді апамнан артық ешкім білмес. Кезінде апам бұл алманы өсіріп, елімізге өз еңбегін сіңірген жан. Мен де ападан үйренгенім бойынша, өз бағыма қамқорлықпен күтім жасаймын.

Алматы қаласында тұратын әрбір жан алма бақтарына күтім жасап, Алматының алмасының тарихы одан әрі гүлдене берсе екен деп тілеймін.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *