Басы » Tәрбие сағаттары » ҮЙРЕТУДЕН ЖАЛЫҚПАЙТЫН ҰСТАЗ

ҮЙРЕТУДЕН ЖАЛЫҚПАЙТЫН ҰСТАЗ

ҮЙРЕТУДЕН ЖАЛЫҚПАЙТЫН ҰСТАЗ

                   

Балапашева Гүлмира Бидоллақызы

« № 7 орта мектебі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Рудный қаласы

  

                    Ұстаз болу – жүректің батырлығы

                        Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

                      Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

                      Ұстаз болу – адамның асылдығы, — деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.  Өз қалаған мамандығының қыры мен сырын меңгере білуі мұғалім үшін өз ісін жауапкершілікпен ұғынуында деп білемін. Осындай жандардың бірі 1959 жылы Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келген – Рамазанова Раушан Даутбайқызы. Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, аталған оқу орнын 1981 жылы аяқтады. Тасты-Өзек 8-жылдық мектебінде ең алғаш еңбек жолын мұғалімдік қызметін бастады. 1990 жылдан бастап Қостанай қаласындағы №24 бастауыш қазақ мектебінде 17 жыл қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Рудный қаласындағы № 7 қазақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. Раушан Даутбайқызы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда оқытудың түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, өз бетімен білім алуға ұмтылдырды. Күнделікті сабақты өмірмен, ғылыми жаңалықтармен ұштастырып отырады. Раушан Даутбайқызының тәрбиелеген оқушылары өзіндік ой-пікірі, бағалау түйіні қалыптасқан, ойларын еркін жеткізе алатынын әріптестері мақтанышпен айтады.

Бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін табандылығымен, айналасындағыларды ортақ іске жұмылдыра алатын, оларға басшылық жасай да, бағына да білетін мұғалім деп бағалайтын әріптестері оны үлгі тұтады.

Қашанда игілікті істің қасынан табылып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбиені сіңіру жолында ізденісі мол Раушан Даутбайқызының жетістіктері де жетерлік.  Атап айтсақ, 1986 жылы Облыстық білім бөлімінің мақтау грамотасы, 2001 жылы Қостанай қаласының кәсіподақ ұйымының мақтау грамотасы, Қостанай қалалық білім бөлімінің мақтау грамотасы, 2007 жылы «Үздік сынып жетекшісі» атанса, 2008 жылы «Ел мен ұрпақ тағдырындағы уақыт сабақтастығы» атты ғылыми-конференцияда үздік         қатысушы тағы да басқа сайыстардың жүлдегері.

                                 Ақырын жүріп, анық бас,

                                 Еңбегің кетпес далаға.

                                Ұстаздық еткен жалықпас,

                                 Үйретуден балаға,-

Абайдың осы  өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Раушан Дәутбайқызының қызмет жолына биыл 32 жыл. Осы 32 жылдың ішінде ол кісі мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, оларға саналы білім беріп, мектеп қабырғасынан ұшыра білді. «Ұстаздан-шәкірт озар жарысқанда» дегендей Раушан Дәутбайқызының қанатының астынан шыққан шәкірттері қазіргі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі сала бойынша қызмет атқаруда. Міне, бұл Раушан  Дәутбайқызының еңбегінің жемісі.

Мұғалімдік еңбек жолында шығармашылығымен, іздемпаздығымен,

еңбекқорлығымен әріптестер  арасында үлкен бедел мен абыройға ие. Раушан Даутбайқызы ХХІ ғасырдың білім бәйгесін бағындырар бәсекеге лайық тұлға тәрбиелеуде үйретуден еш жалыққан емес. Осындай ұстаздан алар тәлім – тәрбием, үйретері мен үйренеріміз мол.

 

Балапашева Гүлмира Бидоллақызы

« № 7 орта мектебі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Рудный қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *