Басы » Бастауыш сыныптар » 10 саны және цифры. Дециметр

10 саны және цифры. Дециметр

Сабақтың тақырыбы: 10 саны және цифры. Дециметр 

Сабақтың мақсаты:

1.10 саны және цифрымен таныстыру. Бір таңбалы және екі таңбалы сан туралы түсінік беру.  Жаңа өлшем бірлік дециметрмен таныстыру.

2.адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, ұқыптылыққа  баулу.

3.Есептеу дағдысын   қалыптастыру. Алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  натурал сандар қатары.

Техникалық құрал: интерактивный тақта.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

                                      Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу;
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
  3. Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау:

1) 9 санының құрамын анықтау

  1. Сандар қатарында 9 саны қай саннан кейін келеді?
  2. 9 саны қандай сандардан артық?

9>8   9>7   9>6   9>5   9>4   9>3  9>2   9>1   9>0

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ. 

а) 10 санын шығарып алу үшін не істейміз?

9+1   8+2   6+4   7+3   5+5

  • Сандар қатарында қай саннан кейін келеді?
  • 9 санынан кейін тұрады.

10 санын жазу үшін жаңа цифр алынбайды, бірақ ол белгілі екі цифр 1 және 0 арқылы білгіленетінін жазылып көрсетіледі. 1.2.3.4.5.6.7.8.9 – бұлар натурал сандар. Цифрлар. 10 саны сияқты басқа сандар да осы цифрлармен жазылады. 10 саны екі таңбалы сан екенін түсіндіру. 10 санының сандар қатарындағы орнын анықтау. 10 санының цифрымен таныстыру.

1-тапсырма: Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру.

Суреттерге қарап жаңа жыл жақындап қалғанын, оған балалар дайындала бастау керек екенін айтып, Жаңа жыл кешіне арнап неше қоянның маскасы жасалды, ал түлкінікі ше?. Барлық маска қанша болды? – деген сұрақтар арқылы 9 қоянның маскасына тағы 1 түлкінің маскасын қосқанда барлығы 10 маска болады, яғни 9+1 = 10 «он» деп санды атап, оны жазу.

Кері есеп құрастыру. Барлығы 10 маска еді, біреуі түлкінікі, қалғаны қояндікі. Қоянның маскасы нешеу? 10 – 9 = 1 болады.

2- тапсырама:

Кесіндінің бойына сантиметрлік жолақша неше рет салынғанын айқындау, оның 10 см екенін санау. 10 см болатын ұзындық 1 дм аталатыны, 10 см = 1 дм түрнді жазылатынын түсіндіру. Дәптерге сызу, жазу.

Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Дециметр туралы түсінік беру.

 

                   

10 см

3 – тапсырма:

Салыстыру.

10 см  > 9cм

9 см < 10 см

Дәптермен жұмыс: 10 10 10 10

4 – тапсырма:

Қалып қойған сандарды атау.

 

Сергіту сәті:  1-2-3  бойға жинап күш,

1-2-3 қарлығаштай ұш.

5-тапсырама: Теңдіктер құру. Оларды оқу.

6 – тапсырма: сандар құрамын қайталау.

7 – тапсырма: тиісті сандарды тауып кою.

8 – тапсырма:

Логикалық есеп. Сыныпта 10 парта бар. Бір партада бір қыз бір өзі ғана, ал қалғандары бір ұл, бір қыздан отырса, сыныпта неше оқушы болғаны?

Ү .  Білімді тексеру.

  • Бүгін қандай санмен таныстық?
  • 10 саны.

ҮІ. Үйге тапсырма. №5 – мысал. 9 және 8 сандарын шығарып келу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *