Басы » Тарих » Қазақстан тарихынан сабақтар топтамасы

Қазақстан тарихынан сабақтар топтамасы

Қызылорда қаласы.

№ 4 облыстық дарынды  балаларға арналған мектеп-интернаты

Тарих пәнінің мұғалімі

Ниеталиева  Гүлбану  Жеткергенқызы

 

№1-сабақ

Тақырыбы:   Елімнің кешегісі,  бүгіні  мен  ертеңі

Білімділік  мақсаты:Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зеректік, шешендік қабілеттерін қалыптастыра  отырып, табыстың негізгі көзі – білім екенін түсіндіру және оқушылардың танымдық қызығушықтарын арттыру.

Тәрбиелік  мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып пәнге қызығушылықтарын арттыру.  Дұрыс әрі тез шешім қабылдауға үйрету,  топтық  еңбекке тәрбиелеу, ақпараттық білім беру;

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, «ХХІ ғасыр көшбасшысы»,
«Миллион кімге бұйырады» зияткерлік ойындарының
желісімен.
Сабақтың түрі:Зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (1-2минут)

І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. Тарихи көмбе. Әр көмбенің астында сұрақ жасырылған, сұраққа жауап берсе, тиісті қаржы жинақтайды, жауап бере алмаса сондай қаржы қайтарылады.
ІІІ тур. Эрудиттер сайысы. Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
ІҮ тур. Таңдау – табыс. Әрбір топ таңдаған пәндері бойынша берілген тапсырманы орындайды.
V тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Мұғалім:  Құрметті қонақтар, ұстаздар мен талабы  таудай  талапкер! «Елімнің кешегісі,  бүгіні  мен  ертеңі» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ қазыларымен  таныс болыңыздар. (Әділ қазылармен  таныстырылады)
Мұғалім:Алдарыңызда өз білімімен, ақыл — ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз атымен және ұранымен таныстырады).
«Самғау» тобы
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Бәйтерек» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Жас қырандар» тобы
Ұраны:

Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке ұшар қыранымыз.
Мұғалім:«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет», -деп айтқан  екен ұлы тұлға Шоқан Уәлиханов. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Әзірше әр топтың қорында 50 евродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту — өз қолыңызда.
Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 доллар. Топ капитаны бағаны 10 доллардан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынылған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Жүргізуші:Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді- деген  екен  атақты  данамызТөле би.  Ендеше  «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
10-Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз?/Түрік қағанаты/
10- / Ең ежелгі жылнаманы кім жазғызған. /Египет патшалығы/
20- Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?/603 жылы/
20- Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды? /1771 ж/
30-«Диуани лұғат ат түрік» кітабының авторы кім?/Махмуд Қашқари/
30- Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты? /б.з.б.ІІ ғ соңы/
40- Ауызша тарих ұғымын тұңғыш қолданған ғалым: /А.Невинс/
40- Алғаш рет түрік жазуы туралы деректер қалдырған кім?/Византия тарихшысы Менандр Протектор/
50- Мемлекет құрған этностардың саны қанша? /200/
50- «Қазақ шежіресін» кім хатқа түсірген? / М.Ж.Көпеев./

Жүргізуші: Осымен І тур аяқталды. Қорытындысын айту үшін  сөз  қазыларға  беріледі. Жоғары капитал жинаған топ……………………………………
Біздің екінші турымыз «Тарихи көмбе» деп аталады.  «Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын»  -дей  келесайысты ең көп капитал жинаған топтан бастаймыз.
ІІ тур. Тарихи көмбе
1. Қаған — жоғарғы үкімет билеушісі
2. Тігіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер — ханның ұрпақтары
3. Уәзірлер – хан кеңесшісі
4. Орда – ханның мемлекеттік саяси –әкімшілік іс-жүргізетін орны
5. Иқта – жер иеленудің бір түрі
6. Иқтадар – жерді иеленушілер
7. Вақваттық – дін басыларға, діни мекемелерге ірі жер иленушілерге, көшпелі әскер басшыларға өсиет етіп қалдырған жер
8. Коммендация – қанаудың бір түрі. 2 түрі болады: үлескерлік, қамқорлыққа алу.
9. Қарахан кесенесі — Айша бибі кесенесі
Бабажа қатын кесенесі —
10. Қаңқаш – Оғыз мемлекетіндегі шонжарлардан құралған кеңес.
11. Руна жазуы – түркілердің көне жазуы
12. Ташнау – жуынды су ағатын құдық. Оны жер астынан қыш құбырмен қала сыртына да шығатын болған.
ІІІ тур. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар:
1. Түрік қағанаты қай жылы құрылды?/б.з- дың 552ж/
2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/
3.Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді? /Әбілқайыр/
4. Тарих деректер нешеге бөлінеді. /2/
5. Жүз жылдық соғыс қай мемлекеттер арасында болды /Англия мен Франция/
6. Король иелігі /домен/
7. Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы қашан болды? /1455-1485жж/
8. Алғашқы қоғам дәуіріндегі адамдардың тұрақты түрде бірге өмір
сүрген тобы қалай аталды./тайпа/
9. «Алтын булла» жарлығы қай императордыкі /ІҮ Карл/
10. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы. /принтер/
11. Хаммурапи заңында қанша бап бар. /382/
12. Хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі қамқоршысы. /атабек/
13. Ұлы жібек жолы қай елден басталды?/Қытай/
14. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылым. /жаратылыстану/
15. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң: /«Жеті жарғы»/
16. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит /Тынық/
17. Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ орданы кім басқарды? /Әбілқайыр/
18. Мемлекеттің Ата Заңы /Конституция/

№2 топқа арналған сұрақтар: 
1. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген? /Отырар/

  1. Әріптердің рет ретімен тізілген жиыны /алфавит, әліпби/
    3. Рыцарь болу үшін үміткердің …….?…….болу керек еді. / жер үлесі, яғни феоды/
    4. «Дарабоз» атанған батыр. /Қабанбай/
    5. Жанна д,Арк қай соғыста үлкен рөл атқарады? /жүз жылдық соғыс, Орлеан үшін шайқас/
    6. ҚР Каспий теңізі арқылы қай мемлекеттермен шектеседі? /Әзербайжанмен/
    7. Латынның «үлкен үй»деген сөзінен шыққан – Франк мемлекетіндегі V ғ аяғы – ҮІІІ ғ ортасындағы сарай меңгерушісі /Майордом/
    8. Ағылшынның, француздың «сөйлеу» деген сөзінен шыққан /парламент/
    9. Сақтардың негізгі баспанасы: /киіз үй/
    10. «Ұлы» сөзінің оған қосылуы шығыс пен батыс өлкелерді байланыстырып жатуынан…… /Ұлы Жібек жолы/
    11. Қазақстанда қаншаға жуық өзендер бар? /82 мыңға/
    12. Жердің Күнді бір рет айналып шығуынакететін уақыт /жыл/
    13. Адамзаттың өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым. /археология/
    14. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. /Ніл/
    15. Ежелгі түркі ескерткіш жазулары қайдан табылған? /Орхан өзені/
    16. Ең кішкентай құс. /колибри/
    17. Әл-Фараби түрік,араб тілдерінен басқа тағы қандай тілдерді меңгерді? /Парсы/
    18. 10-12 ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда болған қала саны /37/
    №3 — топқа арналған сұрақтар: 
    1.  Ханның мұрагерін қалай атаған? /сұлтан/
    2. Ислам дінінің негізін қалаушы / Мұхамед/
    3.Қазақстан аумағында тараған ең ежелгі дін. /Заратуштралық/
    4. 1358 ж. Жакерия көтерілісінің басшысы / Гильом Каль/
    5. Қазақ халқының ежелгі негізгі баспанасы: /киіз үй/
    6. 11-12 ғасырларда үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлердің атауы? / «қоржын үй»/
    7. Жоңғар қонтайшысына суырып салма шешендік сөзді айтқан би: /Қазыбек би/
    8. Андроновтықтардың тұрғын үйі неге ұқсас болды? /киіз үйге/
    9. Х ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы мешіттердің салынуы туралы жазған /Әл-Макдиси/
    10. Киіз үйдің алғашқы нұсқасы қай кезеңде жасалды? /Қола дәуірі/
    11. Оғыс қоғамында әскербасылардың аталуы. /сюбашы/
    12. Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі қай қалада орналасқан? /Түркістан/
    13. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектепті қай жерде ашты? /Ырғыз/
    14. Ежелгі адамдар аулаған аңдары /мамонт, бизон, аю, т.б./
    15. Византияның алтын ақшасы / номисма /
    16. 4.Ш.Уәлиханов Сібір кадет корпусына оқуға түскен жылы. /1857 ж/
    17. Ең жоғарғы баспалдақта басты феодал / король/
    18. 1836-1838 жылдардағы көтеріліс басыларының бірі, жауынгер ақын. (Махамбет)Мұғалім: Топ басшысы берген жауаптар бойынша ІІІ — тур қорытындысын тыңдасақ. Енді «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді»  деп  Ахмет Байтұрсынұлы  айтқандай  келесі турымызға көшейік. ІІІ турда әрбір топ таңдаған ұяшығы бойынша берілген тапсырманы орындайды. Бастапқы баға — 50 эвро. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.
    ІІІ тур. Таңдау – табыс

    Cалт-дәстүр
    10. Қазақ жастарының сүйіп ойнайтын ойыны, бұл ойын ауыл сыртында
    кешкі мезгілде ән-күй құшағында өткізілген.Бұл қандай ойын
    /Алтыбақан/
    20.Айт мейрамында айтылатын ән? /Жарапазан/
    30.Отбасылық қымбат заттардың біреуге белгілі бір уақытқа сақтауға
    берілуі Оны сақтау үлкен адамгершілік белгісі ретінде саналған
    /Аманат/
    40.Садақтан немесе мылтықтан атпен бар пәрменімен шауып келе
    жатқан күйде тігілген тиынды атып түсіру ойыны?
    /Жамбы ату немесе Алтын қабақ деп атайды./
    Тұлғалар 
    10. «Қазақ вальсінің каролі» /Ш.Қалдаяқов/
    20. «Алгебраның атасы» /Мұхамед Әл-Харезми/
    30. Еділ батырды европалықтар қалай атаған /Аттила/
    40. Түркі сақ халықтарының әйел патшасы /Томирис/
    Мемлекет 
    10. Әлемдік билікке ұмтылған ең алғашқы мемлекет?- /Ежелгі Мысыр/
    20. Томирис кім? /Сақ патшайымы/
    30. «Дон Кихот»шығармасының авторы Сервантестің отаны. / Испания/
    40. Ең алғашқы медициналық еңбектердің, жыл күнтізбесінің авторы
    атанған ел /Шумер/
    Еркін тақырып
    10. Исламның қасиетті кітабы /Құран/
    20. Ы.Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті қандай белгімен бітірді?  /алтын/
    30. Ақтөбе –іргетасы қай жылы қаланды? /1869 ж/
    40. Орталық Азиядағы түрік тілдес халықтардың бір ұлт есебінде,бір
    мемлекет болуға ұмтылу идеясын кім ұсынды. /Мұстафа Шоқай/

ІV тур. «Сыйлықтар аукционы» 
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта  «құнды сұрақ» жасырылған, сұрақтың  жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға — 30 евро. Кім жоғары баға ұсынады? /70 — ке дейін/
№ 1 лот.
М.  Әуезовтың  драматургиялық  шығармасы  /Еңлік—Кебек/
№2 лот.
«Пайғамбар» сөзінің мағынасы. /Алланың жердегі өкілі/
№3 лот.
Ресей үшін І Петр, Германия үшін Отто Бисмарк қандай болса, Қазақстан үшін сондай болған хан. /Абылай/

№4 лот.

«Ханталапай» қандай дәстүр? /Хан сайлағанда малын бөліп алу дәстүрі/
№5 лот.

Ұлы Отан соғысына қанша қазақстандық аттанды? /1 млн. 200 мың/

№6 лот. 

Алматыдағы желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? /1986 жылы 17-18 желтоқсанда /
№7лот.
Ақтабан шұбырынды» қай жылдары болды? /1723-1728 жж/
№8лот.
Әр түрлі халықтардың тұрмысын-тіршілігін зерттейтін ғылым. /этнография/
Жүргізуші:Ендеше, ендігі кезек әділ аға -апаларымыздан сайыстың  қорытынды   жауабын күтеміз!  (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).
ЕлбасымызН. Ә. Назарбаевтың  Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясын басымдыққа ала отырып, осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н. Д. Зилинскийдің сөзімен «Елімнің кешегісі,  бүгіні  мен  ертеңі»зияткерлік  ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

  1. «Қазақстан тарихы» әдістемелік  журнал 2014-12
  2. «Сыныптан тыс  жұмыстар» журналы  2012-11

 

 

№2-сабақ

Тақырыбы:    Білгірлер  додасы
/ 7 — 8 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Атажұрт» интеллектуалдық-тарихи-танымдық ойын/
Мақсаты:

Оқушыларды  заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру барысында қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады;
Түрі:интеллектуалдық-тарихи-танымдық ойын

Нәтижесінде: сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушының  шығармашылық қабілеттерін артады,  оқушы  мен мұғалім арасында берік қарым – қатынас орнайды, мұғалімнің оқушыны танып – білуіне мол мүмкіндік туады.
/Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 6 — оқушыдан үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір — бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5 — 10 балдық жүйемен бағаланады./
Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу; АКТ;

 

І — кезең «Миға арналған жаттығу»

 

/Командаларға 10 — сұрақ қойылады, көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады/

  1. Тарихтың атасы? /Геродот/
    2. Тұңғыш қазақ демограф ғалымы?/М. Тәтімов/
    3. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? /Битянь/
    4. Дарий әскерлерін шөл далаға алып келіп, азаттық жолында құрбан болған кім? /Шырақ/
    5. 4. Алтын Орданың негізін қалаған кім? /Батый/
    6. «Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?/Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан/
    7. К.Қасымұлы көтерілісінің басқа көтерілістерден қандай ерекшелігі болды? /Үш жүзді қамтыды./
  2. Ш.Уәлихановтың туғанына 150жылдық тойына арнап бес томдық еңбегін құрастырған кім? /Әлекей.Марғұлан/
    9.  Моғолстан ханы Есен-бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарға қай өзеннің бойынан қоныс бөліп берді? /Шу/
  3. Қола дәуірінде қай өңірден 1100 тонна қалайы шығарылды ? /Шығыс Қазақстанда Нарын мен Қалба кен орнында/

ІІ — кезең «Тарихты тану-тегіңді  тану»

 

/Бұл кезеңде әр топқа ел тәуелсіздігіне байланысты үш сұрақ қойылады/

І — топ:
1. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? /1991 жыл, 16 — желтоқсан/
2. Қазақстан республикасының рәміздері қабылданған жыл? /1992 жыл/
3. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? /1998 жыл, 10маусым /
ІІ — топ:
1.«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? / алтын адам және жолбарыс/
2. Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті? /1991 жылы, 1 желтоқсан/
3. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала? /Орынбор/
ІІІ — топ:
1. Тұңғыш қазақ даласынан ғарышқа аттанған кім, қай жылы?/Т. Әубәкіров, 1991 жыл 2 — қазан//
2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? /Көшпенділер/
3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы неше бөлім, неше баптан тұрады?/9 бөлім, 98 бап /

ІІІ — кезең: «Рухы биік  батыр бабаларым»
І топ:
1
. Дана, әділ деген атағы шыққан хан: (Тәуке)

  1. 2. Жаугершілік заманында 50 — жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр? /Бөгенбай батыр/.
    ІІ — топ:
    1
    . 1836-1838 жылдардағы көтеріліс басыларының бірі, жауынгер ақын. /Махамбет/
  2. 7 — жасынан жетім қалған қазақтың дарабоз батыры кім?

/Қабанбай батыр/
ІІІ — топ:
1
. Ұлы Жүздің шапырашты руынан шыққан батыр кім?

/Наурызбай батыр/
2. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім?

/М. Өтемісұлы/

 

ІV — кезең: «Көшбасшылар сайысы»

(бұл кезеңде әр топтың капитандарына бір мезетте 20 — сұрақ қойылады, осылайша ең көп ұпай жинаған капитан жеңімпаз атанады)

  1. Ономастика ғылымының қай саласы жер-су атауларының тарихын зерттейді? /Топонимика/
  2. Қазақстандағы облыстар саны қанша?/14/
    3. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері не?/шекара, ақша, әскер/
    4. Атырау қаласының бұрынғы аты? /Гурьев/
    5. Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне қолайлы болған Қазақстанның қай аймағы? /Оңтүстік Қазақстан/
    6. Жер — ұйықты іздеген адам кім? /Асан — Қайғы/
    7. 2. Б.з-дың ү ғасырындағы ғұндардың батысқа жорығын кім басқарды? /Аттила/
    8. Хан тұқымынан шыққан атақты күйші кім? /Дәулеткерей/
    9. Қазақ хандығы құрылған жылдар? /1465 — 1466 жылдар/
    10. Наурыз мейрамында қандай ұлттық ойындар ойналады? /Бәйге,күрес,көкпар,қыз қуу,теңге алу.т.б./
    11. Қазақ хандығының аумағын кеңейткен, үш жүздің басын біріктірген, ұлы мемлекет қайраткері кім? /Абылай хан/
    12. Қазақтың төбе биі кім? /Төле би/
    13. А.Құнанбаевтың қанша қара сөзі бар? /50-ге жуық/
  3. Кіші жүздің атақты биі кім?/Әйтеке би/
    15. 4. 1924 -1928жылдары Қазақстанның астанасы міндетін атқарған қала? /Қызылорда/
    16. «Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды? /Тәуке хан/
    17. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен қазақтың атақты жырауы кім? /Бұқар жырау/
    18. Қай жылы Абылай хан қай жылы қайтыс болды? / 1781 жылы/
    19. Қазақтардың нанымы бойынша отбасы мен балалардың қорғаушысы кім? /Ұмай ана/
    20. Ы.Алтынсарин Қай жылы алғаш рет ұстаздық етті? /1864 ж/

Әрі қарай 4 — кезеңнің қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар анықталады, марапатталады.

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. «Қазақстан  тарихы» әдістемелік  журнал  2013-11
  2. Н. Назарбаев «Тәуелсіздік  белестері»,  Алматы,  «Атамұра» 2003

 

 

 

№3-сабақ

7-сынып. Дүние  жүзі  тарихынан  тест

Мақсат:  Оқушылардың  тақырыптарды игерудегі білім  қорын  саралайды, тақырыптық білім бақылау тапсырмаларына дайындала отырып  білімдерін шыңдайды.

  • 42. ХҮ ғасырдың соңы мен  ХҮІ ғасырдың бас кезіндегі  ұлы  географиялық  ашулар
  1. Батыс Еуропада феодалдық құрылыс  қай ғасырда  ыдырай  бастады?

А)  ХІҮ ғасырдың  екінші  жартысында,Ә) ХҮ  ғасырдың  бірінші  жартысында

Б)  ХҮ  ғасырдың  екінші  жартысында,    В) ХҮІ  ғасырда

 

  1. Еуропадан Азияға  жаңа  жолдар  іздеу  не үшін қажет болды?

А)  күн  көріс үшін,   Ә)  Басқа  елдерден әскер  жинау үшін,

Б)  су-тегін  байлыққа  кенелу үшін  В)  Теңіз  жолын  бағындыру  мақсатында

 

  1. ХҮ ғасырда  жасалған  жеңіл,  желкенді кеме

А) Каравелла,    Ә)  сүңгуір  қайықтар,

Б) Мұзжарғыш  кеме,   В)  Эскадрилия

 

  1. Қазіргі үндістердің  бабалары  Америка құрлығына  қашан  келген?

А)  осыдан  18-20  мың  жыл  бұрын , Ә)  20-25  мың  жыл  бұрын,

Б)  25-27  мың  жыл  бұрын,    В)  25-30 мың жыл  бұрын

  1. Америка халқының  көпшілігі  қандай  кәсіппен  айналысты?

А)  малшылықпен,  Ә)   бақша  өсірумен ,

Б)  аң-балық аулаумен,   В)  зергерлікпен

 

  1. Үндістер еңбек  құралдарын  неден  жасады?

А)  темір мен мыстан,  Ә)  ағаштан, тастан, қоладан,

Б)  түрлі  жануарлар  сүйектерінен, в)  шыныдан

 

  1. Майялардағы қала- мемлекеттер қай кезде  пайда болды?

а)  б.з. І мыңжылдығында,  ә)  б. з. ІІ мыңжылдығында, б) б.з. д.  І  мыңжылдықта

 

  1. Майя жазуы  қай кезде пайда болды?

А) біздің  заманымызға дейінгі 500 жылдықта,Ә) Біздің заманымыздың  басында

Б)  б.з. б мыңжылдықта,  В)  Б.з.  бірінші  мыңжылдығының  соңында

 

  1. Аңыздар мен  тарихи оқиғаларды  кімдер  жазды?

А)  саяхатшылар,  Ә)  шіркеу иелері

Б)  абыздар,  В)  ақындар

 

  1. Теңіз деңгейінен  2000 м биіктіктегі қыратта,  тау  шыңдарының  етегінде,  топырағы қүнарлы, табиғаты сұлу  алқапта қандай үндіс тайпалары өмір  сүрген?

А)  Ацтектер,  ә)  майялар,  б) инктер

 

  1. Соғыс кезінде ацтектердің  әскери қуаты  қаншаға жетті?

А)  100  мыңға,   Ә)  125  мыңға,   б)  150  мыңға

 

  1. Оңтүстік Американың батысындағы елдің атауы?

А)  Генуя,  ә)  Перу,  б)  Лима

 

  1. Лима қаласының  негізін  кім және  қашан  қалады?

А)  Христофор  Колумб 1436-1471 ж  Ә)  Васко  да Гама  1469-1532 ж

Б)  Франсиско Писсаро 1475-1541 ж   В)  Фернан  Магеллен 1475-1546 ж

 

  1. Христофор Колумбтың туған  жылы

А) 1416 ж  Ә) 1426  ж   Б)  1436  ж   В)  1446  ж

 

  1. Х. Колумб өз  зерттеулерінде  Батыс жолымен қай мемлекетті  ашуды мұрат етті?

А)  Үндістанды   Ә)  Қытайды  Б)  Американы  В)  Австралияны

 

  1. Колумб алғашқы  сапарын  қай жылы,  қай жерден  бастады?

А)  Португалиядан  1489 ж,  Ә)  Испаниядан  1492  ж,

Б)  Нидерландыдан  1495 ж,  В)  Франциядан  1498  ж

 

17.Колумбтың  Атлантикадан  ашқан  бірінші жаңалығы  не  еді?

А)  Кариб теңізі   Ә)  Сан-  Сальвадор аралы

Б)   Әулие  Елена  қойнауы   В) Сорогос  теңізі

 

  1. 1501 жылы  «жаңа  жерге»  екінші  рет королдің  келісімімен  барған  саяхатшы  кім?

А)  Х.  Колумб  Ә)  А.  Веспуччи

Б)  Мартин    В)  Васко  да  Гама

 

  1. Америка жерін  тұңғыш  ашқан  кім  еді?

А)  Фернан  Магеллен , Ә)  Васко  да Гама,

Б) Христофор  Колумб,  В)  А.  Веспуччи

 

  1. Үндістанды ашқан  кім?

А)  А.  Веспуччи,  Ә)  Васко  да Гама,   Б)  Фернан  Магеллен,  В)  Х.  Колумб

 

  1. 1519-1522 жылдардағы Азияға  батыс жолмен  жету  мақсатымен  ұйымдастырылған  экспедицияны кім басқарды?

А)  Фернан  Магеллен , Ә)  Васко  да Гама,   Б) Христофор  Колумб,  В)  А.  Веспуччи

 

  • 43 Орыс  жерлерінің  Мәскеу  төңірегіне  бірігуі
  1. Орыс жерінде феодалдық  жер  иеліктері  қай ғасырларда  күшейді?

А) ХІІІ-ХІҮ  ғ,  Ә)  ХІҮ ғасырдың  басы,

Б)  ХІҮ  -ХҮ  ғасырлар,  В)  ХҒ  ғасырдың  аяғы

 

  1. Мемлекеттік жерде  жұмыс істейтін  шаруалар  қалай  аталды?

А) «қаралар»,  Ә) үйреншіктілер,

Б)  келімсектер,  В)  қүны  өтелгендер

 

3.Шаруалар  қожайынынан  қай  күні  кетуге  рұхсат  етілді?

А)  сенбі  күндері  Ә)  Юрий күні

Б)  қалаған  уақытында  В)  Петр  күні

  1. Боярлық басқару  жүйесі  орыс жерлерінің  қайсысында  ұзақ   сақталды?

А)  Орыс жерінің  оңтүстігінде  Ә)  батысында

Б)  оңтүстік-шығысында  В)  солтүстік  батысында

  1. Орыс жерінің бірігуіне  қандай  қолайлы  алғышарт қалыптасты?

А) Алтын  Орда  мемлекеті  әлсіреді  Ә) сауда дамыды,  б)  елдің  саяси  басқару  жүйесі дамыды

  1. Куликово шайқасы  қай  жылы  болды?

А)  1378 жылы  ә)  1301  жылы  б)  1380  жылы

  1. Иван Калита  қандай  оқиғаны  өз  мүддесіне  пайдаланды?

А)  Мәскеу мен Тверь кнәздігінің арасындағы күресті,

Ә)  Алтын Ордаға  қарсы халықтың  бас көтеруін

  1. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы орыс қоғамының феодалдық  құрылымында  әскери қызметі үшін берілетін  жер  иесі қалай  аталды?

А)  Кінәздер,  Ә)  Боярлар,

Б)  Помещиктер  В)  шіркеу  иелері

9)  Қай  жылы  Иван  Калита  ұлы кінәз  атағын  алады?

А)  1328 ж  Ә)  1299 ж  Б)   1318  ж  В)  1380 ж

  1. Алтын  Ордадағы  билік  үшін  бақталастық  қай  ғасырда басталды?

А)  ХІІІ  ғасырдың  аяғында,  Ә)  ХІҮ  ғасырдың  орта  шенінде,

Б)  ХҮ  ғасырдың  басында,  В)  ХҮІ  ғасырдың  ортасында

  1. 1380  жылыы  Куликово  шайқасында  жеңілген  хан?

А)  Жәнібек хан,  Ә)  Тоқтамыс хан

Б)  Мамай  хан ,   В)  Ахмет  хан

  1. Алтын  Орда  ханы  Тоқтамыс  өзінің  қанды жорығын  Мәскеуге  қай жылы  жасады?

А)  1299 ж ,  Ә)  1358  ж,

Б)  1380 ж,  В)  1382  ж

  1. Куликово шайқасында  Мамайдың  қалың  қолына  қарсы  атта,  Б)  ған  орыс кінәзі?

А)  Дмитрий Донской,   Ә)  Иван  Калита,

Б)  Александр   Невский,  В)  ІҮ  Иван

  1. Куликово шайқасында   Мамайдың  шегіну  себебі?

А)  Орыс  әскерінің  санының  көптігінен,  Ә)  Уақытында  көмектің  келмеуі,

Б)  Татарлардың  қару-жарағының  жетіспеуі ,  В)  Орыс  іскерлерінің құйтұрқы әрекеті

  1. Куликово  шайқасында  екі  жақтың  да  әскерлерінің  саны  қанша  болды?

А)  100-120 мың  адам,  Ә)  130-150 мың  адам,

Б)  120-150 мың  адам,    В)  200  мыңнан  асты

  1. Куликово  шайқасында  орыстардың  жеңу  себебі

А)  күшерінің   басым  болуы,  Ә)  халықтың  қолдауы,

Б)  қару  -жарағының  көптігі,    Б)  қарсы күштердің әлсіздігі

 

  • 44. Ресейде  орталықтандырылған  мемлекеттің  құрылуы
  1. Тверь,  Псков  жерлері  Мәскеу кінәздігіне қай жылы біріктірілді?

А)  1485  ж, Ә)  1486 ж,

Б)1501 ж ,  В)  1504 ж

  1. Самодержавияны  нығайту  мақсатында  қай  жылдан  бастап жаңа  заңдар  шыға  бастады?

А)  1485 ж,  Ә)  1501 ж ,

Б)  1535 ж,    В)  1549 ж

 

  1. 1550 жылдан  бастап  шаруаларға  не  үшін  рұхсат  берілді?

А)  қожайынына  қарызын  өтемеу үшін,   Ә)  мемлекеттік  салықтан  босатылды?,

Б)  Өз жерінен  кетуге  рұхсат алды,  В) шіркеу  билігінен  кетуге

 

4.Қай  кінәздың  тұсында  боярлар  билігі төмендетіліп,  дворяндар  билігі күшейді?

А)  ІІІ  Василий  Ә)  Дмитрий  Донской  Б)  ІҮ  Иван  В)  ІІІ  Иван

  1. Зем  соборы  қашан  құрылды?

А) 1485 ж   Ә)1553 ж      Б)  1547 ж    В)   1549 ж

  1. Патшаны қолдаған  сенімді  адамдарды  мемлекеттік  жерлерге  орналастыру  қалай  аталды?

А)  опричнина   Ә)   боярлар думасы   Б)  қалалықтар     В) зем  соборы

 

  1. Опричнинаны кім  жүргізді?

А)  Шіркеу иелері,  Ә)  арнаулы  әскер,

Б)  боярлар,      В) ірі  жер иелері

  1. ІҮ Иванның халық арасында «Грозный»  аталу  себебі  неде?

А)  Жауына қатал болғаны үшін ,  Ә)  Ірі  феодалдарды  жазалағаны үшін,

Б)  боярлардың  билігін  шектегені үшін,  В)  қарапайым халықты жазалағаны үшін

 

  1. «Оприч» сөзі  қандай мағына  береді?

А)   қажеттсіз,  бөлек,  Ә)  сұлу, көркем,

Б)  батыл,  ержүрек,  В)  басқа,  айрықша

 

  1. Опричнина әскерлері  қанжығаларына  не  байлап  жүрді?

А)  Қару-жарақ, Ә)  темір-терсек,

Б)  иттің  басы мен  сыпырғы,    В)   Сыпырғының  өзін

 

  1. Опричнина елде  қандай  саясат тудырды?

А)  қатал  жазалау,  Ә)  елді  біріктіру,

Б)  қарапайым шаруаның  жағдайын  көтеру,  В)  Әскер жинау

 

  1. ІҮ Иван  мемлекет жерін айрықша  өз  билігіне  қарайтын  етіп  қай жылы бөліп  алды?

А)  1545 ж ,  Ә)  1555 ж,

Б)  1565 ж,  В)  1576 ж

  1. ІҮ Иван  опричнинаға  қай жылы  тиым  салды?

А)  1570 ж,  Ә)  1572 ж,  Б)  1574 ж, В)  1576 ж

  1. Ресей-Ливон  соғысы  қай жылдары  болды?

А)   1538-1582 ж,  Ә)  1558-1583 ж,

Б)  1568-1570 ж,  В)  1578-1588 ж

 

 

  • 45. ХҮІІ ғасырдағы  Ресей
  1. Феодалдық қоғамның соңғы, капиталистік  қатынастардың  қалыптаса  бастау  кезеңі  қай  кез?

А)  ХҮІ  ғасырдың басы,  Ә) ХҮІІ  ғасыр,

Б)  ХҮІІІ  ғасыр,  ХҮІІІ  ғасырдың соңы

  1. «Жаңа заман» кезеңінің  басталу  кезі?

А)    ХҮІ  ғасырдың  70  жылдары,   Ә) ХҮІ  ғасырдың  90  жылдары,

Б)  ХҮІІ  ғасырдың   20  жылдары,   В) ХҮІІ  ғасырдың   40  жылдары

 

  1. Ресей тарихындағы  дүрбелең  кезең?

А)  ХҮ ғасырдың  соңы, ХҮІ  ғасыр басы, Ә) ХҮІ  ғасыр басы,

Б) ХҮІ ғасырдың  соңы, ХҮІІ  ғасыр басы, В)  ХҮІІ  ғасыр басы

  1. Сібір жаңа жерлерін  ашып, Тынық  мұхит  жағалауына  шыққан  орыс  саяхатшылары  кімдер?

А)  А.  Васильев,  П.  Шуйский,  Ә)  С. Дежнев,  Е.  Хабаров,

Б)  Б.  Годунов, А.  Васильев,  В)  П.  Шуйский, С. Дежнев

5.ХҮІІ  ғасырдың  соңында  Ресейдің  жер көлемі  неше  есеге өсті?

А)  12,5 есе Ә) 13,2 есе Б) 14,5 есе в)  15,5  есе

  1. Украина жері  қай  жылы Ресейге  қосылды?

А)  1590 ж  Ә)  1634 ж  Б)  1654 ж  В) 1702 ж

  1. ХҮІІ ғасырда  Ресей  қоғамы  үшін  қанша  әлеуметтік  топ  құрылды?

А)  2,   Ә) 3,

Б)  5,    В)  5

  1. ХҮІІ ғасырдағы  дүрбелең  кезең  қай жылдарға дейін  созылды?

А)   1565-1613 ж,   Ә)  1584-1613 ж,

Б) 1612-1685 ж,    В) 1689-1701 ж

  1. Барис Годунов қай  жылы  таққа  отырды?

А) 1580 ж,   Ә)  1582 ж,

Б) 1584 ж,   В)  1598 ж

  1. Барис Годунов Ресейдің  дербестігін  нығайтып,  рухани күшейту  мақсатында   кімнің  рөлін арттырды?

А)  Дворянның,  Ә)  Жер  иелерінің,

Б)  Самодержавияның ,   В)  Патриархтың.

  1. Өкіметті қай жылдары  боярлар  басып алады?

А) 1606 ж,    Ә)  1611 ж

Б)  1618 ж,   В)  1625 ж

  1. 1609 ж Ресейді кім басып алды?

А)  Шуйский  бастаған  боярлар,  Ә)  ІІ  Лжедмитрий,

Б)  Халық,   В)  Польша королі

  1. 1611 жылы құрылған  халық  жасақшыларын  кім басқарды?

А)  М.  Романов,  Шуйский,  Ә)  Б.  Годунов  пен М.  Романов,

Б)  І  Лжедмитрий,    В)  К. Минин мен   Д. Пожарский

  1. Қай жылы шетел  басқыншылары тізе  бүкті?

А)  1599 ж,  Ә)  1605  ж

Б)  1612  ж,  В)  1615 ж

  1. Ресей тарихында  Романовтар  әулеті  қай  жылдары  таққа  отырған?

А)  1613-1645 ж ,  Ә)  1610-  1630  ж

Б)  1625-1645 ж,   В)  1613-1655 ж

  1. 1649  жылғы  Собор  заңдарының  жинағы  нені  бекітті?

 

А)   шаруалардың  бас бостандығын ,  Ә)  шаруалардың  басыбайлылығын,

Б)  шаруалардың  жеке құқығын  көтерді,  В)  шаруалардың  тек  шіркеуге  бағынуын

  1. ХҮІІ  ғасыр  сәулет  өнерінің  озық туындысы болған  не?

А)   Қызыл  кірпіштен  тұрғызылған  Кремль,  Ә)  Белгілі шебер  симонның  икондары,

Б)  Мектептер,  В)  Коломно селосындағы  ағаштан  салынған  сарай

ХІ  тарау.  ХҮ ғасырдың  соңы-ХҮІІ ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  Еуропа  халықтарының  мәдениеті.

  1. Батыс Еуропада қайта  өрлеу  мәдениетінің  қалыптасуы
  2. Қайта өрлеу  орталығы  қай ел болды?

 

А) Италия           Ә) Чехия   Б)  Ресей        В) Франция

  1. Римнен Альпіге  баратын  сауда жолының  үстіне  орналасқан мәдени орталық

А)  Флоренция,  Ә)  Милан

Б) Рим,    В)  Париж

  1. Флоренцияда 1265-1321 жылдары өмір сүрген итальян ақыны, өз  заманының ірі  суреткері   А)   Леонардо  до  Винчи,  Ә)  Данте,

Б)  Микеланджело,     В)  Рафаэль Санти

  1. «Құдіретті комедияны»  кім жазды?

А)  Данте ,  Ә)  Джотто ди Бондоне,

Б) Донателло ,  В)  Рафаэль  Санти

  1. Өз картиналарында адамдарды өздерінің  қуаныш қайғысымен, олардың кейпін  шынайылықпен  бейнелеген  суретші

А)  Данте,  Ә)  Донателло,

Б)  Леонардо до  Винчи,  В) Джотто ди Бондоне

  1. Шәкірттерін «кім көп  еңбек етсе,  сол  бақытты болады»  деп  үйреткен қайта өрлеу  дәуірінің  негізін қалаушы  суретші

А)  Леонардо до Винчи     Ә) Рафаэль  Санти   Б)  Данте      В) Джотто ди Бондоне

  1. Леонарда до Винчидің әйгілі әйел бейнесін суреттеген  еңбенінің аты

А)  Мадонна  Ә)  Рафаэлла

Б)  Моно Лиза  В)  Анна  Каренина

  1. Соғыс бекіністерін салуға  басшылық  еткен  қайта  өрлеу дәуірінің  ұлы  қайраткері

А)   Данте     Ә)   Микеланджело   Б) Донателло   В)  Рафаэль  Санти

  1. Римде әулие  Петр  соборының  құрылысына  басшылық  еткен  аса  көрнекті  суретші

А)  Джотто ди Бондоне,    Ә) Рафаэль  Санти

Б) Микеланджело,    В) Леонардо до Винчи

  1. Микеланджелоның жас  арудың өлген ұлына деген шексіз  қайғысын  білдіретін  жаңа   гуманистік  мамұнды  шығармасы

А)  «Құдіретті  комедия»,  Ә)  Моно Лиза ,

Б) «Христосты жоқтау»,   В) Аяусыз  жаза

  1. Микеланджелоның ең үлкен күмбезінің  жобасын  жасаған  храмның аты

А)  Вакх  Ә)  Әулие Петр,

Б)  Сикст  мадоннасы, В)  Моисей

  1. Қайта өркендеу  дәуірінің аса көрнекті  суретшісі Рафаэль Сантидың  өмір  сүрген  жылдары

А)  1483-1520 ж ,   Ә)  1493-1540 ж ,

Б)  1483-1555ж,    В)  1501-1591ж.

 

  1. Римде әулие Петр соборының құрылысына  басшылық еткен  аса  көрнекті суретші

А)  Джотти ди Бондоне,  Ә)  Рафаэль  Санти,

Б) Микеланджело,   В)  Леонардо  до Винчи

  1. Атақты «Сикст мадоннасы»  картинасының  авторы

А)  Леонардо до Винчи,     Ә) Рафаэль  Санти

Б)  Данте,      В) Джотто ди Бондоне

  1. «Сикст мадоннасы»  нені  дәріптейді?

А) әйел  сұлулығын,  Ә)  Ерлік  пен батырлықты,

Б)  Туған  жерге  деген махаббатты, В)  Адамзат  бақыты үшін  баласын  құрбан еткен  ананы

 

 

  • 47 Сурет өнеріндегі  гуманизм
  1. 1471-1528 жылдвры өмір  сүріп,  ол  неміс  суретшілерінің  көшбасшысына  айналған  А)  Дюрер  Аьбрехт,  Ә)  Рембранд Харменс ван Рейн,

Б)  Веласкес Диего.  В)  Донателло

  1. Дюрердің гравюралары мен картиналары халыққа  несімен  ұнады?

А)  көңілді  түстерімен  Ә)  әсерлі  мазмұнымен Б)  халықтың  мазасыз  көңіл күйін  суреттеуімен,  В) діндар мазмұндылылғымен

  1. Голландияда өнердің өркен  жаюы қандай жағдайға байланысты болды?

А)  Қала  байларының  тапсырысының  көбеюіне,  Ә)  Табысты  сурет, мүсін өнерінің  өкендеуіне,  Б) Қала  кедейлерінің  көтерілістеріне,  В)  Буржуазиялық  революцияның  жеңісіне

 

  1. 1606-1669 жылдары өмір сүрген голланд кескіндемешісі, сурет өнерінің ұлы шебері әрі график

А)  Дюрер  Аьбрехт,  Ә)  Рембранд Харменс ван Рейн,

Б)  Веласкес Диего.  В)  Донателло

 

  1. Рембранд  туындылары қандай мазмұнды бейнеледі?

А)  байлардың  тұрмысын сынады Ә)  тек соғыстағы ерлікті бейнеледі,

Б)  Аспан денелері мен көңілді  кештерді,  В) қиял  еркіндігі мен өмір

шындығын

 

  1. Рембрандтың  ең  таңдаулы шығармалары өмірінің қай кезеңінде  туындады?

А)  Байлар мен  дін  басыларына  қызмет  ету  барысында,  Ә) Қиялға берілген  жастық  шағында,  Б)  Кедейленген  шағында,  В)  Еңбегінің  бағаланып шарықтау  шегіне жеткен  кезеңінде

 

  1. Шығармада  адамға деген сүйіспеншілік, адамға  деген сенім, күйзеліс пен  толғаныс сезімдерге  толы  көрініс  берген туындыны салған  кім, қалай аталады?

А)  «Төрт  салт атты»,  Ә) «Адасқан  ұлдың  оралуы»,

Б)  «Аяусыз  жаза»,  В) «Инфанта  Маргарита»

  1. Сурет өнерін бағалауда  Голландиядан  Испанияның  айырмашылығы  неде?

А)  Феодалдық Испанияда өнерді бағалап,  тапсырыс берушілер корол, шіркеу иелері, феодалдар болды,  Ә)  Феодалдық Испанияда өнерді бағалаушылар  мүлде болмады,  Б) Голландиялықтар  мен  испандықтардың өнерге  табынушылары  тең  түсті,

 

В)  Голлландықтар  сурет өнерін бағалауда  испандықтардан   жоғары  тұрды

 

  1. Испанияның  ең  үздік  суретшісі  Диего  Веласкестің қаламынан  қандай  шығармалар  дүниеге  келген?

А)  қарапайым халық өмірін  суреттейтін  бейнелер,  Ә)  Арпалыс , ұрыс алаңын  бейнелейтін  туындылар, Б)  діни тақырыпқа арналған картиналар мен текті  адамдар  портреттері,  В) Әсемдік,  табиғат,  өмір шындығындағы  қарапайым шаруа бейнесі

 

  1. «Инфанта Маргарита»  кімнің  туындысы?

А)  Дюрер  Аьбрехт,  Ә)  Рембранд Харменс ван Рейн,

Б)  Веласкес Диего.  В)  Донателло

  1. «Төрт салт атты»  картинасының  авторы?

А)  Дюрер  Аьбрехт,  Ә)  Рембранд Харменс ван Рейн,

Б)  Веласкес Диего.  В)  Донателло

 

  1. Испанияның  ең  үздік  суретшісі

А)  Рембранд,  Ә)  Диего Веласкес,

Б)  Джотто ди Бондоне,  В)  Микеланджело

 

  1. Жоқшылықта өліп,  кедейлер  зиратында  жерленген  сурет өнерінің  ұлы  шебері

А)  Рембранд,  Ә)  Диего Веласкес,

Б)   Микеланджело, В)  Донателло

 

  1. Індет,  Соғыс, Ашаршылық және Ажал кімнің  шығармасында  және  қандай шығармада  көрініс тапқан?

А)  «Адасқан  ұлдың  оралуы»,   Ә)  )  «Аяусыз  жаза»,

Б) «Төрт  салт атты»,   В) «Инфанта Маргарита»

 

  1. Жарық пен  көлеңкені  батыл пайдалана білген  суретші

А)  Дюрер  Аьбрехт,  Ә)  Рембранд Харменс ван Рейн,

Б)  Веласкес Диего.  В)  Донателло

 

  • 48. Еуропа халықтарының ағарту ісі мен  әдебиеті
  1. Капиталистік қоғамды аямай сынаған,  әділетті қоғамды армандап, оның  қандай болатынын көз алдарына елестетуге тырысқан  жандар

А)  гуманист-жазушылар,  Ә)  мүсінші-суретшілер,

Б)  бай-манаптар,   В)  қарапайым шаруалар

 

  1. Біреудің  басына түскен  қайғыға  немқұрайлы қарай алмаған жазушы кім және қай жылдарда өмір  сүрген?

А)  Мигель де  Сервантес,  Ә)  Томас Мор,

Б) Уильям Шекспир, В)  Рабле  Франсуа

 

  1. Томас  Мордан  кейін оның идеясы қалай аталды?

А)  Кемел келешек,  Ә)  Орындалатын  арман

Б)  Қиял  утопия   В)  Қарумен басып алу

 

  1. 1547-1616 жылдары ғұмыр кешкен испандық ұлы гуманист  жазушы

А)  Мигель де  Сервантес,  Ә)  Томас Мор,

Б) Уильям Шекспир, В)  Рабле  Франсуа

 

  1. Мигель де Сервантестің  «Дон  Кихот» романы кай жылы жазылды?

А)  1596 ж  Ә)  1605 ж  Б)  1616 ж  В)  1665 ж

 

  1. Ежелгі кезбе рыцарьлық  кәсіпті қалпына келтіруді  ойлайтын кейіпкер

А)  Санчо,  Ә) Король  Лир,

Б) Дон  кихот,  В)  Пантагрюэль

 

  1. Барлық  өмірі  театрмен  байланысты  өткен  ұлы ағылшын  жазушысы

А)  Мигель де  Сервантес,  Ә)  Томас Мор,

Б) Уильям Шекспир, В)  Рабле  Франсуа

 

  1. Шекспир  қанша  пьеса  жазған?

А)  18  Ә)  28  Б)  100  В)  37

 

  1. Шекспирдің махаббат  пен    достықты  мадақтаған  трагедиясы

А)  Гамлет,  Ә)  Отелло,

Б)  Ромео  и Джульетта,  В)  Король Лир

 

  1. Француз  жазушысы  Рабле  Франсуа  қай жылдарда өмір  сүрген?

А)  1494 -1553 ж ,   Ә)  1494-  1556 ж

Б)  1495-1565 ж,     В) 1496-1556 ж

 

  1. Рабле  Франсуаның  ескі  феодалдық тұрмысты сықақ  етіп,  гуманистік  көзқарасты  қолдаған   фантастикалық  романы

А) «Мемлекетті жақсы ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы  туралы  алтын кітап»,

Ә)  «Дон Кихот»,   Б)  «Гамлет»,  В)  «Гаргантюа мен Пантагрюэль»

 

  1. Оның аты  Гомер, Данте,  Шекспирлермен  қатар қойылған  француз  жазушысы

А)  Мигель де  Сервантес,  Ә)  Томас Мор,

Б) Микеланджело , В)  Рабле  Франсуа

 

  1. Рабле  шығармашылығы Ресейде  қай  жылдардан  бастап  тараған?

А)  1916 ж,   Ә) 1917 ж

Б)  1918 ж ,   В)  1919 ж

 

  1. Гуманист  жазушылар  өз  шығармаларында нені  батыл  сынады?

А) феодалдық құрылыс  пен  католик  шіркеуін,  Ә) корольді,

Б) надандықты,   В)  кедейшілікті

 

  1. «Қой үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  арал»  еңбегін  жазған  кім?

А)  Мигель де  Сервантес,  Ә)  Томас Мор,

Б) Уильям Шекспир, В)  Рабле  Франсуа

 

 

  • 49. Ғылыми білімдердің дамуы
  1. Австралия  құрлығы қай  ғасырда ашылды?

А)  ХҮІ  ғасырда,  Ә)  ХҮІІ ғасырда,

Б)  ХҮІІІ ғасырда,  В) ХІХ ғасырда

 

  1. «Аспан  денелерінің айналысы туралы»  еңбегін жазған кім?

А)  Николай Коперник,  Ә) Бруно Джордано,

Б) Галилей Галилео, В)  Франсуа Рабле

 

  1. Коперник ашқан жаңалық не еді?

А)  Күн  Жерді айналады,  Ә) Жер күнді  айналады,

Б)  Аспан  денелері  өзін  өзі  аналады, В)  Аспан  денелері  бірін –бірі айналады

 

  1. Коперник өзінің ашқан жаңалықтарын неге ұзақ уақыт  жариялай алмады?

А)  Корольдің қолдамау  себебінен,  Ә)  Өзінің  ашқан  жаңалығына  сенбегендіктен,

Б) Шіркеудің қуғынға ұшыратып, елдің келемеж етуінен,  В)  Ашқан ілімін қарапайым халықтың түсінбеуінен

 

  1. Уақытында поптар  мен  діндарларды  келемеж еткен, адамдарды  жер мен  аспан  сырын ұғынуға шақырған  итальян оқымыстысы

А)  Николай Коперник,  Ә) Бруно Джордано,

Б) Галилей Галилео, В)  Франсуа Рабле

 

  1. Қай ғалым ғылыми көзқарасы үшін отқа өртелді?

А)  Николай Коперник,  Ә) Бруно Джордано,

Б) Галилей Галилео, В)  Франсуа Рабле

 

  1. 1609жылы алғаш  рет  Г. Галилей өзінің телескопымен нені  анықтады?

А)   Аспан  планеталарын  түгелдеп  шықты, Ә) Аспан әлеміндегі  ағатын  жұлдыздар  туралы  жазды, Б)  Ай мен  Жердің  айырмашылығын  дәлелдеді, В)  Айдың бетінің  тегіс еместігін,  таулары мен аңғарларын анықтады

 

  1. Аристотель  мен  Птоломейдің іліміне қарсы соққы  берген  кім?

А)  А)  Николай Коперник,  Ә) Бруно Джордано,

Б) Галилей Галилео, В)  Франсуа Рабле

 

  1. Галилей Галилео  кімнің  ілімінің  жақтаушысы болып қала берді?

А)  Николай Коперниктің,  Ә) Бруно Джорданоның,

Б) Аристотельдің,  В) Птоломейдің

 

  1. Қарт  оқымыстыға қай жылы азап  соты  шешім шығарды?

А)  1630 ж  Ә)  1631 ж  Б)  1632 ж  В) 1633  ж

 

  1. Галилей Галилеоға астрономиялық  кітап  жариялауға рұхсат  етпегенде  ол немен  айналысты?

А)  Тамақ  өндірісімен,  Ә)  Ақындықпен,

Б)  Механика саласынан  жаңалықтар  ашты   В)  химия  саласынан  жаңалықтар  ашты

 

  1. Ғылым тарихында тұңғыш рет телескопты  құрастырушы

А) Леонардо  до  Винчи,  Ә)  Галилео  Галилей,

Б)  Николай Коперник, В) Джордано  Бруно

 

  1. Коперниктің  «Аспан  денелерінің  айналысы туралы »  еңбегі қай жылы  жарық  көрді?

А)  1543  ж,  Ә) 1548 ж,   Б)  1564 ж,  В)  1562

Пайдаланылған  әдебиеттер: 

  1. С. Мәшімбаев,  С.  Тортаев,   М. Мәженова, В Ткаченко  «Орта ғасырлардағы Дүние жүзі  тарихы» Жалпы білім беретін орта мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. «Атамұра» баспасы. 2007
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *