Басы » Бала бақша » Тәрбиешілерге арналған кеңестер (Баяндама)

Тәрбиешілерге арналған кеңестер (Баяндама)

КМҚК «Жауқазын» бөбекжайы

Гульназ Прманова

Тақырыбы: Тәрбиешілерге арналған кеңестер

Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенін бастамасы. Мектепке дейінгі шақ бала бойында адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік ,сымбаттылық, сезімдерін қалыптастыру- ата- аналар мен тәрбиешінін міндеті. Мектеп жасына дей»нгі балалардың жан- жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті — рольдік, кимыл–қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын – балаларды оқуға, енбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенін басқа да салалармен байланысты. Адамның іс-әрекеті мен мінез — құлқынан әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Адамгершілік, адамгершілікке баулу дегеніміз не? Біздің ойымызша, ол-адамдардан үлкен бе , кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым – қатынасын ақылға салып, ар- ұят таразысынан өткізіп, білімімен ұштастырып ең әуелі, ең дұрыс жолын таңдап білуі қажет. Тәрбиеші балалардың орынды іс-әрекеттерің мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздкрі түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттерді үйрену қажет. Балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың мінезін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Егер бала мінезін дамыта отырып тәрбиелемесек, онда қыныр баланың қиқарлығы арта түседі де, төбелеске, дау-дамайға бейім болады. Ол үшін тәрбиеші үнемі өз тәжірибесін молайтып, шеберлігін, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейдә. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештене жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл-балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалап, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Ойын-баланың жансерігі іспеттес. Бала ойнап өседі. Мысалы : рольдерге бөлгенде балаға тиген ұнамсыз роль типінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету, сонда ғана ойын өз мақсатына жетік, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып , өткізуі балалардын бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұту- адамгершілікке бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез- құлқын қалыптастырады. Баланың әдепті, көргенді , қайырымды, болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Балалардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдар өнегесіне, балабақшадағы тәрбиеші апайынын олармен күнделікті қарым-қатынасымен тәрбие жұмысын ұтымды жүргізгізуіне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланы, сәби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Балалардың бір-бірімен достық қарым–қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсаты жүргізлген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Балалардың достық сезімі ойын кезінді шындала түседі. Бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың камкорлық , ізгілік сезімін оятады да , әрі карай өрбіте түседі. Мүндай ізгілік сезім құрбылар арасындағы достык карым–қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын, жеке-дара ойнағаннан гөрі, бірігіп ойнаудын әлдеқайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезіне бастайды. Соның нәтижесінде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары беки, нығая түседі. Ересектер тобының балалары алған білімдеріне, өмірден жинақтаған азды-көпті тәжірибелеріне сүйене отырып, тәртіптерін, мінез– құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады. Тәрбиеші балалардың қарым – қатынасын күнделікті бақылау арқылы әр баланың мінез–құлықтарымен қалай қалыптаса бастағанның анықтайды. Бала бойындағы қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Әсіресі, ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке баулиды. Тәрбиеші ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға деген белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Топта өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойында өз қалауымен бастауы не болмаса, ойынға өз еркімен қатысуы аса манызды. Әр ойынның сюжетін өз мәнінде өрбіту үшін , оған атрибуттар, ойыншықтар қажет. Мысалы : қуыршақ түрлі мамандық иелерін бейнелеу үшін қолданылады. Оған дәрігер, мұғалім, аспазшы, почташы, ғарышкер, т. б. сондай-ақ жануарларды бейнелейтін ойыншықтар да қажет. Қуыршақтың жыл мезгілдеріне арналған киімдері әртүрлі мамандық иелері киемдерінің бір белгісі, айталық, почташының сөмкесі, дәрігердің халаты, қалпағы, аспазшының қалпағы мен алжапқышы, ұшқыш пен ғарышкердің киімдері бейнеленеді. Сюжетті – рольдік ойында ұйымдастырудың екі жолын қарастырып көрелік: 1.Тәрбиеші сюжетті – рольдік ойындаы өзі ұсынып, балаларды рольге бөліп, ойын шартарын түсіндіреді. 2. Тәрбиеші сюжеттті–рольдік ойынға араласпайды. Ал енді ойынды ұымдастырудын осы жолы да ұтымды емес, балалардың ойынға деген қызығушылықтары тез басылып қалады. Неге? Бірінші жолы балалар тек орындаушылар ғана болса, ал екінші жолы ойынның сюжетін өрбіте алмайды. Ол үшін не істеу керек? Тәрбиешілер балалардың дүниетанымын қандай дәрежеде екенін білуге тиісті. Баланың ақыл-ой парасатын кеңейте түсу қажет. Балалар өздерінің ойында, негізінен айналасында көргенін бейнелейтіндігі және ол ойындар балалардың өмір сүрген кезенінде дәл келетіні ақиқат. Ойын баланың алдынан есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ойнай білуге, ережесін сақтауға, ойналуға бағыттау, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамыту және қозғау, белсенділігін арттыру болып саналады. Балабақшаларда балаларды тәрбиелеу мен оқытуға кешенді көзқарас қалыптастыруда түрлі дамытатын ойындар, міндеттер, ойын-сауык шараларына көп мән беріледі.Тәжірибеде анғарғанымыздай, ойын балалар үшін қызықты әрі олардың көніл-күйін жаулап алады .Оқыту мен тәрбиелеге бағытталып ұымдастырылатын ойындар балаларға таныс ортаға бейімдеу мақсатында жүргізіледі, баланын танымдық қызметін жандандыратын дидактикалық материалдаодын болуымен еркешеленеді.Ендеше , жана технологиялар мен тәсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мұратымыз.Бала тәрбиесінің бағбаны атанған ұстаздар қауымының тынымсыз енбегі шығармашылық жетістіктерге толы болсын.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *