Жаңаөзен политехникалық колледжінің
«Арнайы пән» оқытушысы:
Калдибаева Маржан Абдикадировна
Сабақтың тақырыбы: «Қаржылық есептілікті құру және ұсыну»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттердің тақырып бойынша алған біліммдерін, тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: студенттердің шығармашылық, экономикалық өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, ой – өрісімен танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын ояту, эмоцияларын басқаруға, тұлға ретінде өзін – өзі дамытуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: Аралассабақ.
Сабақтың технологиясы:Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Ой қозғау, жеке тұлғаға бағыттылған тапсырмалар ұсынылады. Сыни тұрғыдан алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, жаңа ақпаратты өз бетінше қорыта білуге үйренеді.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау, ой туғызу, бағалау.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, құжаттар, тірек сызбалар, шоттар жоспары, калькулятор, төлем құралы болып табылмайтын ақшалар,
Пәнаралық байланыс:Бухгалтерлік есеп, Экономикалық теория негіздері, АҚН (ақша,қаржы,несие), Математика, Қазақ әдебиет.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.
- Студенттерді түгендеу.
- Студенттердің зейінін сабаққа аудару.
- Студенттерді екі топқа бөлу.(экономикалық терминдер арқылы)
- Студенттерге алдын ала бағалау ақша беріледі. Сабақтың әр бөлімінде студенттер 1000, 2000 тг ақшалармен өз білімдерін бағалап отырады.
ІІ. Ой қозғау сұрақтары:
- Бүгінгі оқу іс – әрекет қалай аталады?(қаржылық есеп)
- Қаржылық есеп берушілердің пайдаланушылар қатары?
- қаржылық есеп мақсаты?
- қаржылық есепте өзгеріске қандай өтемділік әсер етеді?
- қаржылық есеп қандай элементтерден тұрады?
- Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарты?
- Қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар қатарына?
- «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заң қай жылы енгізілді?
ІІІ. Жаңа сабақ түрін «Мағынаны тану әдісі» арқылы түсіндіру.
(«Мағынаны тану әдісі» — жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды, тапсырмалар орындайды.)
Жаңа сабақты үйге берілген тапсырма арқылы ашу.
Жаңа тақырып: «Бухгалтерлік баланс»
Қаржылық есептілікті құру мынадай нысандардан тұрады:
- Бухгалтерлік баланс
- Табыстар мен шығыстар туралы есеп
- Ақша қозғалысы туралы есеп
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді. «Баланс» термині латын тілінене аударғанда «тепе-теңдік», «таразы» деген мағынаны білдіреді.
Баланс екі бөліктен тұрады: активті және пассивті. Баланс бабы дегеніміз шаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары.
Баланс активінде: 1. Қысқа мерзімді активтер,
- Ұзақ мерзімді активтер бабынан тұрады.
Баланс пассивінде: 1. Қысқа мерзімді міндеттемелер;
2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
- Меншікті капитал.
Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең
АКТИВ=КАПИТАЛ + МІНДЕТТЕМЕЛЕР
КАПИЛАЛ = АКТИВТЕР-МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Мұндай теңдікті баланстық теңдеу деп атайды.
ІҮ. Топпен жұмыс (Мақал-мәтелдер, сұрақтар бойынша бухгалтерлік терминді табады. Жауабын қазақша, орыс тілі мен ағылшын тіліне аудару.)
- Иподром ойыны. 1000 тг бойынша бағаланады.
1.«Ақша – ақшаға келеді» (ақша – денег – money)
2.«Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей» (еңбекақы-заработная плата – siaty)
3.«Базары жоқ байымас» (табыс – прибыл-profit)
4.«Шығысы шықпай кірісі кірмейді» (шығыс – рассход -consumpion)
2000 тг бойынша сұрақтар жасырылып, бағаланады.
- Кәсіпорынның ақшалары кірістелуі мен шығысталуы қандай операциялар есебінде жүреді?(касса – касса – cashbox)
- Баланстың қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімінде 3100 шотында не жазылған? (салық – налог – tax)
- «Құжат толтыру» (Постер қорғау)
1топ баланс активтері
2топ баланс міндеттемелерін
- «Тапқыр болсаң озып көр»
Интеративтік тақтадағы есепті 2 топтан бір студенттен шығып баланс активі мен міндеттемелердің теңдігін тексереді.
- «Қызықты ребус» жарыс ойын
Берілген карточкадағы ребусты 2 топ өзара шешіп, шыққан бухгалтерлік терминдерге анықтама береді.
Ү. Сабақты қорытындылау.
Қаржылық есеп берудегі бухгалтерлік баланс туралы не білдіңіздер?
(әр студенттің жеке ойы).
ҮІ. Бағалау.
- Студенттің өзін – өзі қорыта бағалауы.
- Жинаған ақшалары бойынша топты бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
Дәрісті оқып, баланс құрып келу.
Бағалау карточкасы
№ | Бағалау | А | В | С | D |
1 | Студент өзін-өзі бағалауы
Аты-жөні, тегі_________________________
|
||||
2 | Мұғалім бағалауы | ||||
3 | Қорытынды бағалау
[bws_related_posts] |