Басы » Баяндамалар » HyperCam программасын қолданып виртуалды мектептерге арнап видео сабақ дайындау

HyperCam программасын қолданып виртуалды мектептерге арнап видео сабақ дайындау

HyperCam программасын қолданып виртуалды мектептерге арнап видео сабақ дайындау

                                                      А.А. Куйкабаева

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, физика-техникалық факультеті, жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасының доценті, PhD

Бүгінгі таңда оқу үрдістеріне қойылып отырған талаптардың бірі виртуалды академияда курс ашу болып отыр. Ол үшін оқытушы платформаға ілетін курстың жоспарын, дәрістерді, семинар сабақтарын, зертханалық сабақтарды электронды түрде дайындауы керек. Дәріс жазуда жеңіл HyperCam прогаммасы экрандағы әрекеттерді видео файлдарға айналдыру, жазылған роликтерді өңдеу мүмкіндігін туғызады. Презентация, демо-роликтер, фильмдер, музыка, ойындар жазуға ыңғайлы интерфейс, жүйелік трей және ыстық пернелер сыяқты басқару үрдістерін өз ыңғайымызға келтіріп алуға болады. HyperCam3 қолданылып «механика» курсы бойынша: Материялық нүктенің кинематикасы. Релятивистік механика.

Күштер. Ньютон заңдары. Күштердің түрлері. Материялық нүктелер жүйесі. Сақталу заңдары. Импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары. Жұмыс және энергия. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Релятивистік механикадағы сақталу заңдары.

Инерция тензоры. Инерция моменті. Қатты дененің кинетикалық энергиясы. Бір нүктесі бекітілген қатты дененің қозғалысы. Инерциялық емес санақ жүйелері. Тартылыс өрісіндегі қозғалыс атты 14 дәріс жазылды.

Видео жазуға келетін болсақ,  бірінші қадамымыз 1-суреттегідей HyperCam3-ті қосамыз.

1-сурет. HyperCam3 бас терезесі.           2-сурет. Таңдалған аумақ.


         Видео жазбас бұрын қажетті аумақ таңдалынады.  «Область» пернесі басылады. Экранда жазуға қажетті аумаққа кіреді, тышқанмен аумақтың сол жақ жоғарғы бұрышы түртіліп тышқанмен төменгі оң жақ бұрышы көрсетіліп, координаттары анықталып, аумақ өлшемі беріледі. Таңдалған аумақ 2- суреттегідей қызыл түспен қоршалады. Видео жазып бастау үшін үлкен қызыл перне басылады.  F2 жазуды бастауға немесе тоқтатуға арналған ыстық перне.  Жазу басталғанда HyperCam терезесі жоғалып кетуі керек, әйтпесе ол да видеоға жазылып қалады.  Видео жазу үзілісі болғанда тышқан көрсеткішін HyperCam Toolbar апарып Стопты басады. F3 – пен де тоқтатуға болады.

 HyperCam 3 толықэкранды, терезені ғана қамтитын, аумақты видеолар жаза алады.

Экранның кез-келген аумағындағы видеоны жеңіл жазып алуға болады. Бұл мысалы бір қосымшаның  бөлігі немесе экранның аумағы болуы мүмкін. HyperCam қосылады, Область пернесі басылады. Қажетті аумақ таңдалады. Қызылмен қоршалынады. Аумақ өлшемі тышқанмен белгіленіледі немесе қажетті аумақты негізгі экранда қолмен таңдайды. Жазуды бастау үшін үлкен қызыл перне басылады. Жазуды толқтатып сақтау үшін F3 басылады.

Видеоға жазу қосу

3-сурет. Видеоға жазулар енгізу.

           Экраннан видео жазғаннан кейін түсініктеме немесе талқылау жазуға, шетелдік көрермендерге арнап субтитрлар қосуға болады. Видео жазып бастамас бұрын жазуларды дайындап алады. 3-суретте көрсетілген Надписи секциясына кіреді. Бұл жерде экрандағы бар жазулар тізімі шығады. Алдымен бос тұрған жерге пернесін басып жаңа жазулар енгізіледі.

4-сурет.

Тізімді екі рет басып қажетті мәтінді («Моя первая надпись») жазады. Мәтінді өзгерту үшін жазуды екі рет тышқанның оң жағымен түртеді. Жазудың өлшемі мен орналасуы белгіленеді. Жазуларды ыстық пернемен шақырады немесе таймер арқылы пайда болу уақытын белгілейді. Екі нұсқа да қосымша құрастыруды талап етеді, сондықтан пернесі басылады. 4- суреттегі «Настройки» терезесі пайда болады. Осы жерде ыстық пернелерді орнатады. Экранда қызылмен қоршалған жерге пернетақтадағы кез-келген қалаған пернені жазуды шақырудың ыстық пернесі қылады. Мысалы, Ctrl+F. Опцияларды белгілеп пернесін басамыз. Ctrl+F арқылы видео жазылып жатқан кез-келген қажетті уақытта дайын тұрған мәтінді пайда болғызып жоғалта алады.  

Жазылған видеоның қажет емес жерлерін кесіп тастауға, өңдеуге болады. Пернесін басады. Қажетті видео ашық тұрған сәтте HyperCam Media Editor қосамыз. Уақыт шкаласындағы үш бұрыш маркер арқылы қажет емес үзіндіні белгілейді.

Сол жақ маркер түртіледі. Ол сары түсті болады. Уақытты көрсететін аумақта қанша уақыты қажет емес екені жазылады. Видеоның соңғы үзіндісінен қыю үшін оң жақ маркер таңдалады. Уақыт көрсетілетін аумақта видеоның толық уақыты көрсетіліп тұруы керек. Өзгеріс енгізілген үзіндіні сақтау үшін Монтаж пернесі басылады.  Жазуды өзгерту үшін электронды жазулар қолданылады.

5- сурет. Мәтінді өзгерту.

Мәтінді өзгерту 5-суретте белгіленген сандар ретімен төмендегідей жолмен жүргізіледі: 1. Мәтін аумағы. Жазу мәтінін енгізеді.

  1. Шрифтын көрсету: стилі, түсі, түрі т.б.
  2. Бұл екі опциялар қарастырылып отырған аумақтың жоғарғы немесе төменгі жағымен біріктіріліп бірге қозғалтатын «жабыспақ» жазулар жазу мүмкіндігін береді.
  3. Ауыстырғыштар жазудың орналасуын көрсетеді.
  4. Жазылып отырған видеоның мәтінін көрсететін немесе көрсетпейтін кез-келген  Ctrl, Shift немесе Alt модификаторлардың қосындысын қолдануға болады.    
  5. Таймер бойынша пайда болатын немесе тығылып тұратын мәтінді жазуға арналған  аумақ.
  6. Мәтінге макрос енгізеді.  Төмендегідей макростар бар:
  • Time — видео жазылып жатқан уақытты қояды. Мәтін жазуы жаңартылып отыру үшін «Обновлять каждые»басылады.
  • Date — видео жазылып жатқан күнді қояды.
  • Key – мәтін жазуына басылған перне атын қояды.
  • Uname — вставляет имя текущего пользователя.
  • File  және path – ашылып тұрған видео атын және жолын көрсетеді.
  1. Барлық жаңа видеоларға бірден автаматты түрде қосылуы үшін осы опцияны таңдаймыз.
6- сурет. Барлық видеода автаматты түрде қосу.

6- суретте көрсетілгендей (1) мәтін енгізеді, (2) қосып  (3) –ке «7» жазса қажетті мәтін видео жазып бастаған сәтте пайда болып жетінші секундта жоғалып кетеді. Мәтіннің визуалды басқарылуын, өлшемін, орналасуын, орнатып пернесін басып сақтайды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *