Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы
«С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
нформатика пәні мұғалімі
Базарбаева Айткул Кулмаханбаетовна
Тақырыбы: Пернетақта.Пернелер тобы
Күтілетін нәтиже:
Білім | · Пернетақта жайлы түсінеді.
· Пернетақта бөліктерін таниды. |
Түсінік | · Пернетақтаның құрамдас бөліктерінің сипаттамаларын түсінеді.
· Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу құралы екендігі туралы қорытынды шығарады. |
Қолданыс | · Пернетақталар түрлерін және жасайтын әрекеттері арасындағы байланысты анықтап, тәжірибе жүзінде қолданады. |
Анализ | · Пернелер арасындағы байланысты анықтап саралайды. |
Синтез | · Qwerty пернетақтасы мен пернетақталар арасындағы байланысты адам өміріндегі маңыздылықпен тұтастырады. |
Баға | · Пернетақта және оның құрамдас бөліктерін қайта қарастырып, Qwerty пернетақтасы жайлы түсінікті түйіндейді. |
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (13 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
- Бағамдау — бағалау(4мин.).
Сабақ типі: Сабақты жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі — иллюстративтік, репродуктивті, топтық.
Мұғалім іс — әрекетінің тәсілі:
- Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
- Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
- Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
- Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
- Пернетақта блоктары, меңзерді басқару, пернетақтаның қос пернелер
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау |
- Ақпарат көздері:
- Информатика оқулығы 5 – сынып. Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун,Б.Қ.Әбенов
- Интернет материалдары
- Тапсырмалар
Оқушы жетістігін бағалау:
- Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Бонус — балл тапсырмасы:
Басқару пернелерін және олардың қызметін сипаттап бер.
Үй тапсырмасы:
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
- Анықтамаларды жаттау.
- Келесі тапсырманы орындау:
3.Кез келген шағын мәтінді пернетақтаның қызметін пайдалана отырып көшіріп жазу.
Тақырып жоспары:
- Пернетақта және оның қысқаша тарихы.
- Пернетақтаның құрамды бөліктері және олардың қызметі.
Тұсаукесер тізімі:
Пернетақта дегеніміз не?
Ø Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез — келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Ø Қазіргі компьютерлердің 102 — 104 перне болады |
Пернетақта тарихынан үзінді
QWERTY — пернетақтаның ең кең тараған түрі 1867 — 1971 ж.ж. Кристофер Шоулздың алғашқы тәжірибелік жазба машиналары әліпби тәртібі бойынша орналасқан пернелердің екі қатарынан тұрған. Бұндай тәртіп иіндердің бір — бірімен жиі соғылуына әкеліп соқты. Осы мәселені шешу барысында Кристофер Шоулз пернелердің орналасуын өзгерте отырып, бірнеше рет тәжірибе жасаған. Нәтижесінде ол Ремингтон 1 — ді жарыққа шығарды. Бұл өндірістік мақсатта шығарылған алғашқы жазба машинасы еді, пернетақтада QWERTY тәртібі қолданылған. |
Пернетақта
1. Функционалды пернелер 2. Символдық пернелер 3. Басқару пернелері 4. Меңзерді басқару пернелері 5. Цифрлық пернелер 6. Түзету пернелері |
Функционалды пернелер
Ø Белгілі командалар орындау. |
Символдық пернелер
Ø Кез — келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізу. |
Басқару пернелері
ENTER — Жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған. Нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады. CAPS LOCK — Бұл пернені бір рет басса, бас (үлкен) әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса,қайта кіші әріптер енгізіледі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. SHIFT — Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. BACKSPACE — Алдыңғы символды өшіреді. |
13 — слайд Меңзерді басқару пернелері
§ Символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған.
Ø Симводық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді Ø Меңзерді экранда жылжытуға арналған. |
14 — слайд Цифрлық пернелер
Ø Цифрлық ақпаратты компьютерге енгізеді Ø Меңзердің экранда қозғалуын басқарады NUM LOCK — Пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады. |
|
Қос пернелердің қызметі
v ALT+SHIFT – пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру. v CTRL+C – бөлініп алынған керекті объектіні көшіру. v CTRL+V – сол көшірілген объектіні орнын ауыстырып немесе басқа орынға қою. v CTRL+S – терезедегі файлды немесе документті сақтау. |
Кім жүйрік??
Ұзын тұра жалқаубек, Тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды. |
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
- Символдық пернелердің оң жағынды орналасқан пернелер бөлігі қалай аталады?
- Пернетақтаның негізгі қызметі қандай?
- Пернетақтадағы пернелер саны қанша?
ІІ деңгей тапсырмалары
- Функционалды пернелер латынның қандай әріптерімен белгіленген??
- Жұмбақтың жауабын тап:
Компьютер алдында отырмын мен,
Мәтін термек жайыммен.
Ауысқан екен шет тілге,
Қазақша қаріппен жазар ем,
Енді қандай перне теремін?
.
бағамдау — бағалау |
Сабақты әсерлі етіп жазыпсыз.Сізден биік белестерді көруге болады.